Жан Франсуа Шампильон /1790-18320 жж./ египтологияның қалаушысы, ежелгі папирустарды оқуға кілт тапқан. Иерглифтер әуелі өзіндік аттар мен сандарды білдірген, белгілер бір әлде бір-неше дауссыз дыбыстардың суреті және дыбыс белгісі. Бірақ әр дыбысқа оқылмайтын, мағыналы таңба берілген, олар қиын, оқылмайтын жазуларды құрастырады. Тасқа жазылуда қолданған көбінесе, ал шаруашылықта, әдеби және ғылыми кітапты жазу үшін тез оқылатын жазу қолданылады.
Астрономия күн сағаты мен математикалық географияда қолданылған; Жер форма тұрғысынан дөнгелек және кеңістікте қозғалыста екендігін египетіктер жақсы білген; күн календарін жасаған – жыл төрт айдан тұратын үш сезонға бөлінген, 30 күннен тұратын ай декадаға бөлінген, жылда 36 декада, жылдың сонына 5 күн қосылады. Календардің практикалық себебі Нил өзенінің ағымының периодикасына қатысты. Нилдің ағуы Сириус жұлдызының таңда шығуымен белгіленеді; бірақ египеттіктер астрономиялық пен календарлық жылдарды бір-біріне сәйкес келтірмеген; олардың айырмашылығы 1 сағат, түбінде 120 жылдық қатеге әкелді; Коперник осы календарді өзінің ай мен планета таблицаларында қолданған.
Күнді 24 сағатқа бөлу египеттіктердің жаңалығы, египет саны 10 күндізгі, 12 түнгі, 2 қаранғы сағаттардан тұрады. Египеттіктер аспан картасын шығарып, планеталарға бақылау жасаған.
«Бәрі халыққа, бірақ халық арқылы емес» деп египет абыздары білімдерін құпия түрінде сақтаған. Білімге жақындаған адамдар жабық қоғамды құрған сон, профандар оған кіргізілмеген; ұстаздық пен жетекшілік ғылыми кадрлерді даярлауда жұмыс принципі; генетика мен клондық істе олардың білімдері әлі үстемді және қызықты, себебі информациялық технология арқылы қайта жаңғыртуға болады.
3 болжам: соңғы ортағасырлар мәдениетінде ғылымның пайда болуы туралы. Кейбір мәліметтерде ғылымның шығуын Батыс Еуропада /12-14 ғғ./ соңғы орта ғасыр мәдениетінің өркендеуінде деп санаған. Ағылшын епископ Роберт Гроссетест /1175-1253 жж./ пен ағылшын францискан монах Роджер Бэконның /1214-1292 жж./ қызметінде тәжірибелік білімнің ролі басқаша қарастырылған.
Гроссетесттің «Сәуле туралы» трактатында Құдай туралы ештеңе жоқ, бірақ Аристотельдің «Аспан туралы» шығармасынан үзінділер келтірілген. Ол оның категориялық аппаратын қолданады; Гроссетесті орта ғасыр ғылымның пионері дейді. Оның қаламымен «О тепле Солнца», «О радуге», «О линиях угла и фигурах», «О цвете», «О сфере», «О движении небесных тел», «О кометах» деген шығармалар жазылған. Олардың математикалық дәлелдемесі сан символымен байланысты: «Форма ең қарапайым түрі ретінде, ешқандай мәнге келмейтін онымен бірлікке теңістіріледі; форма арқылы өзгеретін, екі ұштас дүниесін көрсеткен сон екіге тең; форма мен материяның қосындысы сәуле – үш; төрт элементтен тұратын әр сфера – төрт. Барлық санды қосқанда – 10 болады. Сөйтіп, он – бүкіл универсумның сфераларының қосындысы». Гроссетест фактілерді бақылау әдісін резолюция деп атайды; дедукцияға назар аударады; ал екі нәтиженің қосындысын композиция деп атайды.
Роджер Бэкон туралы қызық мәліметтер жеткен; ол су астында жүретін кеме, атомобиль, ұшқыш аппарат идеяларын ұсынған; лабораториялық жағдайда кемпірқосақты модельдеуге тырысқан; авторитеттен заттарға, пікірден мәліметтерге, диалектикалық пікірталастан практикаға, трактаттан табиғатқа көшуге шақырған; сандық зерттеулерге, математиканы кең түрде қолдануға шақырды; оның шығармаларын отқа жағып, өзін абақтыға жапқан.
Орта ғасырда алхимиктің образы - зертханада эксперимент жасап жатқан, көп түрлі опыттарында металлдардың трансмутациясы арқылы философиялық тасты, өмір эликсирін шығаруды мақсат ететін зерттеуші. Экспериментті сол кезде бірлік процесстердің комбинациясы деп түсінген.
Эликсирдің негізінде жасамды алтын алынады; сол кезде бәр металлдар жасалмаған алтын деген түсінік үстемді болған; свинец /қорғасын/ пен ртуть /сынап/ қосындысын қыздырғанда алтын шығады т.б. эксперименттер жасалған.
Лабораториялық алхимияның екі түрі болған: саяшылар және бәрінен алшақтау түрі; бірінші – механикалық эффектке бағытталған, ал екіншісі – тазарту мен медитативтік практикаға. Алхимиктердің көбі инквизициямен жойылған; оның позитивтік нәтижелері фармакология туралы трактаттарда сақталған.
Достарыңызбен бөлісу: |