Шындыққа жету мәселелерін айтар болсақ, онда, Кузанскийдің ойынша, ол өзінің қарама-қайшылығы – өтірікпен бірге берілген. Олар, күн мен түн сияқты, – жарық пен көлеңке. Әлемдердің ішіндегі ең жоғарғы, жарыққа толы дүниеде де көлеңке бар, ал толықтай қараңғы, ең төменгі әлемде де жарықтың сәулелерін көруге болады. Демек, адамның ең терең танымдары да қателіксіз емес. «Нағыз білгіш те өзінің білмейтінін біледі», – деп тұжырымдайды ойшыл.
Айтылғандарды қорытындылай келе, Н.Кузанскийдің диалектика- лық ақылы Жаңа дәуірдің ғылымы мен философиясының қалыптасуы мен өркендеуіне орасан зор ықпал еткенін тағы бір рет ерекше атап өткенді жөн көрдік.
Қайта өрлеу дәуірінің ғылыми жетістіктері
Қайта өрлеу дәуірінде ғылым, негізінен, ғалымдардың ақыл-ойын әлі де схоластика торлап тұрған университеттерде дамыды. Бірақ со- нымен бірге суретшілердің, сәулетшілердің, өнертапқыштардың ше- берханалары ашылып, оларда бір пікірдегі замандастар бас қосып, ғылым мен өнердегі жаңалықтарды талқылайтын. Нақ сол көркем студиялардың қабырғаларында адам денесі құрылысын зерттеу басталған-ды, ал сәулетшілердің үлкен ғимараттарды жобалауы терең геометриялық және математикалық білімдерді қажет етеді емес пе.
Қайта өрлеу заманының ғалымдары алдыңғы кезекке тәжірибені, зерттеудің тәжірибелік әдістерін шығарады. Ғылымды математикалық жүйелеу ғылым дамуының, философиялық және ғылыми ойлаудың негізгі прогрессивтік үрдістеріне сай келеді.
Қайта өрлеу дәуірі алыптарының ішінде, мүмкін, ең тұлғалысы Леонардо да Винчи (1452-1519) – ұлы суретші, ғалым, инженер- өнертапқыш болса керек. Ол адамзаттың есінде өзінің «Джоконда- сымен» немесе «Кештер сыры» арқылы ғана емес, сонымен қатар ғылыми-анатомиялық, физиологиялық ізденістерімен, әртүрлі жоба- ларымен де (қазіргі заманғы танктердің, ұшақтардың, парашюттің, су қоймаларындағы тоспалардың жобаларымен) сақталып қалған.
Өзінің философиялық көзқарастарында табиғат пен адамды салыс- тыра келе, ол адамның табиғат тудырған құбылыстардың барлығынан да жоғары екені, оның мәдени туындыларының адамның қатысынсыз табиғат «жасаған» туындылардан анағұрлым артық екені туралы қорытындыға келеді.
Леонардо өз заманының схоластикасына қарсы шығады. Оның ойынша, шындыққа тәжірибеге негізделген білім ғана жеткізеді. Ал тәжірибе танымның ең терең тұңғиығына жетелейді. Бірақ табиғатты тәжірибелермен сарқуға болмайды. Демек, теориялық білім керек. Баллистикаға арналған үзінділерінің бірін аяқтай келе, ол: «Ғылым – қолбасшы, ал практика – әскер», – деп жазды. Да Винчидің ғылыми жұмыстарының қақ ортасында математика тұр. Ол: «Адамның ешқандай зерттеуі математикалық дәлелдеулерсіз шынайы ғылым деп атануға таласа алмайды», – деп жазады. Немесе: «Математи- ка ғылымдарының бірі қолданыс таппаған, я болмаса математикаға байланысы жоқ ғылымдар қолданылған жерде ешқандай нақтылық жоқ», – дейді (Екі үзінді дәйексөз де А.Дживегеловтан алынған: Ле- онардо и Возрождение. Леонардо да Винчидің екі томдық таңдамалы шығармаларына кіріспе мақала. – 1-т. – М.: Academia, 1935. – XXXVIII). Леонардо-ғалымның бойында болашаққа ұмтылу бірден байқа- лады, ол Ф.Бэконның алдындағы көшбастаушы сияқты жаңа ғылымның бастамашысы ретінде әрекет етті. Бірақ сонымен қатар ол практика қаншалықты керемет болғанмен, ғылымға айналу үшін қорытындылауды талап ететінін түсіне отырып, өзіне дейін жаңалық
ашқандардың ғылыми мұраларын зейін қойып зерттеді.
Леонардоның математикалық әдісі – ол табиғаттағы сандық тепе- теңдіктерді іздеу, «басқалар өлшей де, санай да алмаған немесе қаламағанды өлшеу және санау». Фотометрия мен анемометрдің пайда болуы, жүріп өткен қашықтықтардың механикалық есептеуіштеріне қызығушылық осыдан шыққан.
Леонардо сол заманның әскери техникасының, әскери көпірлердің құрылысының дамуына, гидротехникаға, баллистикаға, тоқыма ста- ноктарын жасауға үлкен еңбек сіңірді. Бірақ оның ерекше еңбегі адам анатомиясы мен психологиясын зерттеуі болды.
Күнделікті өмірінде Леонардо Адам мен «адамды» бір-бірінен ажы- ратады. «Осанна (мадақ) «көзіне» айтылатын, самғап ұшуға қабілетті адам-жасампаз болып табылатын Адам – бір бөлек. Екіншісі – ол бәрін құртуға және бүлдіруге бейім, әйтеуір неге екенін, «хайуандардың пат- шасы» деп атау дұрыс кезде (өйткені ол солардың ішіндегі ең үлкені),
«аңдардың патшасы» деген атқа ие болған адам». Ондай адамдарға Леонардо сыпайыгершілік таныта алмайды, оларды жек көреді. Жазбаларының бірінде: «Оларды тамақ өткізгіштер (transito di cibo), керектілерді көбейткіштер (aumentatory di sterco)... және берушілер де-
геннен басқаша атау мүмкін емес, өйткені олардан толық керектілерден басқа ештеңе қалмайды», – деп сипаттайды (Бұл да сонда. XLVI).
Леонардо да Винчи – ұлы суретші, Қайта өрлеу дәуірі рухани мәдениетінің ғаламат өкілі. Оның ойынша, қоршаған дүниені танып білуде, ғылыммен қатар, өнер де орасан үлкен рөл атқарады. Егер ғылымның атқаратын міндеті – заттардың сандық мән-маңыздарын зерттеу болса, ал өнер дүниенің сапалық, қайталанбас, керемет жақтарын көрсетеді. Оған қоса, Леонардо өнерді ғылымнан жоғары қояды. Шындағында да, егер бұл суретшінің суреттеріне зейін сала қарасаңыз, адам денесінің құрылысы анатомиялық өлшемдерге сай келетінін байқайсыз, ал ол кезде суретші өз кейіпкерлерінің жан дүниесін, психологиялық көңіл күйін, ішкі күйзелістерін шеберлікпен жеткізеді.
Ғылым тарихында поляктың ұлы ғалымы Николай Коперниктің (1473-1543) ілімі Әлемге көзқарасы бойынша төңкеріс жасаған оқиға болды. Ойшыл, экономист, дәрігер, мемлекет қайраткері өз өмірінің басты туындысы «аспан денелерінің айналуы туралы» деп ата- латын кітапқа 16 жылдан астам уақытын арнады. Алайда ол еңбегін жариялауға өлер шағы жақындағанда ғана бекінді, сол ғана оны жәбір көруден құтқарып қалды. Ал қайтыс бола салысымен оған күпір де- ген ат тағылып, 1616 жылы католиктер шіркеуі оның кітабына тыйым салды.
Коперниктің ашқан жаңалығы Жер мен Адамзаттың дара сипа- ты туралы қалыптасқан көзқарасты теріске шығарып, Жер мен Күнге ұқсайтын басқа да денелердің бар екенін негіздеуге жол ашты.
Бірақ оның еңбегінің басты идеясы – Ғаламның кіндігі жер емес, күн (гелиоцентризм) деп сендіру болып табылады. Дүниеге деген бұл жаңа көзқарас күн мен түннің ауысуын, планеталардың қозғалысын, Айдың Жерді айналып қозғалатынын және басқаларын түсінуге мүмкіндік туғызды. Сөйтіп, ол астрономия ғылымына кейіннен «Ко- перник төңкерісі» деген атқа ие болған түбегейлі өзгеріс енгізді.
Алайда католик шіркеуінің қысымымен ол Птолемейдің кейбір: Ғаламда өте алыста орналасқан қозғалмайтын денелердің бар екені, Жер және дәл сондай дөңгелек және бірдей жылдамдықпен қозғалатын басқа планеталар қозғалысының орбитасы (айналып жүретін жолы) туралы түсініктерінен бас тартуға мәжбүр болды.
Соған қарамастан, Н.Коперник әлемді діни тұрғыдан ғана танып білуге күйрете соққы беріп, Жаңа заман ғылымына жол ашты.
Неміс астрономы Иоганн Кеплердің атымен, бәрінен бұрын, ол математикалық жолмен дәлелдеген планеталар қозғалысының заңдылықтары туралы теория байланыстырылады. Ол гелиоцентризм теориясын қабылдаған Коперниктен кейінгі алғашқы ірі астроном болды. Кеплер пікіріне сәйкес, планеталардың қозғалысы үш заңға бағынады:
а) планеталар дөңгелек шеңбер жолмен емес, эллипстік жолмен қозғалады;
ә) планеталардың жылдамдығы біртекті емес, бірақ айналатын жолдарындағы әртүрлі нүктелерде олар өзгеріп отырады; тең уақыт ішіндегі сипатталатын радиус-векторлары бірдей;
б) планеталардың салыстырмалы жылдамдықтарын математикалық тұрғыда белгілеуге болады: планеталардың айналысы кезеңдерінің квадраттары олардың Күннен қашықтығы кубтарына тең.
Кеплер Күннің бар Ғарышты тесіп өтетін өзінің күшінің қайнар көзі болып табылатынына сенімді болды.
Кеплер мұрасын зерттеушілердің бірі, американдық профессор Марк Райли өте әділеттілікпен атап көрсеткендей, Иоганн Кеплердің бар шығармашылығы – ол ғылымның маңызын құрайтын орасан көп бақылаулардың ішінен жалпы ережелер шығарудың үлгісі. Оның антика астрономиясынан, яғни әлемнің птолемейлік бейнесінен қол үзуіне астрономиялық мағлұматтарға дене қағидаларын қолдануға әрекеттенуі себеп болды. Алдыға оза отырып, Кеплердің еңбектерін:
«Кеплердің күн эманациялары туралы идеяларын және оның үш заңын әлемдік тартылыс теориясына енгізіп, сол арқылы оның көрегендігін астродинамика қағидасына айналдырған» Исаак Ньютонның аяқтап шыққанын айтқан жөн (қараңыз: Великие мыслители Запада. – М., 1998. – 260-266-беттер).
Кеплермен қатар, Н.Кузанский мен Н.Коперниктің идеяларын дамытқан және тереңдеткен ғалым, Қайта өрлеу дәуірінің батыр азап шегушісі, әлемдік ғылымда азғантайлардың бірі болып көзқарастары үшін өмірін қиған Джордано бруно болды. Оның негізгі еңбектері:
|