Фил. ғыл канд., доцент Қ 56. Қожекеева Б. Ш. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы: Зар заман әдебиеті


Нарманбет шығармаларының жариялануы



Pdf көрінісі
бет17/36
Дата20.02.2023
өлшемі1,17 Mb.
#169452
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36
Нарманбет шығармаларының жариялануы 
Нарманбеттің өлеңдері. – Алматы: ҚМКӘБ, 1939. 
Нарманбет Орманбетулы // Поэты Казахстана. Ленинград: - 
«Советский писатель», 1978. С. 345-351 
3. Нарманбет. 
Сахараға қарасақ. //Жұлдыз, 1990 № 2. 151-162 –бб. 
4. 
Нарманбет.Шығармалары. - Қарағанды: Болашақ - баспа, 1998. 
356 – б. 
5. 
Нарманбет Орманбетұлы. Өлеңдер. - Алматы: Алаш, 2004.320- б. 
 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.
Нарманбет Орманбетұлының өмірі. 
2.
Нарманбет және заман өзгерістері. 
3.
«Аждаһаның аузында» өлеңінің идеясы. 
4.
Нарманбеттің күрескерлік бейнесі. 
5.
Нарманбеттің тіл ерекшелігі.
 


59 
3.ТАРАУ. А.БАРМАНБЕКҰЛЫНЫҢ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІРІ 
3.1. Өмірі мен шығармашылығы 
А.Барманбекұлы қазіргі Алматы облысының Райымбек 
ауданындағы Қақпақ деген жерде 1866 жылы дүниеге келген. 
Зерттеушілер Х. Арғынбаев, М. Мұқанов, В.Востровтың Қазақ 
шежіресі хақында бірігіп жазған еңбегі [37, Б. 59], 
Т.Қаупынбаевтың [38], О.Халидуллиннің [39] мәліметтері мен
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қолжазба 
қорына Ғ.Жантөреұлы тапсырған шежіредегі [40] деректерге,
ақынның ұрпағы Шоғанбай ақсақалдан алынған естеліктер 
негізінде Албан Асанның шыққан тегі туралы бірсыпыра мағ-
лұмат беруге болады.
Аты аңызға айналған ұлы жүз Бәйдібек атаның әйелі 
Домалақ енеден (Нұрила) Жарықшақ (Тілеуберді), Жарық-
шақтан Албан, Суан, Дулат болып тарайды. Албаннан Сары, 
Шыбыл сынды екі ата тарайды. Албанның Сары руы өз ішінен 
екіге айырылады: Сүйерқұл мен Таубұзар (Сүйменді), бірақ бұл 
есімдер халық ішінде ата болып аталмай, олардың балалары 
атында бергі рулар кездесетіндіктен, этноним ретінде алын-
байды. Мәселен Сүйерқұлдың төрт ұлы: Шоған абыз, Досалы, 
Қожбамбет, Жарты мен қызы Әлжан (Алжан) бар. Әлжан 
(Алжан) кірме Мәмбетке тиіп, ата-анасының қолында қалып,
Аламан, Сырымбет, Шағыр, Қиғылық деген төрт ұл табады. 
Сырымбет, Шегір, Аламан, Хангелді. Әлжанның жоғарыдағы 
төрт бауыры мен оның ұлы ел аузында «Сегіз Сары» деп 
аталады. Ал Сырымбет үш әйел алған кісі. Сол әйелдерінен Әлі, 
Көшек, Есенгелді, Есенғұл, Жангел, Хангелді есімді балалар 
туған. Асанның арғы бабасы Алжанның Әлі деген немересінен 
тарайды. Әліден Көшек, Көшектен Есенгелді, Есенгелдіден 
Бәйіт, Бәйіттен Бейбіт, Бейбіттен Қосуын, Қосуыннан Бәйімбет, 
Бәйімбеттен Бәрменбек, Бәрменбектен Асан. Хангелді Жоңғар 
шапқыншылығына қарсы күресте Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай секілді айтулы 
батырлармен үзеңгілес жүріп, асқан ерлік көрсетіп, туған жерін 


60 
жаудан қорғаған әйгілі батыр болған. Оның Түке деген бала-
сынан туған Райымбек те бабасының жолын қуып, ұзақ жылдар 
бойы бел шешпей жорықта жүрген халық батыры, әулие кісі. 
Олардың аңызға айналған ерлігі мен батылдығын, әулиелігі мен 
көріпкелдігін қайта жаңғыртып, оған жан бітірген үлкенді-
кішілі шығармалар қазақ әдебиетінде жетерлік. Асан ақын 
батырлығымен алты алашқа танылған Райымбек бабасын үнемі 
пір тұтып, аруағына сыйынып отырғанын мынадай өлең жолда-
рынан байқауға болады: 
Албанға болған екен алтын қазық, 
Қаріп-қасер жетімге болған азық. 
«Азаматқа ғибарат сөз болсын» деп, 
Райымбек сыйынып аруағына, қойдым жазып.
Барманбектің әйелі бірден төрт бала («екі егіз» деген ма-
ғынада) көтереді. Дүниеге үш ұл, бір қыз келеді. Қыз туа сала 
шетінеп кетеді. Үш ұлдың үлкені Боқбай, ортаншысы Асан, 
кішісі Жанқазы. Райымбек ауылында тұратын Асан ақынның 
ұрпағы Шоғанбай Мұсаұлының деректері бойынша Асанның 
соңында Ысқақбек, Рыскелді, Жақыпбай атты ұлдары мен 
Алтын дейтін қызы қалған. Әйелі Мөрібала ерте қайтыс болып 
кеткендіктен, жас балаларын келіні Мырзеке асырап, ер жет-
кізген. Ысқақбек пен Рыскелді заман қыспағынан 1933 жылы 
Қытай жеріне өтуге мәжбүр болады. Ал, туған жерінен қоныс 
аудармаған Жақыпбай деген баласы 1942 жылы Ұлы Отан 
соғысында қаза табады. Оның жалғыз баласы Жұмаш Райымбек
ауданының Қаратоған аулында тұрған. Қазір Талғарда тұратын 
оның екі ұл, үш қызы бар. Асанның Алтын деген қызынан туған 
балалары бар. Ал, Боқбайдың Смажай, Ережеп деген балалары 
Қытай жерінде. Жанғазының ұрпақтары да Қытай жерінде. Ал-
тыннан Мұқаметжан, Тұрсынбүбі, Жұман, Ханымқан, Әйімқан, 
Үкі, Әбдіғали туған. Жанғазының қызы Күміс, оның ұрпақтары
Иманалы, Нұрғали Нарынқолда тұрады. Міне, осындай дерек-
терге сүйене отырып, Асан молданың шыққан тегі мен тұқым-
жұрағаты жөнінен хабардар боламыз. Ақын 1916 жылы көк-
темге қарай, яғни ұлт-азаттық көтеріліс басталардан аз ғана уа-
қыт бұрын қайтыс болған. Денесі Қақпақ ауылдық аймағына 


61 
қарасты Көксай қорымына жерленген. Осы деректерді біз Асан 
ақынның жиені Шоғанбай ақсақалдың ауызша айтқан естелік-
теріне сүйене отырып келтірдік. Ш.Мұсаев ақсақал 1945 жылы 
қазіргі Райымбек ауданындағы Көкбел аулының (ол кезде 
Сталин атындағы колхоз) шопаны Қожеке қарияны іздеп ба-
рады. Іздеу себебі: ол кісі Албан Асанмен ұзақ жыл көрші тұр-
ған екен. Сонда Қожеке қария 1906 жылдан бастап жаз жай-
лауда, қыс қыстауда бірге болғандығын айтып еді деп келеді 
естелікте. 1916 жылы Көкбел жайлауында қоныстас болып бірге 
отырғанда таңертең молдекеңнің үйіне сәлем бере кірген 
Қожеке Асанға заманның бет алысының жақсы болмай тұрға-
нынан қорқатынын айтады. Асан ақынды да көптен бері мазалап 
жүрген сұрақ болғандықтан, сұрақтың шешімін ол былай деп 
түсіндіреді: «Меніңше жақында Албан мен Бұғы елі Қытай же-
ріне ауады. Себебі орыстар жердің тәуірін тартып алып жатыр. 
Екіншіден, енді орыс патшасы қазақ-қырғыз жастарын майданға 
алып, соғыс болып жатқан жерге жер қазғызып, бекініс жаса-
тады. Содан ел жерін, атамекенін тастай көшер. Содан кейін мен 
де о дүниелік болармын. Қожеке, саған аманат: мені Үлкен Қақ-
пақтағы Көксайға апарып қойыңдар – дейді. Сол жылы шы-
нында да дүрбелең басталып, ақын 1916 жылы қайтыс болады. 
Қожеке қария молдекеңнің аманатын орындап, Көксайға апарып 
қойғандығын, қайтыс боларында Асан ақын тастап кеткен 
қолжазбаларды заманның әрқилы жағдайларына байланысты 
Қарасай деген жерде тастың астына көміп тастап, кейін таба 
алмай қалғандығын айтады. Кейін ел: «Ақынның басына жеміс 
ағашы өсіпті», – дегенді айтып жүрді» [41] деп сөзін қорытады 
ақсақал.
Асанның замандасы Қожеке ақсақалдың оның туған жері 
мен қайтыс болғаны туралы айтқан деректері кейінгі жылдары 
жазылған еңбектермен үндесіп жатады. Осы сөзімізді ақынның 
өмірі 
мен 
шығармашылғы 
туралы 
алғаш 
жазылған 
І.Жансүгіровтің мақаласы да растайды: «Ақын Асан Алматы 
облысы, Кеген ауданындағы (Жаркент уйезі) Алжан руынан, 
1916 жылы 50 жасында дүниеден қайтқан. Және Асан туралы 
сол елдің адамдарының айтуынша: Асан бір ат, бір бұзаулы 


62 
сиырдан дәулеті артылмаған жұқана, молда кісі, молдалығын 
бұлдап, оны іске асыра да қоймаған адам. Тек бес намазды 
оқығанда оқып, оразаны қаза қылмай, дінге ықыласты болып, 
ығы келсе, әрбір ауылға қоңсы қонып, төртті-бестілеген бала-
ларға қой, серкешке хат оқытарлық молда болған. Асан туралы 
әзірше долбарлап бар білгеніміз де осы-ақ» [42, Б. 356].
Сонымен бірге Асан ақын өз заманының білімді, көзі 
ашық адамы болған. Ауыл молдасынан алған білімімен ғана 
шектеліп қоймай, білімін ұштап, жетілдіре түсу жолында 
Тәшкен, Бұқара, Самарқан, Ашхабад шаһарларын аралап үнемі 
іздену үстінде болғаны аян. Орыс тілін үйренуге де ден қойған. 
Ол жөнінде Асанның көзін көрген шәкірті Жанәбіл Тоқанұлы 
ақсақал былай дейді: «Мен 1905 жылы 9-10 жасымда Асан 
молданың үйінде жатып, арабша хат таныдым. Әкем Тоқан екеуі 
әңгімелесіп отырғанда Асан молда өзінің Тәшкен, Бұқарадан 
білім алғаны жайлы әңгімелейтін еді». А.Барманбекұлының 
білімге құштарлығын, өз бетінше іздене білгендігін Т.Әлбеков 
те ерекше атап өткен болатын: «Алғашында ауыл молдасынан 
тіл сындырған Асан 1875 жылы шамасында Бұхара қаласына 
барып, сондағы діни оқу орындардың бірінен тәлім алады. Араб, 
парсы тілдерін меңгеріп, өздігінен орысша үйренуге талпына-
ды» [43, Б. 145]. Райымбек ауданының (XIX Партсъезд колхо-
зы) тұрғыны, соғыс және еңбек ардагері, ұлағатты ұстаз 
Ш.Мұсаевтың ақын мұраларын жинастыруда сіңірген еңбегі өте 
зор. Ол Жанәбіл Тоқанұлы қарияның көзі тірі кезінде Асан ақын 
туралы көрген-білген естеліктерін жазып алып, қолын қойды-
рып отырған. Осындай бір естелікте: «Албан, Бұғы арасында 
халықты сауаттандыруға барынша күш-жігерін қосқан адам еді. 
Барманбекұлы Асан орта бойлы, сарылау келген, атжақты, өткір 
көзді, адаммен тез тіл табысып кететін. Сондықтан Асанды 
«Асан, молдеке» деп сыйлайтын», – деп келеді де, соңына 
«Тоқанов Жанәбілден жазып алдым. Естелікті жазған Мұсаев 
Чоғанбай. 29 сәуір,1991жыл. XIX Партсъезд колхозында» деп 
жазады [41].
Осындай естеліктердің бірінде: «Қарқара жайлауында бір 
ірі бай қайтыс болып, маңайдағы елдерге ат шаптырып, жиырма 


63 
шақты молда алдырылады, Құран аударылады. Біткен кезде әр 
молдаға сый-сияпат көрсетіледі. Асан молда бұл асқа шақырыл-
май қалады. Асан ақын көп жағдайда жаяу жүре береді екен. 
Осы кезде Қақпақтан Қарқараға (50-55 км) келген Асан молда 
ешкімнің тісі батпаған Құранды аударғанда, Тәшкеннен келген 
молда: «Мына кісі нағыз ілімге жүйрік, қари екен», – деп, өзіне 
берілген ат пен шапанды Асан ақынға сыйлаған екен», – деген 
дерек бар. Оның ілімді молда болғандығын, дін оқуына өте же-
тік екендігін сол өңірдің азаматтары да, өзінің тікелей ұрпақ-
тары да айтып отырады.
Асан ақынның тағы бір қасиеті барар жеріне жаяу, таяғын 
қолына ұстап тартып отырады екен. 30-35 шақырым қашық-
тықта тұратын ағайындарына жаяулатып жиі барып тұратынын 
ел адамдары, туған-туыстары күні бүгінге дейін айтып отырады.
Дін оқуын жете меңгерген ол ауылда бала оқытып молда 
атанған. ХХ ғасыр басында бала оқытқан сауатты, білімді адам-
дардың барлығын молда атанғанын ескеретін болсақ, оның да 
сауаттылығынан молда атанғандығын аңғаруға болады. Осын-
дай ерекшеліктерімен бірге оның табиғат құбылыстарын жұл-
дыздар арқылы болжайтын қасиеттері де болған. Осы сияқты 
жеке қасиеттерін көрсету үшін ел аузындағы бір-ер мысалды 
келтіруге болады. 1914 жылы тамыз айында қар жауатынын 
алдын ала халыққа айтқан көрінеді. Сол айтқаны келіп, 
Байынқол ауылын қар басып қалыпты.
Осындай естеліктердің бірінде А.Барманбекұлының 1911 
жылы Іле Алатауы бөктерінде, Верный қаласында болған алапат 
зілзаланы да алдын ала болжап білгені баяндалады. Тағы бір 
естелікке қарағанда, бірде ол Қарқара-Текесте қыстың қатты 
болатынын, сондықтан малды Іле бойына қыстату қажеттігін 
айтып, көпшілікке ақыл беріпті. Оның жақын ағайындары Іле 
бойын қыстап, көктемге қарай Текеске қайтып оралса, ерініп, 
тіл алмай, осында қыстап шыққандар, малы қырылып, таяқ 
ұстап қалған екен. Сонымен қатар, Асан ақынның емшілік 
қасиетінің де бар екені, дәрілік шөп іздеп жаз бойы жайлау-
ларды аралайтындығы ел есінде сақталған [44, Б. 65]. Осындай 
деректерді ел аузынан көптеп естуге болады.


64 
Ендігі сөз Асан ақын атына албан атауының қосарлануы 
жайында. Зар заман ақындарының мұрасын зерттеген Б.Омаров: 
«…оны «Албан Асан» деп атаған қырғыз ағайындар көрінеді», – 
десе [45, Б. 247], жергілікті ақын Еркін Ібітанов та ол жөнінде: 
«Қазақ пен қырғыздың балаларына хат танытқан молдалығымен 
қатар ақындығы және емдік шөп іздеп қырғыз жерін аралауы да 
оны осы іргелес жатқан елдің өз адамына айналдырып жіберген 
еді. Бұғы елі сондықтан оны албан Асан атандырған» [46], – 
деген тұжырым жасайды. Бұл жөнінде Асанның өмірі мен шы-
ғармашылығы 
туралы қалам тербеп жүрген жазушы Т.Қаупынбаев 
[
47] пен Т.Әлбековтің пікірлері де осы арнада тоғысады. Ол 
жөнінде Т.Әлбеков былай дейді: «Асан молданың туындылары 
Асан қайғы толғауларымен ұйқасып жатқандықтан, Асан есі-
міне ру атауын қосарлаған Ілияс сияқты» [43, Б. 147]. Келтіріл-
ген пікірлерден туатын тұжырым – Асан Барманбекұлын Асан 
қайғымен шатастырмау мақсатында оған өз руын қосып айтатын 
болған дегенге саяды.
І.Жансүгіровтың Қарқара өңіріне бару сапары кезінде 
жазылған, бірақ белгісіз себептермен аяқталмай қалған поэмасы 
«Мақпал» деп аталады. Поэманың басты кейіпкері Мақпал, оны 
алғаш сауаттандырған, өмір танымдарына үйреткен ұстазы Асан 
молда. Анығында бұл 1916 жылғы Қарқара жеріндегі ұлт-азат-
тық көтеріліс басшысының бірі, Ұзақ батырдың қызы Бәкей 
екендігі белгілі. 1916 жылғы ұлт-азаттық Қарқара көтерілісінің 
ұйымдастырушысы Ұзақ батыр А.Барманбекұлымен бір заманда 
өмір сүріп, аралас-құралас болған адамдар. Деректерден белгілі 
болғанындай, Бәкей Ұзақ батырдың үш ұлдың ішіндегі жалғыз 
қызы. Бұл жерде Асан молданың үлкен жүректі адам болған-
дығы, тәрбиесінің тәлімді, терең білім бере білгендігі сөз бола-
ды. Поэмада А.Барманбекұлының бейнесі ұлағатты ұстаз ретін-
де көрінеді. Бәкей қыздың ескілік шырмауында қалып, траге-
диялық жағдайда қаза тапқаны сол ел адамдарының жүрегін дір 
еткізген жайт еді. Шамасы ақын өзінің поэмасының арқауы етіп 
осы жайды алғысы келген. Белгісіз себептермен поэма аяқтал-
май қалған. Ғұлама жазушы М.Әуезовтың «Қилы заман» пове-
сінде де Бәкей қыздың сауаттылығы, ақылдылығы жөнінде 


65 
әңгіме болады. Бәкейдің өлімі туралы ел арасында әр түрлі 
аңыздар тараған. Солардың бірі төмендегіше болып келеді: 
Айттырған адамы малдан айырмашылығы шамалы болғандық-
тан оған төзбеген сауатты қыз қырғыз жігітімен көңіл қосып, 
қашып кетеді. Қыз әкесі Ұзақтың ағасы Тұңғатар мен інісі 
Қожамберді «сүйегімізге таңба салды» деген желеумен қызды өз 
үйінің шаңырағына асып өлтіреді. І.Жансүгіров пен М.Әуезов 
сынды қаламгерлердің 1916 жылғы «Қарқара» оқиғасының 10 
жылдығы тұсында сол елге барғандығының нәтижесінде дүние-
ге келген көркем туындылар қазақ халқының көркем шежіресін 
жасады. Осы шығармалар жөнінде Ә.Нарымбетов былай деген 
болатын: «Орыс империясына қазақ елi XVIII-ғасырда бағынып, 
бодан болғаны тарихи шындық. Үш ғасырға жуық уақыт iшiнде 
қазақ халқы отарлау саясатының адам айтқысыз барлық азабын 
бастан кештi. Сол азапқа мойын сұнбай, көнбей қазақ халқы 
отаршылыққа қарсы үш ғасыр бойы ерлiкпен күрестi де. Бұған 
XVIII ғасырдағы отаршылық саясатқа қарсы Сырым Датұлы 
бастаған көтерiлiс (1783-1797), ХIХ-ғасырдағы Кенесары 
Қасымұлы бастаған көтерiлiс (1837-1847), ХХ-ғасыр басындағы 
Амангелдi Иманұлы бастаған көтерiлiс (1916) толық дәлел. 
Отаршылдыққа қарсы қазақ халқының қаһармандық күресi 
қазақ әдебиетiнде жарқын бейнеленгенi мәлiм (М.Әуезов «Қилы 
заман», С.Мұқанов «Ботагөз», Б.Майлин мен Ғ.Мүсiрепов шы-
ғармалары т.б.)» [48, Б. 78].
А.Барманбекұлының Мақпалдан басқа да шәкірттері 
көптеп саналады. Сондай шәкірттерінің бірі – Жанәбіл Тоқанов. 
Оның айтуынша, өзімен бірге оқығандардың ішінен Қонаев 
Мұса 1919-27 жылдар арасында Көкпек ауылында ауылдық 
кеңес төрағасы қызметін атқарған белсенді, Сыпатаев Смажан 
1920-27 жылдар арасында мемелекетке мал дайындау бөлімінде 
жұмыс істеген, Қабылбек Сауранбаев та 1916 жылғы албан-
бұғының ұлт азаттық жөнінде Қарқарада болған Ұзақ бастаған 
көтерілісіне қатысқан. Сол сияқты Қонаев Аусафия, Бұғыбаев 
Қомшыбай, Ошақбаев Есіркеп, Дәлденбаев Іргебай болып жал-
ғасып кете береді. 


66 
Ел аузында және Асан ақынның өз қолжазбаларында 
«Асан молда» деп берілу жағдайы да жиі кездесіп отырады. 
Оның Нарынқолда ғана емес, Қарақолдағы қырғыз ағайын-
дардың балаларын да оқытқаны белгілі. Ол оның діндарлығына 
ғана байланысты берілген атау емес, сол кезде бала оқытып, 
халықты білім нәрімен сусындатқан адамдарды да молда деп 
атағанын ескерсек, оны «ұстаз» деген сөздің баламасы ретінде 
қабылдауға негіз бар. Осы ойымызды Т.Омаровтың: «Қырғыз 
әдебиетінде есіміне «молда» сөзі қосып айтылатын Молда Нияз, 
Нұрмолда, Молда Қылыш, Алдаш молда, Молда Бағыш дейтін 
ақындар бар. Олар «молда» деген сөзді «оқыған, тоқығаны көп 
адам» деген ұғымның аясына сыйғызады» [49, Б. 20] – деген 
тұжырымы да растай түседі.
Ақын өмір сүрген кезең орыс патшасының қазақ елін 
отарлау саясатының өршіп тұрған шағына тұспа-тұс келді. «XIX 
ғасырдың екінші жартысында дүниеге келіп, творчестволық 
жолда болған ақын-жазушы атаулының бәрі де өз шығармала-
рындағы өзекті де басты сарын патша үкіметі өндірген отар-
шылдық саяси-әлеуметтік тақырыптарды суреттегені талас ту-
дырмайтын шындық», – [8,Б.192] деп М.Мырзахметов көрсетке-
ніндей А.Барманбекұлының өлеңдері де осы жайларды қамтиды. 
Елінің ұлттық дәстүрі мен ұлттық болмысының, халқының ішкі 
жан дүниесінің отаршылдықтың құрбаны болғаны нәзік жанды 
ақынның жүрегіне өшпес жара түсіріп, жанын аяздай қариды. 
Халқының ауыр тұрмыс-тіршілігінен гөрі, рухани азып-тоза 
бастауы ол үшін айықпас дертпен тең еді.
Себебі, кез-келген ақын өз заманының жыршысы бола-
тындығы тарихтан мәлім. Сол тұстағы заман шындығы 
А.Барманбекұлы өлеңдерінде былайша көрініс тапты: 
Шетін бассаң сызықтың, 
Қыла ма тағы жаланы. 
Орысқа тиген жерлерге, 
Салт атты кісі баспады. 
Мұраталы, Қақпақтан, 
Жүрер жолды тастады, 
Немесе: 


67 
Жер суыңды өзі алды, 
Басыңды тұтқан орысың. 
Орыстың сөзін сөйледі, 
Би, старшын, болысың [50, Б. 38].
Көріп отырғанымыздай жергілікті би-болыстардың өзі жо-
ғарғы жаққа жағыну үшін қол астындағы бұқараға тізесін баты-
рып, халыққа емес, шенге қызмет етуге бет алған. Бұрын соңды 
мұндайды көрмеген еркін қазақ халқы өз жерінде еркін жүре 
алмағандығын ақыр заманның келгенімен түсінді. Кіндік қаны 
тамған жерден айрылу, ішіп отырған ауыз судан айырылу қазақ 
халқы үшін орны толмас қасірет еді. Себебі тек қана мал шар-
уашылығын кәсіп еткен елдің жерден айырылуы олардың әлеу-
меттік те, экономикалық та құлдырауына алып келетіні белгілі. 
Осындай көкейге келген сан сұрақтарға жауап іздеген, көкірек 
көзін мұң мен шер басқан, ата-баба қанымен келген қоныстың 
енді «қаңғып келген біреулердің» қолына өтіп жатқандығын 
көрген көзі қарақты, сауаты бар жандар бар күш жігерін қаламға 
салуға тырысты. Өз ата-бабасынан қалған жерінде кердең қағып, 
алшаңдап жүруден қалған олар мұндай өмірге лағнет айтты, 
сондықтан да үдере көшуге ден қойды.
Қазақ әдебиетіндегі «Зар заман» тіркесін М.Әуезов отар-
шылдық дәуірдегі ақындардың еңбектеріне сай термин ретінде
қолданғаны белгілі. «Зар заман» атауы – XIX ғасырда өмір 
сүрген Шортанбай ақынның заман халіне айтқан бір өлеңінің 
аты. Шортанбайдың өлеңі ілгергі, соңғы ақындардың барлық 
күй, сарынын бір арнаға тұтастырғандай жиынды өлең болған-
дықтан, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың 
барлығына «зар заман» ақындары деген ат қойдық» [2,192], – 
деген М.Әуезов сөзі арқылы әдебиеттану ғылымында «зар 
заман» ұғымы қалыптасты. М.Әуезов бұл ағымға XIX ғасырда 
болған ақындардың бәрі кіретінін айтады. Ғұлама жазушы 
А.Барманбекұлының шығармаларынан Асан Қайғы, Бұқар 
жырау іздерін көрумен қатар оның заңды жалғасы іспетті танып, 
зар заман ақындары санатына қосады. Оған дәлел ретінде 
М.Әуезовтің 1927 жылы жазылып, белгісіз себептермен жария-
ланбай келген еңбегіндегі: «Он был несомненно богато одарен-


68 
ным поэтом, вышедшим из толщи народной. Но косная кон-
сервативная среда, глухая к пламенному призыву поэта к спра-
ведливости, зачастую отнимала его неокрепшие силы, впадая 
порой в безнадежный пессимизм, в религиозную мистику. Сти-
хи, отмеченные печатью этой мистики своей грустной настроен-
ностью и внешней отделкой, на первый взгляд, как бы воскре-
шают канон, унаследованный от времен Асан Кайгы, Бухар 
Жирау и развитый потом в первой половине XIX века Малой 
Среднеордынскими поэтами «Зар Заман» [51, С. 82] деген 
пікірін келтіруге болады. Ғалымның осы тұжырымын негізге ала 
отырып А.Барманбекұлын зар заман поэзиясының соңғы өкі-
лінің бірі екендігін баса айтуға болады.
Ел қайғысын көзі тірісінде көрсетіп кетуді өзінің міндеті 
санаған ақын өз ойларын ортаға салып, артына қалдырып кетуді 
көксегендігі оның өлеңдерінің өне бойынан көрініп тұрады. 
Өлеңдерінің басты мақсаты, негізгі айтар ойы, идеясы – халық-
ты рухани таза болуға шақыру, айналада болып жатқан патша 
ылаңынан болған келеңсіздіктерден сақтандыру, сол жолда бар 
жанын сала отырып қызмет ету, ел мен жерге қатысты өзекті 
мәселелерге халықтың көзін жеткізу, т.б. болып келеді.
Жұртқа үлгі болсын деп, 
Заманның түрін қозғадым. 
Ынсаннан шыққан саңлақ боп, 
Қатардан шауып озбадым. 
Шүкір деп тауба қылайын, 
Тілімде болса жазғаным, 
Надандықпен бар шығар, 
Желігіп көңіл азғаным. 
Ілімді пайда көрсін деп, 
Мінеки, менің жазғаным [50, Б. 50]
– деген жолдардан ақынның қатардағы қарапайым адам 
екендігі, тәубасын серік қылған азамат екендігі көрініп тұрады. 
Жұртқа үлгі болсын деп жазғандығы айтылады.
Елдегі бірліктің жоқтығы мен берекесіздік, ен даланы ер-
кін жайлаған қазақ халқы үшін жайлауының тарылып, бас ер-
кінің басқа біреудің қолына көшуі тұйыққа тірелгендей, ақыр 


69 
заман орнап келе жатқандай әсер етеді. Бір жағынан орыс үкі-
меті салған алым-салық, екінші жағынан ел ішінен шыққан пы-
сықайлар белгілеген ауыр алым-салық ел еңсесін түсіріп, ха-
лықтың жағдайын тұралатып тастаған еді. Бұл жайында ақын: 
Мансаптағы адамдар, 
Ұлықтарға жағып тұр. 
«Мынау менің белгім» деп, 
Мойнына ызнак тағып жүр. 
Бұқарасын жеп ішіп, 
Шаяндай боп шағып жүр. 
Біреу қарсы сөйлесе, 
Бетінен қаны ағып тұр. 
Күндегісін күнде алып, 
Борандай боп қағып тұр. 
Шетінен басып жей түсіп, 
Қасқырдай боп бағып тұр [50, Б. 30], 
– деп заман шындығын ашып көрсетеді. Әрине, қоғамда, 
өмірде болып жатқан өзгерістерден, қандай да бір ақын немесе 
ел қамын ойлаған азаматтар болсын, бойын аулақ сала алмасы 
белгілі. Елдің өзі осылардың аузынан шыққан сөзді құран сө-
зіндей көретін кез де келіп жетті. А.Барманбекұлы – өзі өмір 
сүрген заманның қиын-қыстау кезеңін жүрегімен сезініп, пат-
шалық Ресейдің елге жүргізген үстемдігіне куә болғандықтан ол 
оқиғаларға атүсті қарай алмады. Ақын шаруашылық түрінің 
өзгеріп, ата салтының бұзылғанын, бұрын өз бетімен еркін жү-
ріп, жайлауды еркін жайлаған қазақ халқы үшін келген нәу-
беттей қабылдады. Себебі, Ресей патшалығының отарлауына 
дейін қалыптасқан қазақтың өзіндік басқару жүйесі бар еді. 
Қазақтардың ел басқару жүйесі жөнінде С.Г.Кляшторный мен 
Т.И.Султанов тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылғанына
525 жыл толуына арналған зерттеулерінде: «Право участия в об-
щегосударственном управлении султаны казахских улусов осу-
ществляли, сообща являясь на ежегодно созываемый курултай – 
собрание, ведавшее делами, касавшимися всех слоев и прослоек 
казахского общества. Один из пунктов «Жети Жаргы» гласил: 
«Чтобы сам хан, равно как и все султаны, старейшины и пра-


70 
вители родов, собирались осенью в одно место, в средине степи, 
для рассуждения о делах народных», – дейді [52, С. 347]. 1470-
1718 жылдар аралығында қалыптасқан хан, сұлтандардың бас-
қару жүйесін отаршыл империяның күйретуі халықтың үлкен 
наразылығын тудырды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында патша саясатының 
қатты белең алғандығын Ж.Ысмағұлов Абай мұрасына қатысты 
да баса айтып еді: «Ал, шынтуайтына келгенде, Абай заманы 
патшалықтың отарлау саясаты әбден шығандап тұрған шағы еді. 
Бұл кезде қазақ даласындағы өмірдің патша әкімшілігіне тә-
уелді болмаған, отаршылдықтың қатал заңына бағындырыл-
маған бірде-бір саласы қалған жоқ еді» [53, Б. 24]. 
Патша саясаты ХХ ғасырдың басында отарлаудың шегіне 
жеткені тарихтан мәлім. Отаршылдыққа қарсы шыққан алаш 
арыстарының тарих сахнасынан ысырылып тастауының да сыры 
осында жатыр. Көріп отырғанымыздай қазақ еліне, жеріне жүр-
гізілген патша саясатына исі қазақ қарсы болды. Отаршыл-
дықтың көптің көзі бола білген ақындар шығармаларынан кең 
орын алуының да басты себебі осы. Сондықтан да 
А.Барманбекұлы әдеби мұрасының барлығы дерлік отарлық 
езгіге қарсы бағытталып, ел мен жер тағдыры, елдің әлеуметтік 
жағдайы, заманның бұзылуы, адам пейілінің тарылуы, халықтың 
ауыр тұрмысы, елдің рухани азып-тоза бастауы сияқты ел жағ-
дайынан хабар берерлік өлең, қисса, толғаулар.
 
Оның өлең-
дерінің бір ерекшелігі: Жетісу өлкесін ең алғаш отарлау бастал-
ғанда қазақ даласында басталған қым-қиғаш көтеріліс, ілгерілі 
кейінді ел ауған қозғалыс, дүрбелең дәуірді суреттеуі.
Кез келген ақынның өзі өмір сүрген дәуірдің шындығынан 
ұзап кете алмайтындығы әмбеге аян. М.Әуезов мұндай адамдар-
ды екіге бөледі: «Біреуі – тарихи өлеңдерде саналған ел қаһар-
мандары, екіншісі – ел тілегін айтып, зар мұңын сөзбен шығар-
ған ойшыл қария, өлеңші ақын, жырау болатын» [2, Б. 176]. Осы 
тұжырымға сүйенетін болсақ, А.Барманбекұлы – «ел тілегін 
айтып зар мұңын сөзбен шығарған» ақындар санатындағы ақын. 
Ол патшалық жүйеге қарсы шыққан, сол жолда жанын да ая-
маған қалам қайраткері екендігі дау тудырмайды. Оның қолына 


71 
қалам ұстатқан осындай заманның ауыр да қасіретті жай-күйі 
еді. Сондықтан да оның өлеңдерінде зар мен мұң басым.
Жазайын қағаз жазайын, 
Іштен дертім аз қалсын. 
Замананың түрінен, 
Асан атты кәріден, 
Кейінгіге сөз қалсын [50, Б. 15],
– деген жыр жолдарынан ақынның ішкі жан күйзелісін, 
дертті жүрегін аңғаруға болады. Заманның түрін көрсетіп беруді 
үлкен жауапкершілікпен қолға алады. А.Барманбекұлының 
өлеңдерінің басты ерекшелігі сол, ол айтар ойын жасырып-
жатпай ашық айтып, өзін ашындырған, көріп-біліп жүрген жайт-
тардың бірін қалдырмай жырға қоса білді. Сол заманның бүкіл 
суретін айна-қатесіз көз алдымызға әкелген ақын шығарма-
ларынан тарих беттерінде осы бір жеткілікті түрде айтылмай 
келген тұстарын көре аламыз. Асан ақын өлеңдерінде бұрынғы 
заманды аңсау сезіліп тұрады. Шалқыған жайлау, мыңғырған 
мал, еркін жүрген ел, қазыналы көлге жоқтау айтып таусылады. 
«Қандай тар заманға тап болдық?» деп, болашағы бұлдыр за-
манды қабылдай алмай қайғырады, қамығады.
Ол «Қазақтың күні қайда шалқып жатқан, Мал толып 
өзен-сайда толқып жатқан», – дей келіп бұрынғы заманның тү-
рін термелей жөнеледі. «Кермелеп жүйрікті терлеткен» бай, 
«кім бұрын қонса жерлеткен» бөлімі жоқ жер, «ұлына жабағы, 
тайын үйретіп ойнатқан» әке, «шыңғыртып асау үйретіп, құнан, 
дөнен жайлатқан» ырду-дырду заман, «балуанға түскен 
бозбала», «тал жібектей есіліп» тұрған келін, «отбасында көсі-
ліп» отырған бәйбіше, «желбегейленіп, шешініп жатқан» бай – 
міне, осы сынды қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман 
кейпін аңсайды. Бұл заман, ақынның өзінің айтуы бойынша, 
«қайран өзбек заманым» деп келеді. Тарихқа жүгінсек, Ұлы жүз-
дің жерін Қоқан хандығы билеп тұрған кездің өзінде халық ауыр 
алым-салықтан құтылмаған. Ол туралы: «XIX ғасыр басында 
Ұлы жүз мекенінің недәуір бөлігі Қоқан хандығының өктемдігін 
мойындауға мәжбүр болса, осы ғасырдың ортасында Ресей пат-
шалығына бодандыққа еріксіз мойынсұнды», – дейді зерттеуші-


72 
лер [54, Б. 45]. Соның өзі ақын үшін «қой үстіне бозторғай жұ-
мыртқалаған» еркін заман болып көрінеді. Соған қарағанда 
Қоқан хандығы тұсында діні бір түркі тектес халықтардың мұңы 
да бір болған болу керек. Бір қызығы олардың әдет-ғұрып, салт-
дәстүрлерінде ортақ жайттар өте көп, сондықтан бір-бірінің 
тілдерін де еркін түсініп, аралас-құралас өмір сүріп отырған. 
«Бұл заманды бұзған кім?» деген сауалдың жауабын ақын 
орыстың келуімен түсіндіреді. Тілі де, діні де бөлек халықтың 
әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі мүлде бөлек болатыны белгілі. 
Орыспен бірге келген заң, закондардың оған дейін дау-дамай-
ларын би-шешендер мен ру ақсақалдарының шешіп отырғанына 
үйренген, дала заңымен жүрген еркін қазақ халқына түрпідей 
тиеді. Оны ақынның өзі былай деп түсіндіреді:
Тар заманға кез болдық тақырлаған, 
Берекесіз, түгі жоқ артып жатқан. 
Жалды ат мінсең қоңы жоқ көзге түсер, 
Жоталата жасауыл тарсылдатқан. 
Қарсы келген момынды ұлыққа айдап, 
Бишараның буынын қалтылдатқан. 
Әділеттік бола ма бұ заманда? 
Мынау қалай дегенді сотқа тартқан [52, Б. 80]. 
Қоқан әміршілдігі тарапынан Жетісу өңірі қатты зардап 
шегіп келгендігінің себебі ол жерлердің алыстау жатқандығын 
тілге тиек еткен С.Танекеев: «Қоқан хандығына жылына бір рет 
салық төлегені болмаса, тікелей басқыншылық, қорлық көре 
қоймады, бостандық өмірдің дәмін көбірек татты. Бұл орыс 
отаршыларына өте тиімді жағдай болды. Сол себепті де, орыс 
басқыншылары бұл өңірге билік орнатысымен Қоқан мен 
Бұхара әмірінен де жаман заман туды деп зарлады Албан Асан» 
[56, Б. 13], – деп жазады.
Жас шамасы, өмір сүрген уақыты әр түрлі болғанымен, 
заманы бір, заңы ортақ, мұңы бір көптеген ақындардан 
А.Барманбекұлының да үйренері көп болғанға ұқсайды. 
І.Жансүгіров көрсеткендей: «Асан ақын әлеумет басындағы 
күйді қанша айқындаса да, қанша «бұқара тілегіне жанастырам» 


73 
деп жырласа да, айналып келіп, өзінің арғы заманының ескі көзі 
Асан қайғыға әкеп тірей береді» [42, Б. 355].
Асан қайғыдан А.Барманбекұлына дейінгі ақын-жырау-
лардың көбі орыс отаршылдарының қазақ жеріне қоныс ауда-
руынан қауіптеніп, ұрпақтарының бодан болатынын, бұрынғы-
дай ірілік кетіп, бақа-шаян тірлік басталатынына сәуегейлік жа-
саған. Халықтың басына түскен нәубет, халықтың алдындағы 
өміріне алаңдаушылық білдіру, елді төніп келе жатқан қауіп-
қатерден сақтандырып отыру Асан қайғы жырларының негізгі 
өзегі.
Ертісті өрлеп орыс жүр, 
Тіл алсаң іздеп қоныс көр… 
Ай…Жәнібек ойласаң, 
Қилы-қилы заман болмай ма, 
Суда жүрген ақ шортан, 
Қарағай басын шалмай ма? 
Мұны неге білмейсің? [57, Б. 121]
– деп ол болашаққа болжал жасаған. Қазақтың ұлы дала-
сының түбі бір жаулап алыну қаупін сезген ақын-жыраулардың 
сәуегейлігіне қайран қаласың. Бұл қауіпті сезе де сескене бол-
жаған Асан қайғы: 
Ол күнде қарындастан қайран кетер, 
Ханнан күш, қарағайдан шайыр кетер, 
Ұлы, қызың орысқа бодан болып, 
Қайран ел, есіл жұртым сонда не етер [57, Б. 111] 
– деп толғайды. Осыдан келіп шығатыны. ХV ғасырда 
Асан қайғы болжаған жайттардың Бұқар жырау заманында-ақ, 
жүзеге аса бастағанына көз жеткіземіз: 
Күн батыстан бір дұшпан, 
Ақырға шығар сол тұстан, 
Өзі сары, көзі көк, 
Бастығынаң аты поп. 
Күн шығысқа қарайды. 
Шашын алмай тарайды. 
Құдайды білмес діні жоқ, 
Жамандықта міні жоқ, 


74 
Осы сынды бір кәпір! 
Аузы-басы жүн кәпір. 
Жаяулап келер жұртыңа. 
Есеп алар жұртыңнан,
Солдат алар ұлыңнан [58, Б. 83]
– деп, болмай қоймас жайдың ұштығын шығарып айтады.
Осындай болашақты болжау XX ғасырда Д.Бабатайұлы шығар-
маларында өзінің дәстүрлі жалғастығын тапқаны белгілі: 
Күнбатысқа көз салмай, 
Күншығысты еске алмай… 
Бізді алатын жау жоқ деп, 
Ақбөкендей алданып, 
Аңдамай келіп түскенсің [58, Б. 102]
Ата-баба жолының құрықталуына, елдің басқыншылыққа 
ұшырауына әкелер себептерден алдын-ала сақтандыру қырғыз 
ақындары шығармаларында да көптеп орын алады. Қырғыз 
жыршысы Қалығұл: 
Өңі сары, көзі көк, 
Орыс деген ел келер, 
Арқанға өлшеп жер бөлер… 
Заманың бұзылар… 
Қайран елім қайтер екенсің, 
Қайыр сұрап кетер ме екенсің? 
Теңдігің теңселер, 
Тентіреткен күн келер, 
– 
деп болжайды[59,Б.47]. Мұндай сарын А.Барманбекұлының
шығармаларында да мол ұшырасады. «Залымдар атқа мінгенде, 
жұртты түтіп жеп болды» деген ақын пікірімен Дулаттың: «Қа-
зіргі қазақ ұлығы, жаман иттен несі кем?» деген ойы үндесіп 
жатыр. Ұлықтар мен бектерді өлтіре сынау көрінісі Албан 
Асанда: «Бұқарасын жеп-ішіп, Шаяндай боп шағып жүр» немесе 
«Шетінен басып жей түсіп, Қасқырдай боп бағып тұр» деп кө-
рінсе, Дулатта ол «Азған елдің бектері, Қан шықса, елін жұлма-
лар, Қасқырменен аралас» деген тіркестермен беріледі. 
А.Барманбекұлы мен Д.Бабатайұлы шығармаларындағы ой өр-
нектері бір жерден шығады. Д.Бабатайұлының қазаққа танымал 


75 
ақын екендігін ескерсек, А.Барманбекұлы замана түрін жазардан 
бұрын біраз ақындар өлеңдерінен хабардар болғандығы сезіледі. 
Олар атап көрсеткен «ақыр заман» белгілері де қадау-қадау. 
Олар: пайда қуған алыпсатарлар, ел билегіш күштілердің әді-
летті болмауы, кедей-кепшік жағдайының ауырлауы, алым-са-
лықтың көбеюі, ақша мен сауда-саттықтың өршуі, ел бастар аза-
маттың сатымпаздығы, дінді желеу етіп білгірсіген құр кеуде 
молдалар. Көркем шығармаға өмір шындығының арқау болуы 
жөнінде Қ.Жұмалиев: «Қай халықтың әдебиеті тарихына көз 
жіберсек те сол халықтың өмірі, әлеуметтік-тарихи жағдайлары-
мен әдебиеттің тығыз байланысты дамитындығын көреміз», – 
дейді [60, Б. 153]. Олай болса, қазақ ақындарының шығармала-
рына сол тұстағы өмір шындығы арқау болғандығы рас. Ендеше 
қазақ тарихынын хабар берер Д.Бабайтайұлы шығармаларынан 
да мысалдар келтіруге болады. Ол:
Кешегі бір заманда, 
Қасиетті еді хан, қараң. 
Мынау азған заманда, 
Қарасы антқор-ханы арам, 
Батыры көксер бас аман; 
Бәйбіше тантық, бай-сараң; 
Бозбаласы бошалаң, 
Қырсыға туды қыз балаң [61, Б. 198] – деп қамықса, 
А.Барманбекұлы: 
Ізет көрмей барасың, 
Балаң менен ініңнен. 
Әдеп көрмей барасың, 
Қызың менен келіннен [50, Б. 16], 
Немесе«Бұзық заман болды енді, 
Нашарға мұң залымға, 
Қызық заман болды енді, 
Сұңқарлардың орнына, 
Құзғын
 
құлай қонды енді. 
Түрлі бұзық әлемет, 
Жұрт ішіне толды енді [50, Б. 76],


76 
– деп күйзеледі. Елдің азып, өз жеріне қожалық қылудан 
қалғанына қазақ ақындары істерге айла таппай, дінді таяныш 
етеді. Дулат ақын өлеңдерінде «Құран кітаптарды оқыдым», 
«молдаға жүгіндім» деген сияқты сөз тіркестері көп қолданы-
лады.
XIX ғасырдағы ақындардың шығармашылығына талдау 
жасаған М.Әуезов Шортанбайдан бастап дінге бет бұрылғанын, 
тіпті XIX ғасырдың соңында діни қиссалар көптеп шығарыл-
ғанын, сол арқылы шайырлар дінді таяныш еткенін айтса [2, Б. 
193], түрколог ғалым В.В Радлов «Зар заман», «Заман ақыр» 
сияқты өлеңдер дінді насихаттай отырып, халыққа адамгерші-
лікті насихаттайтынын жазады [20, Б. 18]. Десе де ел ішіндегі 
келеңсіздіктің ең сорақысы дүмше молдалардың ақ жолдан 
шығып, азғындыққа ұшырауы еді. Шариғат қағидаларын жетік 
білетін ғұламалармен айтыс-тартысқа түскен дүмше молдалар 
жер дауы, жесір дауы, жаназа, неке, талақ сияқты діни мәсе-
лелерде теріс үкімдер шығарып отырды. Осындай жайттарды 
шешу мақсатында ел ішін реттеу үшін патша үкіметінің бұй-
рығы бойынша енді ел ішінде «указной молда» дегендер шықты. 
С.Мұқанов осы жайлар туралы мына бір ойды алға тартады: 
«Патша үкіметі қазаққа крестьян дінін ұсынуға қорықты да, 
татар, башқұрттың молдалары арқылы қазақ даласына дін 
жаюды ойлады. …Молдаларға патша үкіметі үш түрлі міндет 
жүктеді: 1) Хан ордасында патшалық жұмысын атқару; 2) Тың-
шылық ісін басқарып, қазақ арасындағы патшаға қарсылықты 
үкіметке жасырын жеткізіп тұру; 3) Мешіт салдырып, дін үй-
ретіп, халықты патшаға қарсы болмауға үндеу» [62, Б. 27]. Указ-
ной молдалардың үстінен округ ахуны және мухтасибтер (есеп-
ші) тексеріп отыруға тиіс болды. Олар атқарар істер аясы кең 
болды. Ереже бойынша туу туралы куәлік қағазы, өлген адам-
дарды тіркеу, неке, талақ сияқты істерді ретке келтіру үшін ар-
найы қағаздармен қаруланған молдалар указдарын алып, күйме-
лерін сылдырлатып, мойындарына шынжыр баулы сағаттарын 
тағып, тойға келгендей сән-салтанат құрып келіп-кетіп жатты. 
Бұларсыз, не болмаса, олар атынан біреу бармаса өлген адамға 
жаназа да шығарылмады. Указной молдалар жаназа шығарған 


77 
молдаға зекет етесің, підияға мынаны бер, құранға берерің мы-
нау, жаназаға берер бағаң мынау деп өздері тағайындаған өл-
шемді ұсынатын болды. Басқа біреулер жаназа оқып қойса, 
олар қуғынға ұшырайтын болды және қайда жүрсе де тауып 
алып, айып төлететін еді. Бұл указной молдалар елдің пікірімен 
санаспай, адалдықтан, адамдықтан жұрдай болып, бар ойы ел 
үстінен көрер пайдада болды. Осы жерде бір ескеретін жай, ел 
арасында сенімсіздік тудырып отырған «дүмше молдалардың» 
және ислам дінін таратушы ілімді молдалар арасындағы ара 
жікті дұрыс ажырата білу туралы ой туындайды. Ол айтқандай 
«сайламыш молдалар» мен Алланың адал жолында жүрген 
сауатты молдалардың арасы жер мен көктей. Асан ақын соның 
соңғысына жататын ақын. Сондықтан да «Зәлім молда болған-
ша, түзу жүрген надан бол» дейді Асан ақын. Сөйтіп, Алланың 
ақ жолына мойын ұсынбаудың неге апарып соғатынын нақты 
мысалдар арқылы көрсетеді. Алланың жолында жүрген молда-
ның қарапайым халықтан бір сүйем болса да биік тұруы керек 
екенін ескертеді, арамдықтан сақтандырады: 
Алдап, арбап айламен, 
Момын малын жесек біз, 
Мұндай азғын молданы, 
Айдайды шайтан жетексіз [50, Б. 53]. 
Ақын «Молда болсаң, тәкрар бол, Көңіліңе ілім тоқыған» 
деп, жол көрсетеді. Алланың ақ дінін ұстанған екенсің, таза бол, 
Аллаға шәк келтірме, сонда жолың оңғарылар», «Қисаймасаң ақ 
жолдан, таза бақтың гүлісің» дейді. Исламның ақ жолын берік 
ұстанған, дін жамылған дүмше молдаларды сынаған, шариғат-
тың жолын жақсы түсінген ақындар жөнінде У.Қалижанұлы: 
«Өз заманында ислам дінін берік ұстанып, елді тазалыққа да, 
қайырымдылыққа, парасаттылыққа, кісілікке үндеген ақындар-
дың қатарына Мұсабек Байзақұлы, (жұртқа молда Мұса деген 
атпен белгілі) Жүсіпбек Шайхисламұлы
және Асан Барманбекұлы 
(халықтың Асан қайғыдан ажырату үшін ел оны Албан Асан деп 
атап кеткені белгілі)», – деп жазады [63, Б. 38]. Адамдардың 
азып, теріс жолға түсуі, арам жолға түскендердің қадірінің ар-
туы, үлкенге ізет, кішіге құрметтің жоғалуы Ж.Баласағұнның да 


78 
жан айқайына алып келген. Рухани жағынан құлдыраған рухы 
төмендеген, саудагерлік, маскүнемдік, надандық, арамдық сын-
ды жаман қасиеттер етек алған елді көзімен көрген ақын зар 
илеп запыран төгеді. Сондықтан да оның шығармаларында зар-
лай арнаудың үлгілері басым: 
Ел неге азды? Заңды қалай түзедім? 
Қай заманға келдім, қалай жүремін? 
Сауда қуып бұзылды ма маңайым,
Елес пе әлде көзімді кең ашайын? 
Заң, ізгілік кетті ниет қарайып, 
Сұмдар қалды, 
қайдан шындық табайын [64, Б. 585-586]. 
Әдебиетімізде халықты осындай адал жолға үндейтін 
жырларды әр дәуір әдебиетінен де келтіруге болады. Сыпыра, 
Асан қайғы, Бұқар жыраулар, берідегі Дулат, Мұрат, 
Шортанбай, Шөже, Түбек, Сүйінбай, Құлмамбет, Жамбыл, 
қырғыз ырчыларының ішінен Қалығұл, Арыстанбек, Тоғалақ 
молда, Молда Қылыш сияқты ақындар жырларында Алла жо-
лын ұстана жүріп азғындаған, адасқан жандардың көркем бей-
несін жасаса, осы қалыптасқан дәстүрге өз үлесін қосып 
А.Барманбекұлы шала молдалардың кескін-келбетін, ел арасын-
дағы қылықтарын:
Сайламыш молдамын десіп, 
Өлгенді қаттай келдім, – деп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет