Талаптың өз шарттары бар.
1. Ғылымға ең алдымен берік ынта, білмегенді біле беруге құмарлық, махаббат керек.
2 Ғылымнан ақиқат табу мақсатын қою. Өз айтқанымды ғана болдырам деп
ғылымға қол созба.
3 Ғылымда салғырттықтан,еріншектіктен сақ бол.Білгендеріңді іске асыруың керек .
Ол үшін еңбек етуің керек.
4 Ғылым-білімде ұстамдылық қажет, ақыл-ойдың,мінездің беріктігі керек, ол үшін қайрат
керек. Абайша айтқанда «Ақыл,қайрат,жүректі бірдей ұста», «Ғылым сол-үшеуінің
жолын білмек.
5 Еңбек. Абайдың пікірінше, ерінбей еңбек еткен, ізденген, әр нәрсенің жөнін біліп, әрекет еткен кісінің жетпейтін арманы болмайды.
Түбінде баянды еңбек-егін салған,
Жасынан оқу оқып,білім алған.
Би болған,болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған....деп өз елін отырықшылыққа, егіншілікке,ғылымға шақырады.Еңбегіңді сат, арыңды сатпа,сонда ғана сен адамсың.
Малды не жерден сұрау керек,не аққан терден сұрау керек.
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар....
Сақалын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық деп адамның адамгершілігі тек адал еңбегімен бағаланатындығы туралы ой қозғайды.
Терең ой. Адамды адам еткен еңбек болса,сол адамды барлық жан-жануардан ерекше айырып тұрған екі қасиетті Абай жоғары бағалады. Оның 1-ақыл-ой,2-сөз .Ойлау-күрделі психикалық үдіріс. Оның мазмұны өте бай,ал ешқандай сөз ойдың барлық байлығын қамтып бере алмайды.
Көңілдегі көрікті ой,
Ауыздан шыққанда өңі қашады. Адам үздіксіз ойлауы керек
Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ деп ой-пікірсіз,сылдыр сөзді адамдарды қатты сынға алды
«Көп айтты деп көне салатын,
Жұрт айтты деп сене салатын» адамдарды Абай толық адамдардың қатарына қоспайды. Ондайлардың терең ой мен ғылым іздемей,өтірік пен өсекке үйір болып, өмірін босқа өткізетініне қатты қынжылады.
Ойға түстім, толғандым,
Өз мінімді қолға алдым.
Мінезіме көз салдым,
Тексеруге ойландым,-деп нағыз адам әрқашан өткен-кеткеніне қорытынды жасап, өмірге сын көзімен ой жүгірте,келешекке үлкен сеніммен қарауы керек деген тұжырым жасайды. Абай «Тәрбие арқылы адамды тура жолға қоюға бола ма? дейді де, «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам,адам мінезін түзеп болмайды деген
кісінің тілін кесер едім» дейді.
Қанағат. Абай адамгершілік,иман туралы толғаныстарында «қанағат» ұғымына ерекше мән береді.
Қанағат-барға риза болу,місе тұту,нысаптан шықпау,нәпсіге ермеу.
Қулық,сұмдық,ұрлықпен мал жиылмас,
Сұм нәпсің үйір болса, тез тиылмас.
Зиян шекпей қалмайсың ондай істен,
Мал кетер,мазаң кетер,ар бұйырмас.
Ал қанағатсыздық-өзі тойса-да, көзі тоймайтын,тойымсыздық,нысапсыздық.
Қанағат қарын тойғызса, жалғыз атын сойғызуға жеткізетін қанағатсыздықты
ақын «Адам баласы қанағатсыздықпен... хайуандардың тұқымын құртты» деп мінейді.
Өз өміріне, өз ісіне риза болмай, онымен қоймай арамдық жолға түскендерді Абай жиіркене сынайды.
Өз заманындағы адамдардың тойымсыздығына,қанағатсыздығына ақын қатты қынжылады. Бес асыл істің 5-сі –рахым, яғни адамның мейірім, шапағаты, адамға істеген қамқорлық, жақсылығы.үшін ғана болса,адамшылықтың орны болмайды екен.Абай адамның адам болуын адамға істеген жақсылығымен, мейір-шапағатымен бағалайды.
«Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Адамшылықтың қарызына еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың» дейді 37-сөзінде.
Достарыңызбен бөлісу: |