Ғылым тарихы және философиясы


«сұхбаттар», «батыл энтузиазм туралы», «салтанат құрушы аңды қуып шығу» және басқалары



бет43/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

«сұхбаттар», «батыл энтузиазм туралы», «салтанат құрушы аңды қуып шығу» және басқалары.

Дүниеге деген көзқарастарында Бруно пантеизмнің: «Құдай – шексіздіктің шексіздігі, ол барлығының ішінде, барлық жерде... Зат- тардың бәрі де Ғаламның ішінде, Ғалам – барлық заттарда, біз солар- дың ішіндеміз, ол бізде» деген қағидаларын ұстанған. Ертедегілердің


микрокосм мен макрокосмның сәйкес келетіні туралы идеяларына қайта оралып, Дж.Бруно ортағасырлық схоластардың адамға ұқсас, жоғарыда және тыс тұратын табиғаттың тіршілік иесі іспетті Құдай туралы идеяларына қарсы шығады. Табиғаттан жоғары тұратын Құдай аспан денелерін бізге әлдебір нышан-белгілер ретінде жаратты дей отырып, ол табиғаттан тыс күшке жүгінетіндерді сын садағына алды. Бірақ біз сол тектес пайғамбарлармен сөйлеспейміз және әңгіме ақыл- ой мен сезімдердің дәлелдері негізінде болып жатқанда, оларға жа- уап берудің қажеттігін көріп тұрған жоқпыз. Материяны «заттардағы Құдай берген болмыс» деп қарастыра отырып, ол Аристотельден бері келе жатқан, соған сәйкес материя бар-жоғы баяу инертті мүмкіндік болып табылатын және пішінге ие болған соң ғана нақты затқа ай- налады дейтін схоластикалық дәстүрге күйрете соққы берді. Оған қарсы Дж.Бруно материяның өзінің құрылымдық қуатын көрсетіп, материяның «заттардағы Құдай болмысы» екеніне сендіреді. Ол кезде материя жоғалып кетпейді, керісінше, бір күйден екінші бір күйге ауы- сады. Сөйтіп, ұрық сабаққа айналып, одан нан жасалатын масақ өсіп шығады. Қанға айналатын наннан асқазан сөлі бөлінсе, қаннан енді басқа ұрық, яғни: уақыт өте келе, өлікке айналатын, жерде шіритін, өз кезегінде, тасқа айналатын адам пайда болып, өсіп-өнеді.
Оның үстіне, Дж.Бруно материяға сырттан енгізілмеген бітімнің де маңызын жоғары бағалайды: ол тек материяның ішкі құрылымдық күші деп қана түсінілуі мүмкін.
Бруно сендіретіндей, Табиғаттың өзі Құдай болып табылатындықтан, барша Әлемнің жаны бар. Ол заттарды қалыптастырып, олардың ішкі энергиясын құрайды. Егер бұл осылай болса, онда дүниедегінің бәрі де мақсатқа сай (грекше – телеологизм). Соған орай ғылымның негізгі міндетізаттардың осы мақсатқа сай болушылығын танып білу.
Таным сезімділіктен (sensus) басталады, бұл әлі затты оймен қамтып қабылдау емес. Ол заттың бейнесін (imaginatio) тудырады, содан кейін ғана ой жұмысы (ratio) басталып, әлемнің жан дүниесі жанасу арқылы өз-өзін танып білетін парасатпен (intellectus) аяқталады.
Шындық туралы мәселені қарастыра келе, Дж.Бруно «қосарлы шындық» туралы ілімді теріске шығарады. Шындық – біреу және оған
«оқу және ойға қонымды таным көмегімен, пәрменді ақыл күшімен қол жеткізуге болады». Адамның ойлау қабілетінен жоғары тұрған Құдай аянын (ашылуды) жақтаушыларды ол «киелі есекке айналу» деп атап, еркін ойлауды қолдай отырып, қасаң ойлауға (догма) қарсы шықты.
Джордано Бруно әлем жаратылысының геоцентристік тұжырым- дамасын қабылдамайды. Оның пікірінше, өз өсін және Күнді айна- лып жүретін Жер – шексіз әлемдегі болар-болмас тозаң ғана. Жер Ғарыштың кіндігі бола алмайды, өйткені әлемнің орталығы да, шека- ралары да жоқ. Н.Коперникпен таласа отырып, Бруно: «Күн – біздің әлеміміздің орталығы ғана, ал Ғарыштағы әрбір Жұлдыз – өзінің барлық Планеталарын қоса алғандағы Күн, ал оларда (планеталарда) Өмір болуы мүмкін», – деп мәлімдейді. Әлбетте, шіркеу оның мұндай күпірлігін кешіре алған жоқ.
1592 жылы ол тұтқынға алынды, ал күн сайын монах-жазалаушы оның камерасына келіп, өзінің күпірлік көзқарастарынан бас тартуын өтінетін. Бұл сегіз жылға созылды. Оның опынғанына, көзқарастарынан бас тартуына қол жеткізе алмаған жазалаушылар Джордано Бруноны Римдегі Гүлдер алаңында өртеу арқылы өлім жазасына кесті. Үкімді ол қайтпас қайсарлықпен қарсы алды: жанып жатқан отқа түскенде, ол жендеттерге: «Сендер, мүмкін, бұл үкімнен менің оны тыңдағанымнан да артық үреймен қорқатын шығарсыңдар!» – дегенді айтты.
Өзінің идеялары арқылы Бруно, Н.Кузанскийдің артынан-ақ, Жаңа заманның философиясы мен жаратылыстану ғылымының негізін салды.
Қазіргі заман ғылымының негізін салушылардың ішіндегі ең ұлысы, – Ньютонды, әлбетте, қоспағанда, – галилео галилей болып саналады. Италиялық ғалымның, нақты жаратылыстанудың негізін қалаушылардың бірегейінің орны мен рөлін XX ғасырдың екінші бір ұлы философы және ғалымы Бертран Рассел осылай айқындады.
Ал, шындығында, адамның өз өмірінде қаншалықты көп нәрсе жасай алатынына таңдануға және мақтануға болады. Галилей қазіргі заманғы механиканың негізін салды. Галилейдің маятниктің тербелісіне жасаған тәжірибелері де аз қызығушылық тудырмайды. Салмақтары әртүрлі, бірақ ұзындығы бірдей маятниктер ұзақтығы бірдей тербелісті қозғалыс жасайды екен. Маятниктің тербелісі дененің шеңбер доғасы бойынша құлауы емей, немене? Ал егер осылай болса, онда әртүрлі салмақтағы денелер құлаған кезде бірдей жылдамдықта болмай ма? Егер ортаның кедергісінен ауытқыса, барлық денелер еркін құлаған кезде, бірдей жылдамдықпен қозғалады. кейбір кемшіліктері болғанмен, Галилей денелерді көлбеу жазықтықта сырғанату тәжірибелерінде соған ұқсас нәтижелерге қол жеткізді. Жағдайды рет- ке келтіріп түзету мақсатында математика ғылымының жетістіктерін пайдалана отырып, Галилей ойша тәжірибе жасауға жүгінеді. Галилей
«бос, шексіз евклидтік кеңістікте қозғалатын геометриялық денелерді» ұсынды. XX ғасырдың ұлы физигі В.Гейзенберг бұл қозғалысты түсінудегі өте қиын кезең, нағыз революция болғанын айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет