Бес дұшпан. Адам бойындағы 5 жағымсыз қасиетті сынға алады. Өсек,өтірік ,мақтаншақ,бекер мал шашпақ тәрізді адамды аздыратын мінез-құлықтан сақтандырады.
Өсек. Өсек-біреуді сыртынан даттау,кіналау,жала жабу,жалған сөз айту. Әсіресе би, болыс,белсенділер, атмінерлер арасында бірін-бірі аңдау, бар болса көре алмау,жоқ болса бере алмау ең бір келеңсіз жағдай болады. Өсектің қазақ ортасында көп тараған түрі-жалақорлық,арызқойлық.
Өтірік,өсек,домалақ арыздар Абайдың өз сыртынан да талай жауған болатын.
Қазақтың қайсысының бар санасы,
Қылт етерде дап-дайын бір жаласы.
Пысықтықтың белгісі-арыз жазу
Жоқ тұрса да бес бересі,алты аласы... деп өз кезіндегі өмір шындығының күңгірт жақтарын әшкерлейді.