таным туралы ілім. Г.Лейбниц – рационалист. Бірақ Декарттың
«айқын және ақылға қонымды шындықтары» оның көңілінен шықпайды. Оның ойынша, бастапқы шындықтар қисынды «теңдестіру заңына» сәйкес келуге тиіс. Содан кейін ғана «қайшылықтар заңына» сүйене отырып, білімдерімізді тереңдете аламыз.
Әлбетте, ғылымда тәжірибелер нәтижесінде қол жеткен, бірақ ұмыт қалған білімдерді де пайдалануға тыйым жоқ. Бірақ кез кел- ген тәжірибе – кездейсоқтықтың туындысы. Тәжірибе шындықтары қашанда жеткіліксіз. Бірақ оларды «жеткілікті негіздеме заңына» сүйене отырып негіздеуге болады ғой. Нәтижесінде, табиғаттың әлдебір заңдарына келуіміз мүмкін. Дегенмен, ойшылдың әділетті ойы бойынша, тәжірибе шындығының ықтималдық сипаты басым.
Адам жанының қабілеттері сезіну (перцепция) арқылы заттарды қабылдауға келтіреді. Алайда рух біздің ішкі танымдық қабілеттерімізге талдау жасауға көмектеседі, бұл, нәтижесінде, сана-сезімге (аперцеп- ция) жеткізеді. Сана-сезім арқылы болмыс, түпнегіз, қарапайым мен күрделі, тәнсіздік, ал, ақыр соңында, Құдай туралы ойлау қабілетіне келіп жетеміз. Бұл идеяның барлық кейінгі философиялардың даму- ына үлкен ықпалы болғаны дау тудырмайды. Сол себепті, сөз жоқ, Г.Лейбниц XVII және XVIII ғасырлардың континенттік рационализмі
арасындағы ұлы өтпелі тұлға болды. Оның идеялары Кант танымы теориясының қалыптасуына зор ықпал етті.
Джон Локк (1632-1704) – XVII ғасырда өмір сүрген ағылшын ой- шылы, кейіннен оған «барлық революциялардың ішіндегі ең бір орнықты және ең бір сәтті – 1688 жылғы революцияның кемеңгері» деген ат тағылды. Ал сол революцияның нәтижесінде Ұлыбританияда күні бүгінге дейін билік ұстап отырған парламенттік монархия жеңіске жеткен. Локк мүдделерінің аясында төрт тақырып болған:
Ойшылдың негізгі философиялық туындысы «Адамның ақыл- парасаты туралы тәжірибеде» зерттеу тақырыбы болған гносеология.
«Мемлекеттік басқару жөніндегі екі трактат» атты шығармасына және кейбір басқа туындыларына арқау болған этикалық-саяси мәселелер.
Ойшыл, негізінде, өмірінің соңғы жылдарында басты назар аударған дін саласы («Христиандықтың ақылға қонымдылығы»,
«Төзімсіздік туралы хаттар» және басқалары).
Дж.Локк алғашқы болып эмпиризм (біз білетіндей, эмпиризм Ф.Бэкон философиясының құрамдас бөлігі болған, бірақ ол ғылыми тәжірибе тақырыбымен ғана шектелген-ді) негізін құрды. Ол эмпиризмнің негізін құрайтын танымның сенсуалистік теориясын әзірлеп шықты.
Өзінің болмысқа қатысты пікірлерінде Дж.Локк бізге тәжірибелік білімде берілген эмпириялық түпнегізді және табиғаттың барлық денелері құрайтын философиялық түпнегізді ажыратып көрсетеді.
Ойшылдың пікірі бойынша, материя – ол тіпті қозғалуға да қабілетсіз, орасан үлкен өлі кесек. Ал олай болса, қозғалыс пен өмірді кім тудырды? Әрине, Құдай, оның бар екеніне ешқандай күмән тумаса керек. Егер айналаға мұқият зер салсаңыз, Оның биік даналығы мен құдіретін сезетініңіз соншалықты, оны дәлелдеп жатудың еш қажеті жоқ. Алайда Құдай туралы: «Ол дене ме, әлде таза рух па?» – деген сұраққа жауап беру мүмкін емес.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, Дж.Локк таным туралы ілімінде дәйекті сенсуалист (лат. sens – сезім), яғни тәжірибеге негізделген, сезімдік танымның жақтаушысы болды, өйткені «бұрын сезімдерде болмаған нәрсе парасатта да жоқ». Оның ойынша, кез келген идеяның,
кез келген білімнің негізінде адам қолымен жасалатын тәжірибе жа- тыр. Тәжірибелер саналы және санадан тыс өтуі және адамның жанын- да жинақталып жатуы мүмкін. Сондықтан да ол «туа біткен идеялар» деп аталатындар туралы теорияны сынға алған. Мысалы, «Бүтін өзінің бөлшектерінен үлкен» деген ереже адамдардың өмірлік тәжірибесінен шыққан. Егер «теңдестіру» және «қайшылықтар» заңдарын алатын болсақ, балаларымыз тіпті олардың бар екенін де білмейді. Сөйтіп, егер адамның жанында ешқандай да туа біткен идеялар жоқ болса, онда ол – таза тақта (лат. – tabula rasa). Адам өзінің өмірлік тәжірибесі барысында оны тәжірибе нәтижесінде жинақталған білімдерімен тол- тырады. Бұл адамның сыртқы тәжірибесі (ағылшынша – sensation – сезім). Ал сонда «адам жанының толқындары» деп аталатындарды, оның қиялдарын, идеяларын қайда жібереміз? Ойшыл оларды жоққа шығармайды және ішкі тәжірибе (ағылшынша – reflection – бейнелеп көрсету) деп санайды.
Дж.Локк заттардың алғашқы және екінші реттік қасиеттерін ажыра- тып көрсетеді. Алғашқылар – заттардың өздеріне жататын және олар- дан ажырамайтындар. Мысалы, салмақ, пішін, өткіштік, қаттылық және т.б. Екінші реттік қасиеттер – олар өне бойы өзгеріп тұратын ды- быстар, түстер, иістер. Біз оларды өзіміздің сезім-түйсіктеріміз арқылы табамыз: қызыл, жасыл түстерді көреміз, қатты, ақырын шыққан ды- быстарды естиміз. Бірақ олардың негізі, шамасы, заттардың бастапқы қасиеттерінің әртүрлі қосылыстарында жатса керек.
Келесі – бұл жалпының мәселесі. Әлемде нақты, дара заттар бар. Жалпы – ол заттардың ортақ қасиеттерін дерексіздендіру, жалпылау нәтижесінде пайда болып, халық тілінің сөздерінде бекиді.
«Тілдің жалпыазаматтық және философиялық жақтары бар. Адам- дар тілдің көмегімен бір-бірлерімен әртүрлі қатынастарға түсіп жата- ды, әлдебір жаңалықтарды бір-бірлеріне жеткізеді, сезімдерін білдіреді. Бұл – тілдің азаматтық қызметі.
Ал егер тілдің философиялық маңызы туралы айтар болсақ, онда бұл жерде әрбір ұғымның көлемі мен мазмұны нақты айқындалуға тиіс. Олай болмаса, бір-бірімізді түсінбеуден, дау-дамайлардан құтыла алмаймыз. Әсіресе ғылымға мазмұны мен ауқымы түсініксіз ұғымдарды енгізетін және істің мәнін күңгірттендіріп жіберетін жалған ғалымдар үлкен зиян келтіреді. Біздің ойымызша, Дж.Локктың соңғы пікірі «бұрғылаушылық» («буровщина» терминінің түсініктемесі кітап соңында берілді. – Аудармашы) басым түсіп жататын қазіргі за- ман ғылымы үшін де өзекті сияқты.
Әлеуметтік-саяси идеялар: адам – бақытқа ұмтылатын тіршілік иесі. Ол үшін, бәрінен бұрын, адамның материалдық мүдделері іске асуы керек. Т.Гоббсқа ұқсап, Дж.Локк та адамзаттың табиғаттық және азаматтық тарихы туралы айтады. Бірақ оның айырмашылығы мы- нада: ол адамдардың өміріндегі бастапқы кезеңді толық еркіндікпен, бір-біріне тәуелсіз болумен және тіршілік етуге қажетті тудырғыш еңбекпен байланыстырады.
Дж.Локк меншіктің пайда болуының еңбек теориясын құрады. Өңделген жердің бір акр аумағы өңделмеген бір акр жерден анағұрлым қымбат тұрады, өйткені біріншіге адам еңбегі сіңді.
Мемлекет адамдардың келісуі нәтижесінде пайда болады. Сонымен бірге адамдардың меншігі мен бостандығы сақталатын азаматтық аху- ал да пайда болады. Мемлекет түнгі күзетшіге ұқсауға тиіс: азаматтар ұйықтап жатқанда, ол солардың меншігі мен тыныштығын күзетеді, ал оянғанда, олар өз қалаулары бойынша әрекет етеді. Сөйтіп, Локк либералдық мемлекеттік құрылысты құп көреді.
Дж.Локк шіркеудің мемлекеттен бөлінгенін және олардың бір- бірлерінің істеріне араласпағанын жақтайды. Адамдар басқалардың діни сенімдерін құрметтеуге тиіс. Кез келген қоғам рухани-діни өмірсіз қалыпты тіршілік ете алмайды.
Дж.Локк сондай-ақ жаратылыс құқығы ұстанымдарын («Үкімет туралы трактат») әзірледі, табиғи-құқықтық мақсат-мұрат ұсынды:
«табиғи күй еркіндік күйі болып табылады, ол өз білгенімен әрекет ететін күй емес, бұл күйде адам өзіне немесе өзінің мүлкіне билік ету үшін, бақылауға көнбейтін еркіндік алғанмен, онда бәрібір өзін не- месе өз билігіндегі кез келген басқа бір тіршілік иесін өлтіретіндей бостандық жоқ... Табиғи күйде оны басқаратын, әркімді байланысты- ратын табиғи заң бар және барша адамзатты үйрететін сондай заң бо- лып табылатын ақыл-парасат бар: ... ешкімнің де басқаның өміріне, денсаулығына, бостандығына немесе мүлкіне зиян келтіруге құқы жоқ, өйткені біздің барлығымыз – Құдайдың меншігіміз».
Осы және басқа идеялары Локкты буржуазиялық революциялар дәуірі беделділерінің бірі етті.
|