Ортағасырлар ғылымы – орта ғасыр ойлаудың өзгеше сипаттары: схоластикалық теорияландыру, герметизм, символизм, иерархизм, авторитаризм, консерватизм, традиционализм, ретроспективтілік, дидактизм, талмудизм, телеологизм, универсализм, маңыраю, квалитатизм, мистицизм, эссенциализм, фундаментализм түбінде білімнің жоғары гносеологиялық құндылығына мүмкіндік бермейді. Кондорсе айытқандай, Орта ғасырда «бір принциптің мәнін зерттеу емес, соны негіздейтін мәтіндерді талдау, пайымдау, жоққа шығару әлде растау. Ереже айқын ақиқат болған сон қабылданылмайды, бір кітапта әлде бір елде бір ғасырда қабылданған сон. Сөйтіп, адам авторитеті ақыл авторитетінен үстемді болды. Табиғатқа қарағанда кітаптар зерттелген, ежелгі данышпандардың ақылы Ғарыш құбылыстарымен салылыстырғанда үстемді болған».
1. Ғылымның дамуы мәселе ретінде.
Ғылымның тарихи уақыты туралы мәселе бір-неше шешімнің иесі болады. Олардың барлығы үстемді және күшсіз болуы мүмкін, себебі, әр ұсынылған версияда тарихи уақыттың әсерімен ғылым өзгеше сипатталады.
1-болжам. Кейбір ғалымдар антика ғылым феноменіне назар аударады, яғни, сол кезде теориялық ғылымның негіздері қалыптасты деген пікір /мысалы, Евклид геометриясы/. Алғашқы натурфилософтар /Стагириттің анықтамасы бойынша «фисиологтар»/ көбінесе философтар емес, ғалымдар болған. Бәрімізге мәлім, антика әлемі математиканы қолданып, теориялық деңгейіне дейін әкелді. Антикада ақиқатты тануға, жаңдандыруға, яғни, логика мен диалектикаға назар аударған.
Ойды жалпы рационалдандыру арқылы өзгерістер басталған. Ойды метафорадан жеңілдетті, сезім образдардан анықтамалармен жұмыс жасайтын интеллектке бет бұрды, философияның дәстүрлі мәселелерін жаңа түрде көрсетті. Бүкіл антропоморфтық күштерді ысырып, аңыз поэтикасының орының логос, табиғат заттары туралы «ақыл сөз» алады. Алғашқы «фисиологтар» әлде натурфилософтар өздерінің алғашқы бастамалары /су, от, жер, ауа/ туралы ілімдерімен таныс болды. Сөйтіп, ақырын философиялық жүйелер рационалды түрге келтірілген білімге айналды. Аңыздың тұлғалық-образдық түрі философияның тұлғасыз–анықтама түріне ауысады. Кейіптеу абстракциямен ауыстырылады. Көп-түрлі адамға тән құдайлардын орнына бәріне ортақ табиғи – мәнгі және көп-түрлі табиғат ұсынылды. Мифологияда реалдылық ты елестетсе, натурфилософияда оны түсінуге тырысады.
Сенека алғашқы philosophia naturalis деп Сократ пен софистерге дейін Ежелгі Грецияның философиялық ілімдерін атаған. Алғашқы ежелгі грек натурфилософтары – табиғатты зерттеген милет мектебінің өкілдері: Фалес, Анаксимандр, Анаксимен және Эффестен Гераклит де ғалым болып саналады. Мысалы, Фалес күн тұтынуды болжаған, ай сәулесін түсіндірген, Ай Күннен өз сәулесін шағылыстырады. Қарапайым геометриялық теореманы дәлелдегенде ол дедуктивтік әдісті қолданды. Дәстүрлі түрде оған келесі шығармалардың авторлық иесі берілген: «Морская астрология», «О солнцестоянии», «О равноденствии», «О началах» - осының бәрі табиғатқа назар аударуын білдіреді.
Фалестің шәкіртің Аниксимандрды «грек, сонымен бірге бүкіл еуропалық табиғат туралы ғылымның нағыз бастаушысы» деп атайды. Оның пікірінше мәңгіліктің бастамасы /принципі/ және стихиясы /элементі/ - апейрон /грек «шексіз»/. Апейрон – шексіз, анықсыз – бүкіл дүниенің негізінде жатыр, жарату күштің иесі, жалпы бәрінің шығуы мен сөнуінің себебі болады.
Натурфилософияның Логосы өзінің мазмұны ретінде дүниенің негізін іздеу, оның құрылысының себебі мен заңдарын ашу қабылдаған. «Фисиологтар» көп-түрлі табиғи құбылыстардың ортақ бірінші негізін ашуға тырысқан. Бірінші бастама деп аталған мәндер жәй физикалық стихия емес. Олар өзінде физикадан тыс, жоғары мағынаны ұстаған. «Логос» деген термин өзі – жалпы заң, дүниенің негізі, әлемдік ақыл және сөз деген мағыналардың иесі. Мәңгілік туралы сөз сияқты ол мифтің қиялына, заттардың сезімділік қабылдаудың жәй көрінуіне қарсы қолданған ұғым. Мифтен логосқа – деп универсумды түсінуде қабылданған антика ойының жолы аталады.
Натурфилософия табиғатты тұтас түрде түсінуге бағытталған ойлаудың ең алғашқы тарихи түрі. Ол мифологияда үстемді болған «жаратушы» образдын орнына себептілік идеяны ұсынды. Натурфилософия шеңберінде бір-неше болжаулар ұсынылды: атомистік гипотеза, хаостан реттіліктің пайда болуы туралы гипотеза т.б.
Натурфилософияда дүниені түсіндіруде қалыптасқан екі бағыт айқын: «Барлығы тұтас болады» және «Тұтас барлық болады». Біріншісі бойынша, көп-түрлі табиғат әлемі өзінің негізінде бәріне ортақ субстанция арқылы құрастырылған – бірінше элементтерден әлде кірпіштерден – атомдардан. Екіншісінің пікірінше, өзінің бірлігінде тұтас универсум даму барысында өзінен табиғат құбылыстарының көп-түрлігін жаратты. Сөйтіп, натурфилософтар келешек философия үшін маңызда екі мәселені шығарды: субстанция мәселесін – мәндіктің мәнгі бар негізі туралы және қозғалыс себеп принципі бүкіл өзгерістің негізі. Бірінші сұраққа Фалес «Су бәрінің бастамасы» деп жауап берсе, қозғаушы кұшпен ол жанды байланыстырады. Магнит темірді қозғалтса, яғни, жанды деп айтқан.
Сонымен бірге, айқын және маңызды «сыртққа бағытталған» интенция табиғат туралы жаңа идеяны қалыптастыра бастады, ол натурфилософтарды антропоморфизация принциптерінен арылып тек заттың логика жолымен ойлануды қажет етті. Натурфилософиялық ойлау объектке бағытталған. Сонымен қатар, анықсыз реалды байланыстар «идеалдық фантастикалық байланыспен», ал «жетілмейтін фактілер – қиялмен» ауыстырылынған.
Аристотель өзінің алғашқы «фисиологтары» туралы «олар элементетер мен бастаманы құрастырғанда, логикалық дәлелсіз, бірақ қайшылықтар (tanantia legoysin) туралы ақиқатпен мәжбүрленгенің айтады», солай натурфилософтар стихиялық диалектиканың бастамасын бекітеді.
Пифагоршылдықтар философияны математикамен біріктіріп, дүниенің сандық құрылысы туралы сұрақ қойған. Ежелгі грек философы Пифагор – Кротонда Пифагоршылдық ұжымның қалаушысы – «ғылымның атасы». Онымен құрастырылған ұжымның дәстүрлері мен рәсімдері қатал болғаны анық; ұжымның өкілдері аскетикалық өмір сүрген. «Ең данышпан - сан», «сан заттардың иесі» - Пифагордың тұжырымдарының бірі. Тұтас бастама өзінің көрінбейтін мәнінде – ноль болады, ал – абсолюттің көрінісі ретінде – бірлікке тең. Бірлікті екіге айналдыру: тұтас реалдықты материя мен рухқа; «бір нәрсе туралы» біліммен «басқа туралы» білімге. Пифагор «сфералардың үйлесімділігі» туралы ойында ғарышты реттелген және симметриялық біртұтастықғы деген. Дүниені «сезімді емес» интеллект арқылы түсінуге болады. Математика парадоксалдық түрде теологиямен байланысты болған, ал теология өзі математикадан басталған.
П. Гайденко айытқандай, Грецияда біз математиканың теориялық жүйесін қалыптасуын байқаймыз: гректер тұнғыш рет қатал түрде бір математикалық ережелерден екіншісін шығарды, яғни, математикалық дәлелдемені еңгізген».
Элеаттар, олардың ішінде, Ксенофан, Парменид, Зенон және Мелис болмыстың субстанционалдық негізі туралы және ойлау мен болмыс арасындағы қатынастар туралы сұрақтар қойған. Өзінің «Табиғат туралы» негізгі шығармасында әділет құдайының –Парменидтің аузымен өзінің философиялық ойы жеткізіледі –«пән туралы ой және пәнің ойы бір». Бейболмысты ойлауға мүмкін емес, себебі, ол – жоқ. Сөйтіп, бейболыс туралы ой өзі бейболмысты болмыс қылып, ойдың пәніне айналдырады. «Нағыз» бар, ал «нағыз емес» жоқ. «Нағыз болмыс» тұтас, өзгермейтін, бөлінбейтін «біртұтас». Уақытша, өзгеретін, ағылым сезіммен байланысты. «Нағыз болмысты» біз ақылмен түсінеміз. Ойлау біртұтастықты, ашады, ал сезімдер – көп-түрлілікті. Қалай сезім дүниесі ақиқатқа қарсы, солай пікір – білімге. Парменидтің ойлау мен болмыс арасындағы теңдік ғылыми ойлаудын бастамасы.
Парменидтің шәкірті Зенон болмыстың біртұтастығы туралы идеяны қарсылық әдіс арқылы дәлелдейді. Көп-түрлі заттар реалды түрде қанша болса сонша болу қажет, одан аз да көптей болмау керек. Олар қанша бар, сонша болады, саны шектеледі. Болмыстың қозғалмайтындығын, Зенон апориялар /қиын, шешілмейтін мәселелер/ арқылы дәлелдегісі келді. Оның пікірлері Аристотельдің «метафизикасы» арқылы жетті, келесіде осы атауларға ие болды: «Дихотомия», «Ахиллес және тасбақа», «Жебе», «Стадион». Біріншісінде, «Дихотомияда» қозғалыс басталу үшін қозғалушы жолдын жартысың өту керек, солай шексіз. Шексіз кішкентай үзінді нольге ұмтылады, бірақ жоғалмайды да. Оны анықтау мүмкін емес, себебі, адам бүкіл жолды өте алмайды да, бастап да алмайды. Зенон, сөйтіп, дүниеде өзгеретін, қозғалатын заттар қайшысыз ойланбайды деп тұжырымдайды. Физикалық әлем қайшы.
Зенонның апориясында сезімнің нәтижелеріне сүйенгенде керісінше пікірлер туылды. Сезімдер қозғалысты «көрсе», ақыл оны «түсінгісі» келеді. Ақыл мәнді зерттейді десек, ал сезім – құбылыс пен қөріністерді, яғни, мәнде қозғалыс жоқ. Бірақ Зенон қозғалысты қайшылықсыз сүреттеу мүмкін емес дейді. Сөйтіп, қозғалыс – ол қайшылық. Зенонның апорияларының құндылығы - реалдылықтың қайшылығын айқындайды. Сол себепте, оны диалектиканың бастаушысы деп аристотель айытқан. Ал Зенон өз шығармаларын Парменидтің «бәрі көп болады» деген тезисті дәлелдеу деп қабылдайды. Бәріне себеп болған пікірталасқа сүйіспеншілік.
Философтардың барлығы қозғалыс мәселесін маңызды деп есептеген. Аристотель /Стагирит/ қозғалыстың білмегендігі себептін білмегендігіне әкеледі деген. «Санға азаю мен көбею қасиеттер берілген: сапаға – айналыс, мәнге – жәй шығу мен жоюшылық». Қозғалыстың алты түрін ажырату қажет: пайда болуы, жоюшылық, азаю, ауысу. Бірақ материяның өзгермейтін концепциясын дамытуда Аристотель, түбінде келесі тұжырымға келген: қозғалыстың себебі бірінші түртпе – барлық іс-әрекеттің бастамасы, таза форма. Сонда қозғалыс атрибут емес модус болады, материяның қарапайым қасиеті, бірінші итермемен негізделеді. Философияның келесі кезеңдерінде қозғалыс материяның атрибуты ретінде қарастырылмайды, тек оның қарапайым қасиеті деп қабылданады.
Анаксагордың «Табиғат туралы» шығармасы келесі сөйлеммен басталады: «Заттар бәрі бірге болған...». Стихияны бастама ретінде қабылдамай, ол «бәрі барлығында» деген тезисті ұсынған. Бастаушы болып заттардың қасиеттері қабылданған, ал олар көп. Анаксагор оны «дәндер» деп атаған, ал Аристотель «гомеометрия», яғни нақты сияқты дейді. Әр гомеометрия шексіз бөлінеді, көп-түрлі, біртұтас сияқты өзіне бәрін қамтиды. Бірақ, Анаксагордың гомеометриясы пассивтік материя, ал хаостың космосқа тек активтік бастама арқылы ауысатыңдығын ол ескермеген. Анаксагор оны Нус әлде Ақыл дейді. Ол әуелі бәрін айналмалы қозғалысқа әкеледі, содан кейін, сол арқылы түрлер пайда болады. Жеңілдер шетіне, ал салмақтылар ортасына түседі. Анаксагорды рационалистік дәстүрдің бастаушысы деп атауға болады. Бірақ ол осы бағытты ұстанбай, бәрін механистикалық тұрғыдан түсіндірген.
Атомистика өзінің – Левкипп, Демокрит, Эпикур, Лукреций Кар деген өкілдерімен – элеаттардың «бейболмыс жоқ» деген пікіріне қарсы шығып «қуыстықты» ұсынады. Бүкіл процесстер мен қозғалыстың бастамасы болып, ол өзі қозғалмайды, шексіз, тығыздықсыз. Болмыстың түрлері мен тығыздығы бар, және қуыстықсыз; ол бөлінбейтін /грек «атомос»/. Атом өзіне тең, бірақ көп түрлі, реттілігі мен орыны өзгеше. Демокриттің ілімінде жан атомнан тұрады. Дүниенің атомистикалық концепциясында көп түрлілікке сипаттау берілген, және пайда болу, жоюлу, қозғалыс мәселелері өзгеше шешілген.
А.Н Чанышевтің пікірінше, атомистер Гераклит пен Парменидті бірікткріп: зат дүниесі ағылуда, ал соны құрастыратын элементтері өзгермейді деген. Атомистер болмысты, қозғалысты сақтау заңдарын және себептілік туралы заңды жариялаған. «Ешқандай зат себепсіз болмайды, бәрі себеп байланысы мен қажеттілік арқасында». Кездейсоқтық әлі субъективтік деп түсінген, оның себебін адамдар білмейді.
Ғылыми ойлаудың даму тұрғысынан софистердің үлесі аса маңызды болды. Олар өздерінің күшін анықтама, әдіс, аргументация, логикалық дәлелді шығару процесіне, пікірдің нәтижелерін айқындауға салады. Қайшылықсыз дәлелденген рационализм, релятивизм, скептицизм және нақты қойылған мақсаттар софистерден бастапқы ғылыми ізденістің қажетіне айналды.
Зерттеушілердің пікірінше, антика ғылымда салыстырмалықсыздық феноменімен соқтығысқан. Иррационалдық сандар реттеудің логикасына қайшы. Антика ғылымының тарихында салыстырмалықсыздықты жүйеге келтіру бір-неше талпыныс жасалған. А. Огурцов айытқандай: «Демокрит өзінің «Иррационалды сызықтар мен денелер» атты шығармасында, соңғы пифагоршылдықтар /ғарыштың құрылыс реттілігімен салыстырмалықсыздық идеясын/ біріктіре алмаған. Сөйтіп, олар математика құрылыстарынан тыс деп тұжырымдаған».
Бірақ, үйлесімділік, симметрия, реттелген ғарыш идеялары үстемді болған. Платон салыстырмалықсыздықтың түбінде хаос онтологиясы жатыр деп, математиканың реттелген құрылысының қоғамдық маңызына назар аударады. «Математика мемлекетті меңгеруде келесі қажеттілігі бар: жанның жоғары құрылысын құруға, оны хаостық және ретсіздік сезім әлемінен алшақтап реттілік, гармония, симметрия үстемді, мәнгі болмыс әлеміне бет бұруға икемделеді» деген.
Ғылымға деген жүйеленген қатынасты Аристотельдің шығармаларында табамыз. Мысалы, оның «Физика» атты шығармасында физиканың философиясын табамыз. Аристотельдің бір пікірінде айтылған: «Осыған деген табиғи жолдың қадамы анық түрден анықсызға жылжыды: бізге анық және өзгешенің табиғаты бір емес». Сөйтіп, Аристотель ғылыми танымның ең маңызды түрі тікелей танылатыннан түсіну арқылы жетілетінге кешу дейді. «Нағыз еместен» шығуды Аристотель кездейсоқтық деп түсінеді. Қозғалыс потенциядан энергияға, мүмкіндіктен реалдылыққа көшу. «Физикада» ол үздіксіз идеяны қарастырады. Ойлаудың шексіздігін Аристотель Ғарыштың шексіздігінің шарты деп қабылдайды. Перипатетикалық физикада қуыстықтың мүмкін еместігі негізделеді, математика мен физика қатынасында физикаға үстемділік берілді. Физика «фундаменталды ғылым», «базистік» деуге болады. Кеңістік пен уақыттың мәнін анықтауда антика философиясында екі концепция қалыптасқан: субстанционалды мен реляционды / relatio — «қатынас»/. Субстанционалды концепцияның бастаушысы Демокрит /кеңістік мәселесі бойынша/, Платон /уақыт мәселесі бойынша/, олар кеңістік пен уақытты өзгеше жетілген мәндер, материядан, бір-бірінен тәуелсіз деп ойлаған. Демокрит қуыстықты реалды, атомдардың қозғалысына ықпал дейді. Демокрит, Эпикур, Лукреция Караның ілімдері бойынша, кеңістік объективті, біртүрлі, шексіз. Ол атомдардың сиығызушысы. Уақыт мәңгілікке тең, ол таза созылу, алғашқыдан келешекке ағылым. Уақыт жағдайларды сиығызады.
Аристотель керісінші пікірлерді ұсынды. Реляционды концепцияның мағынасын көрсеткен. Қуыстықты жоққа шығарған Аристотель, кеңістік бірдей емес, ол заттардың тұратын табиғи орыны деп тұжырымдайды.
«Уақыт дегеніміз не?» деген сұраққа Аристотель былай дейді: қозғалыста да, уақытты да «әуелгі» және «содан кейін» деген мағынасы бар. Қозғалыс арқылы біз бір-бірінен өзгеше «қазірді» анықтаймыз. Уақыт сол «қазірдің» қозғалысы, аусуы, саны, «алғашқы мен сонының байланысы».
Осы екі тенденциялар – болмыстың заттық толуынан өзгеше, объективті, тәуелсіз, әлде қозғалыстағы материяның ішкі аспектісі. Бірінші субстанционалды концепция 20 астам ғасыр үстемді болды: Ньютонның қозғалмайтын, үзіліссіз, 3-мерлік кеңістік Демокриттің пікірінің қайталауы; классикалық механикада кеңістік пен уақыт объективті, ештеңеден тәуелсіз, бәрін қамтиды. Ньютон абсолюттік уақыт «өзгеше, өзінің мәні бойынша, сыртқы дүниеге қатысы жоқ, бірқалыпты созылады, әлде ұзақтық деп аталады».
Кеңістік пен уақыт туралы, Аристотельдің пікіріне сай, жаңа заманда Лейбниц пен Декартпен дамытылған ойлар айқын. Бірдей қуыстық, таза ұзақтық өзгеше, болмыстан тыс бастама ретінде мүмкін емес. Кеңістік – заттардың тұру реттілігі, уақыт – бір-бірін ауыстыратын жағдайлар. Объектердің бойлығы, процесстердің ұзақтығы – бірінші қасиеттер емес, олар тартылыс және қағажыту /отчуждение/ күштердің ішкі және сыртқы байланысымен, қозғаласымен, өзгеруімен негізделеді. Аристотель-Птолемейдің геоцентірлік жүйесі қарапайым пікір мен тәжірибемен негізделген. Геоцентризм ақиқатқа айналған. «Астрономияның әйгілі математикалық құрылысы» атты шығармасында Күн, Ай және басқа аспан денелерінің қозғалмайтын Жерді айналуын математикалық есептер арқылы дәлелдеме жалпы қозғалыстың математикалық түрде есептеуіне ықпал етті. Птолемейдің асторономиялық таблицалары практикалық астрономияда кең қолданған.
Осы версияның жалпы тұжырымына келсек: философиядан басқа ғылымдар бастама алады. Әлде, классикалық антика ғылымында натурфилософтардың бастаушы бағдарламасында құбылыстарды тұтас түрде зерттеуге ықпал пайда болды, ғылымдарды, олардың пәндері мен әдістерін өзгеше қарастыруға тенденциялар қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: |