Ғылым тарихы және философиясы


Ибн-Хальдун – қазіргі заманғы әлеуметтік философияның және саясаттанудың негізін салушы



бет36/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

Ибн-Хальдун – қазіргі заманғы әлеуметтік философияның және саясаттанудың негізін салушы



ибн-Хальдун (1332-1406) – тарихшы және философ, сондай-ақ араб Шығысының жарқын ойшылдарының бірі. Оның негізгі еңбектері:

        «әл-мүккадима», «арабтардың, парсылардың және берберлердің тарихы...», «өнеге-өсиет үлгілерінің кітабы» және басқалары.



Болмыс туралы ілімінде Ибн-Хальдун әлем тәртіпке келтірілген, үйлесімді, денелер мен заттар бір-бірімен өзара байланыста дегенді айтады. Заттардың негізінде сол баяғы төрт элемент: жер, су, ауа, от жатыр. Олардың заттарға араласып кеткеніне қарамастан, сол элементтердің біреуі басым болуға тиіс, олай болмаса, зат өмір сүре алмайды. Заттардың бұл өмірде болуында дүние элементі саналатын оттан шығатын «туа біткен жылу» шешуші рөл атқарады.
Әлемде болып жататын алуан түрлі үдерістер адамға тәуелді емес.
«Табиғатта даму бар ма?» – деген сұраққа ол оң жауап қайтарады. Табиғаттағы ең бір күрделі түпнегіздерге қараңызшы: минералдар, өсімдіктер, жан-жануарлар бұл дүниеге бірінің артынан бірі келіп жа- тады. Аса күрделі минералдар мүкке айналса, ал ең жоғары тұрған өсімдіктер қарапайым жәндіктер – ұлуларға айналады. Жануарлар әлемі көбейе және өне бойы тіршілік иелерінің жаңа-жаңа түрлерін тудыра отырып, ақыр соңында, ақылы бар тіршілік иесі – адамның пайда болуына жеткізеді. Маймылдарға қараңызшы: олардың түйсіну,

1 Гедонизм – адам рақат тұрмысқа ұмтылады дейтін көне грек ілімі.
қабылдау сезімдері бар, бірақ ойлау қабілеті жоқ. Сөйтіп, Ибн-Хальдун Ч.Дарвинге дейін 400 жыл бұрын-ақ, рас, тым қарабайыр болғанмен, өмірдің дамитыны туралы идеяға келген.
Табиғат пен қоғамның өзара қарым-қатынастары мәселелерін де алғашқылардың бірі болып Ибн-Хальдун қойған. Адамдар бір-бірімен азық тауып жеу қажеттілігіне бола бірігеді, өйткені онсыз өмір жоқ. Адамдарды бірігуге келтіретін екінші фактор – ол жабайы жан- жануарлардан, тіпті адамдардың өздерінен де қорғану қажеттігі.
Сөйтіп, адамдардың табиғаттан шыққанына қарамастан, олар, қалай болғанда да, әлеуметтілік деңгейіне дейін көтеріледі. Бірақ Табиғат туындысы болғаннан кейін, адам оның ықпалынан толықтай шығып кете алмайды.
Табиғат қоғамға бәрінен бұрын өзінің климаты (ықылым) арқылы ықпал етеді. Ол жер бетіндегі климатты жеті белдеуге: ең суық аймақтар (7-6-белдеу), ең ыстық (1-2-белдеу), қалыпты (4-белдеу), ау- ыспалы (3 және 5-белдеу) ажыратып бөледі. Ең суық және ең ыстық аймақтардағы адамдар қызба мінезді, ұшқалақ болып келеді, өйткені олар қиын жағдайларда өмір сүреді. Тіпті олардың дене құрылысы мен бет әлпеттері де соны айтып тұрады. Африкалықтар денелерінің қара түсі, ал солтүстіктегілердің бозғылдығын ол осы факторлармен түсіндіреді. Табиғат адам жанының толғаныстарына, мінез-құлқына, ал жейтін тағамдары дене құрылысына әсер етеді. Бүгінгі күні ондай ой-пікір географиялық детерминизм1 деп аталады.
Ойшылдың осындай пікірлерінде ұтымды мән-мағына бар ма? Әрине, бар. Оның үстіне, теориялық қана емес, практикалық-саяси да мәні бар. Бүгінгі таңда дамыған елдердің тәжірибесін үйрене оты- рып, біз өз еліміздің ерекшеліктерін ескермейміз, яғни қыстың жеті айға созылатынын, судың тапшылығын, халықтың аз қоныстанатын аймақтарын, көп жерлердің бос жатқанын естен шығарып аламыз. Де- мек, біз, сірә, елімізді еуропалық мәнермен өзгерте алмаспыз. Еліміздің болашақтағы бейнесі өзіндік болмақ. Мүмкін, халық аз қоныстанған көптеген жерлер ұлттық саябақтарға айналар, ал біз бүгінгі күні құрып бара жатқан өсімдік әлемі мен жануарлар әлемін қалпына келтірерміз. Демек, біз ата-бабаларымыздың тәжірибелерін ұмытпауға тиіспіз.
Сонымен бірге Ибн-Хальдун барлығының да табиғат факторларына тәуелді еместігін айтады. Климат жағдайлары бірдей елдерде өмір сүріп

1 Детерминизм – табиғат пен қоғам құбылыстарының объективтік заңдылығы мен себептік байланыстылығын мойындайтын философиялық тұжырымдама.
жатқан әртүрлі халықтардың өмір сүру деңгейі де әртүрлі: біреулері бай, ал екіншілері кедей дегендей. Ибн-Хальдунның данышпандығы оның осы фактіні айтқандығы емес, ол сонымен қатар оның себептерін де көрсетеді емес пе! Қоғамдар өзара нені және қалай өндіретіндігіне және алған игіліктерді қалай бөлетіндігіне қарай ажыратылады. Сөйтіп, Ибн-Хальдун К.Марксқа дейін 400 жыл бұрын-ақ қоғамның материалистік түсінігіне дейін көтеріле алған.
Ибн-Хальдун терең ойшыл ретінде қоғам дамуындағы: бидави және хидари деген екі ірі кезеңді ажыратып көрсетеді. Бұл сөздердің шығу тегі мынадай: «бидави» ауылдық, бастапқы, көшпенді қоғамды, ал «хидари» қалалық, астаналық қоғамды білдіреді. Егер бастапқы кезеңде адамдар мал шаруашылығымен және жер өңдеумен айналысса, ал хидари кезеңінде қалалар, әртүрлі кәсіптер, сауда-саттық, ғылым мен өнер пайда болады. Бұл – іс жүзінде кейіннен еуропалықтар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет