Ортағасырлық ірі ғалым-энциклопедистердің бірі әбу-әли ибн- сина (980-1037) Бұқараға жақын жерде дүниеге келген. Ұлты – тәжік. Еуропаландырылған есімі – авиценна. Негізгі еңбектері: «логика»,
«метафизика», «Риторика» («Шешендік») және басқалары.
Ибн-Сина әлемнің білімді адамдарына өз қызметінің екі жағымен танымал: ол дәрігер және философ. Оның «Сауығу кітабы» төрт ғасыр бойы еуропалық студент-дәрігерлердің қойын кітапшасы болған.
Оның философиялық идеяларына тоқталар болсақ, оның болмыс туралы ілімі де эманация қағидасына сүйенеді. Әлем Алланың – бастапқы себептің жан-жақты жетілуіне және кемерінен асып төгілуіне байланысты пайда болған. Алғашқы себеп кемерінен аса отырып, иерархиялық тәртіппен Әлемдік Ақыл-парасатты, Жанды, қозғалыссыз
Аспан әлемдерін және, ақырында, Ай астындағы, біз өмір сүріп жатқан әлемді тудырады. Көріп отырғанымыздай, Ибн-Синаның көзқарасы Әл-Фарабидің болмыс туралы түсініктеріне жақын.
Ибн-Сина болмыстың «өмір сүру» және «мән» сияқты санаттары- на айтарлықтай көңіл бөлген. Алғашқысы – нақты, ал мән – дерексіз (абстрактілі). Мысалы, жер бетінде өмір сүретін нақты тірі адамдар, аттар, иттер және басқалары бар. Ал олардың мәні «адамдық» және
«хайуандық» ұғымдарды құрайды – олар жалаң, дерексіз. Әлемнің нақты денелері мен заттары бұл дүниеге келеді және уақыт өте келе – кетеді, ал олардың мәндері қалады, өйткені олар мәңгі және кемеліне келген.
Табиғатта бар заттар мен денелер ықтимал, болуы мүмкін бол- мыс қана болып табылады, өйткені олардың өзіндік негіздемелері жоқ. Олар бұл дүниеге жағдайлардың, кездейсоқтықтардың тоғысуы нәтижесінде келеді. Негізінде, олардың пайда болмауы да мүмкін. Ал егер қажеттіні, яғни бар болуды қарастырсақ, онда Ол бар және оның болмыссыздығы (болмаушылығы) мүмкін емес, өйткені оның өмір сүруінің өзіндік негіздемелері бар. Ол – Алла.
Ибн-Сина «жоқтан бар жасау», яғни әлемді жоқтан тудыру
қағидасын сынға алады. Егер Құдай бұл әлемді жоқтан тудырса, онда:
«Ол осыған дейін не істеген?» – деген сұрақ туады. Егер Оның осыған дейін «ештеңе жасағысы келмесе», онда Құдайдың Бар Ізгілігі жойы- лады. Ал егер «жасай алмаса», онда Оның Құдіреттілігі қайда? Бұл жағдайда Жан-жақты жетілгендік қағидасына айтарлықтай нұқсан келеді, ал егер Құдайдың кемістіктері бар болса, онда Ол өзінің ғажап Мәнін жоғалтады.
Ғұламаның бұл сынынан маңызды қорытындылар келіп шығады. Ол Жаратушы ретіндегі Құдайды жаратылған Табиғатқа қарсы қоймайды. Құдай Алғашқы себеп болып табылатындықтан, материалдық Әлем Құдайсыз өмір сүре алмайды, ал Ол, өз кезегінде, материалдық Әлемсіз өмір сүре алмайды. Бұндай ұстаным, негізінен, пантеизмге (Құдайды Табиғатпен біртұтас деп сендіретін ілім) жақын.
Достарыңызбен бөлісу: |