Фил. ғыл канд., доцент Қ 56. Қожекеева Б. Ш. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы: Зар заман әдебиеті


Нарманбет Орманбетұлы (1860-1918)



Pdf көрінісі
бет16/36
Дата20.02.2023
өлшемі1,17 Mb.
#169452
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36
Нарманбет Орманбетұлы (1860-1918)
 
 
Нарманбет ақын 1860 жылы сол кездегі Қарқаралы уезін-
де, қазіргі Қостанай облысының Ақтоғай ауданынында
Нарманбет ауылында дүниеге келген. 1918 жылы Қарқаралы 
қаласында соттың төрағасы болып жүргенде қайтыс болады. 
Абаймен аталас туыстығы бар ол жас кезінен бастап өзін оның 
шәкірті деп санаған. Нарманбеттің аталары биліктен де 
шешендіктен де құр алақан емес-ті. Сол себепті де тегіне тартып 
туған ол өте зерделі бала болып өсті. Нарманбеттің қабілетін 
байқаған әкесі молдаға беріп, сауатын ашқызады. 14 жасында 
Қарқаралыға барып ноғай көпесінің үйінде жатып, орысша екі 
кластық білім алады. Алғашқы өлеңдері де сол кезде шыға-
рылған. Кеңестік идеологияның қылышынан қан тамып тұрған 
кезінде Нарманбет те «зар заманның» ақыны ретінде көрсетіліп, 
шығармалары айтуға да, жариялауға да жатпады. Оған себеп те 


54 
жоқ емес, Нарманбет мұрасының ұстанған басты бағыты сол 
кездегі қоғам мен заманның ащы шындығы. Өзі көріп тұрған 
патша тарапынан болған сорақылық, елінің бодандығы, пұшай-
ман түрі. Елін сүйгендігі, жаны ашығандығы үшін де адамды 
жазалауға бола ма, әрине жоқ, бірақ ол кездегі саясаттың ойы 
басқа. Бұл тақырыптағы Нарманбеттің: «Заман», «Аждаһаның 
аузында», «Кер заман», «Сарыарқа, сайран жерім-ай», «Бұл күн-
де байлар ғаяр, билер мекер», «Сарыарқа», «Шал қайғысы», 
«Сахараға қарасақ», «Қазақ ұлы біз тұрмыз», «Жасқаншақ бас» 
сияқты өлеңдері отарлау саясатына қарсы бағытталды. Жолын-
дағыны жалмап жұтатын аждаһа, жалмауыз кім дегенде 
Нарманбетше ол патша өкіметі болып шығады. Оған мысал 
Нарманбеттің «Аждаһаның аузында» өлеңі. Үзінді келтірсек: 
Аждаһаның аузында, 
Айрылып қалдық қоныстан. 
Бекіліп мизам шықпай тұр, 
Әлі бізге орыстан. 
Қазақтың жолы тарайып, 
Нәпсілері қарайып – 
Әділеттік азайды, 
Би, старшын, болыстан. 
Араб, парсы, орыс тілдерін жетік біліп, әдебиетімен таныс 
болған. 12 – 13 жасынан өлең шығара бастаған. Ел басқару ісіне 
жастайынан араласқан ол 1917 – 1918 жылдар аралығында 
Қарқаралы қаласында уездік сот қызметінде болды. Нарманбет 
1918 жылы Қарқаралыда совдептің уездік судьясы болып 
қызмет істеп жүргенде, ауырып қайтыс болған. Нарманбет 
Орманбетұлы өлеңдерінің негізгі тақырыбы – оқу-білім, адам-
гершілік, өмір туралы, ел тәуелсіздігі. Ол өмір құбылыстарын 
саралай келе, шындықты көркем бейнелеуге, оны философия-
лық ой-тұжырымдармен түйіндеуге ұмтылған “Қасірет деген бір 
тау бар”, “Балалық күй”, “Шал қайғысы”өлеңдерін жазады. 
Нарманбет Орманбетұлы отаршылдыққа қарсы “Оян, 
қазақ!” деп ұран тастап, 1905 жылғы дума сайлауында “Талап 
етер күн туды, кел ұйқыдан тұрайық” “Сахараға қарасақ” деп 
сөз бастаған. Ол орыс отаршылдығын, ел басындағы қасіретті, 


55 
азаттыққа қол жеткізуді жырлаған “Аждаһаның аузында”, 
“Ұран” деген өлеңдерін жазды. Патшаның тақтан құлауын қуана 
қарсы алып, “Тілекті берген күн” атты өлеңін шығарса, оның 
“Айшаға”, “Жамалға”, “Дауысың қалай асыл” атты өлеңдері ма-
хаббат, жастық тақырыбына арналған. Нарманбеттің ұстанған 
жолы –Абай дәстүрі болатын. Абай үлгісінде көптеген өлеңдер, 
нақыл өлеңдер, нақыл сөздер жазып шығарған. Ақын шығарма-
ларының таңдаулы үлгілері 1939 жылы жеке жинақ болып және 
1939-1944 жылдардағы хрестоматияларда жарық көрді. 
Қоғамдық өмірге белсене араласқан Нарманбет Ресей им-
периясының отаршылдық саясатына қарсы халықтық үн көте-
рілген 1905 жылғы Қоянды жәрмеңкесіндегі атақты Қарқаралы 
петициясына қатысушылардың бірі болды. Нарманбеттің қазақ 
халқының әлеуметтік өміріндегі аталған саяси маңызы зор іс-
шараға қатысқаны жөнінде Қазақ Ғылым академиясы сирек 
кітаптар мен және қолжазбалар бөлімінде мынадай құнды дерек 
бар. Осы кезде қазақ даласында қызу түрде ұлт қозғалысы бас-
талды. Ұлтшыл оқығандардың басы қосылып, Қарқаралы уе-
зінде бұл қозғалыс айқын және кең орын алды. Сол жылы 
Қоянды жәрмеңкесінде ұлтшылдардың мың адам қол қойған 
талап-тілектеріне қызу араласты. Ол (Нарманбет) соған арнап 
бірнеше өлең жазды. «Мектеп бастығына» деген өлеңінде ақын 
А.Байтұрсынұлының алдына ұлтшылдық пікірін жайып салды. 
Қарқаралы қозғалысының ұйытқысы болған Ахмет, Жақыптар 
жер аударылғанда шығарған өлеңі «Қазақты жүруші еді қойдай 
бағып». Сонымен қатар Жақып Ақпайұлы екеуі «Алаш 
Орданың» сайлауын өткізуге бара жатып, бір үйде шығарған 
өлеңі «Құрылтайға бара алмай құр қалмайық» деген және 1905 
жылы «Жақыпқа» атты өлеңдері бар. Мұрағат құжатында кешегі 
таптық таным, идеологиялық көзқарас жатқанымен Алаш 
арыстары өмірінен құнды деректер табамыз. Мәселен, ақын 
1905 жылы жазылған «Жақыпқа» деген өлеңінде: «Жатпадық су 
түбінде сәден болып, Шықпадық бір күндерде дария толып. 
Сұңқардай биік шыңды мекен қылмай, Сықылды болдық қарға 
ұшып-қонып. Біз болдық өнерімізді тауысқандай, Мерт болдық 
айға шауып арыстандай. Байғазыдай тауда жатып, тас 


56 
жастанбай, Шықылдап көзге түстік сауысқандай» деп соғыс 
алаңында жаумен арпалысып өлгеніміз жөн еді дегендей өкініш 
білдіреді. «Қазақты жүруші едің қойдай бағып» өлеңінде 
Қарқаралы петициясының маңызын, осы іске ұйытқы болған 
Алаш азаматтарының елдік жолындағы қызметін: 
Жазылды жәрмеңкеде патшаға дат, 
Мұнан соң мәшһүр болды бұл ғазағат. 
Тоқтамға жұрт қатарлы елді сұрап, 
Жанақтан болсын деген келді рұқсат. 
Қазақты жүруші едің қойдай бағып, 
«Қабаған» сәттерінде қоңырау тағып, 
Халықты аяй тұғын асыл заттар. 
Бір-екі тұйғын ұшты қанат қағып. 
Ұшқан жоқ ол тұйғындар қызыл үшін, 
Соқты ғой дін мұсылман қызығы үшін, – 
деп бағалаған ақын дүниетанымына, шығармашылығына 
1905 жылғы бірінші орыс төңкерісі де айрықша ықпал етеді. Ол 
оның саяси-әлеуметтік поэзиясына жаңа үн, жаңа сарын әкелді 
деп айта аламыз. 
«Адал мінез, ақ кәсіп, 
Үйде отырып қорланбай, 
Ашық тұр ғой кең есік - 
Кіріп хаққа жылайық! 
Қаршыға аңдып қоянды, 
О да шошып оянды, 
Кел, ұйқыдан тұрайық!» – деп ұлттық ояну ұранына 
өзіндік үнін қосады. Бұл өлеңде Нарманбеттің 1905 жылы қан-
дай бағыт ұстанғаны, қандай мақсат көздегені айқын көрінеді. 
Ол сол кездегі барша көзі ашық, көкірегі ояу ұлт зиялылары 
сынды заман ағымы, қоғам өзгерісіне сергек қарады. Сол се-
бепті де қазақ әдебиетінде алғашқылардың қатарында болып, өз 
кезеңіндегі барша Алаш азаматтарын толғандырған қоғамдық-
әлеуметтік мәселелерді батыл көтерді. Ол империялық отар-
шылдық саясат әдейі жасап отырған рулық тартыстарды, олар-
дың халықтың бірлігіне нұқсан келтірген кереғар әсерін, елі-
міздің ауызбіршілігінің жоқтығын, сол кезеңдегі қоғамдық қай-


57 
шылықтарды сынай отырып, халықты оқу-білімге, рухани ояну-
ға шақырды. 
Ақын 1906 жылы Семей қаласында өткен Мемлекеттік 
Думаға депутаттықа кандидат ұсыну жөніндегі жиынға қатысса, 
1907 жылы Семей облысының қазақтарынан Мемлекеттік 
Думаға сайланатын осы өңірдің сайлау жиналысының 
Қарқаралы уезі болыстығынан сайлаушысы да болып бекітіледі. 
Осындай әлеуметтік өмірге араласа жүріп, ақын патшаның 
отаршылдық саясаты қазақ халқын жерінен айыру, елдігін жою 
екенін терең ұғына бастайды. Ол «Сарыарқаға қарасақ», «Қазақ 
елі біз тұрмыз», «Шал қайғысы», «Ауыл қайғысы», «Бұл күнде 
байлар ғаяр, билер мекер» өзге де саяси-әлеуметтік тақырып-
тағы өлеңдерінде өз көрінісін тапты. Сондықтан да оның поэ-
зиясының негізгі арқауы – патшалық отаршыл саясат озбыр-
лығы, жер қайғысы, әлеуметтік теңсіздік, халық бостандығы бо-
лып келеді. Нарманбет бұл заманды «Керзаман» деп атайды. 
Осы аттас өлеңінде «приставтың» аңқау елге көрсеткен жауыз-
дық істерін көрсету арқылы заман түрін береді. «Сарыарқа» 
атты өлеңінде туған жердің жат қолының қанауы мен талауына 
түскен аянышты халін Нарманбет ақын былайша жырлап еді:
Сарыарқа сайран жерім-ай, 
Салқын да самал белім-ай! 
Сандықтай тауың тізілген, 
Өлкелі өзен, көлім-ай! 
Сансыз қара айдаған, 
Салқында бие байлаған. 
Сары қымызды сапырып, 
Шілдеде мас боп ақырып, 
Кемпір де шалдар ойнаған. 
Сарыарқаны өрт алды, 
Мезгілінен ерте алды [35, Б. 278], 
Ақынның өлеңінде жау қолында кетіп «өрт шалған» сол 
тұстағы Сарыарқаның мүшкіл халін ойлап зар қағады. Осы өлең 
жолдарындағы «жерім-ай», «белім-ай», «көлім-ай» деген сөз-
дерден ақынның көкірегін кернеген ащы запыранды сеземіз. 
Көбінде мұндай аһ ұрған зарлау үлгісі жоқтау жанрында кез-


58 
десетін болса, ақынның өз елін зарлай жоқтағанын байқаймыз. 
Ол туралы М.Әуезов: «Зар заманның артқы ақыны ХІХ ғасыр 
мен ХХ ғасырдың жапсарында өмір сүріп, сол кезде өлең айтқан 
Нарманбет. Заман зарының ең ақырғы күйін шертіп, тоқтаған 
осы ақын» деп қорытады.[2,220 б]
 
Сол кездегі ақша, сауда-саттықтың елге әкелген зардап-
тары туралы Нарманбет «Замана» атты өлеңінде: 
Бай озды қамал бұзған батырдан да, 
Ақша озды бұл заманда ақыннан да, -.[36,510б] деп айқын 
көрсетеді. 
Ол туралы әдебиетші ғалым Е.Ысмайылов: «Нарманбет – 
сөзсіз ірі талантты ақын, ол өз дәуірінің зор реалист сыншысы. 
Мұның творчествосында ХІХ ғасырдың ақыры мен ХХ ғасыр-
дың басындағы қазақ даласының саяси-экономикалық және 
әлеуметтік шындығы, бейнесі айқын көрінді. Нарманбет твор-
чествосының негізгі мотивы – халықтың қоғамдық өмірін ай-
тып, жырлап беру» — деп атап көрсеткен болатын. 
Сонымен қатар Қазан төңкерісіне дейінгі ұлт баспасөзін 
ыждахатты зерттеуші Ү.Субханбердина атап өткеніндей, 
Н.Орманбетұлы «Қазақ» газетіне хабар жазған, тілшілік міндет 
те атқарған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет