3.Қорытынды тұжырым
Абайдың шығармаларында тәрбие, мінез түзеу ісіне мол орын берілгенін көпшілік жақсы біледі. Абай өлеңдерінің өміршеңдігі оның философиялық ойларында жатса керек. Шынында да, Абай өз ісімен, әлемге көзқарасымен, терең де байыпты ойларымен, психолог-данышпандығымен замандастарынан ерекшеленіп, қазақ халқының қорғаны бола білді. Абайдың ең бір артық ерекшелігі – заманының айдаған ыңғайына жүрмей, өзіне Алла Тағала берген өзгеше қабілеттердің арқасында айналасына ашық, сын көзбен қарап, барлық құбылысты, өзгерістерді дәл суреттеп, қағазға түсіргені. Хакімнің тереңнен нәр алған ойлы шығармалары өз халқын мәдениет және әдебиет мұхитынан сусындатты.
Ұлы ақынның артында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мол мұра, рухани қазына қалды. Онымен мақтанбайтын қазақ жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |