Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер



бет44/122
Дата25.09.2024
өлшемі1,12 Mb.
#205095
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер

Ежелгі Шығыс білімі – бұл Ежелгі Шығыста практикалық тәжірибені индуктивтік жалпылау арқылы және қоғамда профессионалдық түрде ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берген білім. Білімнің дамуы стихиялық түрде өткен; таным нәтижелеріне ешқандай сынау-рефлексиялық қызмет өткізілмей, оны сынаудан айналдырмай дәлелсіз догматикалық негізбен қабылдаған; білім дайын түрде жарияланған қызмет рецепті түрінде қалыптасқан, оған практикалық-технологиялық, утилитарлық қасиеттері себеп. Ежелгі Шығыста қалыптасқан таным іс-әрекетінің тарихи типі интеллектің ғылымға дейін кезеңіне сай және әлі де ғылыми деп аталмайды.
Классикалық ғылым - өзі Галилей мен Пуанкареге дейін қалыптасқан тарихи-мәдени ареалдағы үстемді ой өріс түрінде жарияланған ғылыми интеллектің өзгеше жағдайы. Ғылым дамуының классикалық кезеңінде теорияландырудың /мәселені қою тәсілдері, зерттеу тәсілдері, пәндік аймақтарын сипаттау, нәтижелерді дәлелдеу түрлері, нәтижелерді ұсыну, мазмұндау, бекіту түрлері/ типикалық ерекшеліктерінің эвристикалық бастамасы болғандар: фундаментализм, финализм, имперсоналдық, абсолютизм, қияли реализм, субстанционалдылық, динамизм, сумматизм, эссенциализм, аналитизм, механицизм, кумулятивизм.
Бейклассикалық /классикалық емес/ ғылым – классикалық емес кезеңін идеялық негіздері – 20 ғ. архетиптеріндегі көп мағыналы идиомалар: жаңашылдық, ревизия, дәстүрмен кездесу, экспериментаторлық, стандарттан ерекшелік, шарттылық, визуалдылықтан бет қайтару, концептуализм, символдылық, бейнелеудің өзгертілген стратегиясы. Осы, өмір мағыналы ортада канонға сәйкес емес белгілірге толы дәстүрлі емес интеллектуалды перспектива қалыптасты. Соның ішінде: полифундаментализм, интегратизм, бірізгіліксізділік, когеренттік, көрнекіліктен айырылу, интертеориялылық.
Необейклассикалық ғылым – әлемнің мағыналы қасиеттерін көрсеткен және класикалық пен классикалық емес ғылымдарды қалыптастырған білім-бейнеге қарағанда біз басында тұрған неонеклассика білім инструмент ретінде қызмет етеді. Алғашқы кезеңдерде танымның мақсаты болмыс туралы білім болса, қазіргі кезден бастап осындай мақсат ретінде біздің қажеттілігімізге сай болмыстың жарату перспективасын тану өзекті. Сөйтіп, неонеклассикада субстанционализімнен креативизімге, онтологиядан телеологияға жылжуды байқаймыз, бұл білімге жаңа тенденциялардың еңгізілу белгісі. Соның ішінде: синкретизм – айқын білімді алуға негізделген фундаменталдық ғылымның интенциясы мен қоғамда жұмыс атқаратын қолданбалы ғылымның интенциясының бірігуі; телеономия - әлемнің антропоморфтық анықтамасын, әлемді өкпек, рызық мақсаттық-мағыналық бастамасын ашу; жаңа рационалдылық – қатаюдың оптималдық жолы арқылы қабылдалынатын құндылық-мақсаттылық түрде іске-асырудың болмыс-ұйытындысы. Классикалықпен қабылданған өзіндік әр бөліктерінде анық, жоққа келтірілмейтін, қажетті, өзінің ішкі жағында анық гносеологиялық утопия түбінде шекке жетті. Білімнің классикалық идеалдарының құлдырауына әкелген бәріне ортақ өзгерістер: ғылымның пәндік аймағында /неэвклид геометрияны құрастыру, небульдік алгебра, кванттік-релятивистік құрылыстар т.б./, оның бүкіл методологиялары /Гедель, Тарский, Коэн, Левенгейм, Сколем, Бринджмен, Бор, Гейзенберг т.б. ғалымдардың шектелген нәтижелері/.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет