Ғылым тарихы және философиясы


Спиноза және оның түпнегіз туралы ілімі. жете ұғынылған қажеттілік іспетті азаттық



бет53/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

Спиноза және оның түпнегіз туралы ілімі. жете ұғынылған қажеттілік іспетті азаттық



Бенедикт (Барух) Спиноза (1632-1677) – «ұлы философтардың ішіндегі ең бір ізгілікті және тартымды адам. Парасат жағынан кейбіреулері одан артық та болған шығар, бірақ ол адамгершілік тұрғысынан бәрінен жоғары тұр. Бұның табиғи салдары – өмір бойы және қайтыс болғаннан кейін де бір ғасыр оның жан шошытатын- дай өнегесіз адам саналғаны». Бұл сөздерді айтқан екінші бір ұлы философ – Бертран Рассел (Рассел Б. История западной философии. – Новосибирск: НГУ, 1997. – 529-бет).
Бұл адамның адамгершілік қасиеттері неге соншалықты төмен бағаланған?
Ол еврей отбасында дүниеге келген және иудей оқымыстылығының білгірі саналғанмен, діндар иудей болу мүмкіндігін ойламаған. Сол үшін оны еврейлер шіркеуден қуып, тіпті өлтірмек те болған. Бірақ оны христиандар да бірдей жек көретін. Спиноза философиясында Құдай идеясы үстем болғанмен, шіркеушілер оған атеист деп кінә артқан.
Оған Декарт философиясының әсері күшті болды. Сол себепті ол өз білімін жаратылыстану ғылымдары мен математика саласында көбірек кеңейтуге күш салады. Спиноза философиясын сипаттай келе, Гегель:
«Ол Декарт философиясын дара шындық түрінде нақтылайды», – деп кездейсоқ айтпаса керек. «геометриялық әдіспен баяндалған кар-
тезия философиясының ұстанымдары» атты жұмысында, сондай- ақ «геометрияда қолданылатын әдіспен баяндалған этика» де- ген басты еңбегінде ол ой-пікірлердің негізгі қағидалары ретінде картезиандық рационализмге және «геометриялық әдіске» ойланбас- тан қосылады. Бірақ ғылыми зерттеулерінде Декарттың идеялары- нан шегініп, ол Бэконмен біріккені сияқты, онымен де үздіксіз сұхбат жүргізумен болады.
Спиноза іс жүзінде философия тарихында алғашқы болып көне өсиетті оқып зерттеген. Ол алдымен «адам мен Құдай және оның бақыты туралы» трактат, содан кейін «теологиялық-саяси трактат- ты» жазды. Бұл еңбектерінде Спиноза ғылыми тарихжазудың негізін қалады.
Өз онтологиясында Б.Спиноза Құдай туралы айтқанда, Оны бұл Әлемнің соңғы себебі санайды. Бірақ сонымен бірге ол Құдайды Табиғаттың ішіне сіңіріп, Оған пантеистік мағына береді, бұл оны Құдай осы өтпелі дүниенің шектерінен тыс өмір сүретін мәңгі Рух емес дейтін алысқа әкететін қорытынды жасауға келтіреді. Оны ақылмен ғана түсінуге болады.
Екіншіден, бұндай тұжырымдаманы жақтаушылар әлемді Құдай әрекетінің ең алшақ салдары деп санайтын деизмге қарсы келеді. Спи- ноза Құдайды осы дүниенің ең жақын себебі көреді.
Ал енді, ақыр соңында, үшіншіден, Табиғатқа парапар Құдай – осы дүниенің Түпнегізі. Сөйтіп, Құдай, табиғат, түпнегіз – тұтас бірбүтін. Осындай көзқарас болғанда, «жаратушы» және «жаратылған» де- ген діни ұғымдарға қажеттілік өз-өзінен жоғалады. Табиғаттың өзі –
«causa sui» – өз-өзінің себебі. Құдай мен Табиғат бір-бірлеріне сәйкес келетіндіктен, Спиноза: өндіруші табиғат (лат. – natura naturans) және өндірілген табиғат (лат. – natyra naturata) деген екі ұғым енгізеді. Алғашқы түсінікке ақыл-парасат түйсігімен жетуге болса, ал екіншісіне адамды қоршаған заттарды сезімдік қабылдау арқылы жете аламыз.
Б.Спиноза нақты денелер мен заттарды біртұтас түпнегіз модустары деп қарастырады. Түпнегіз өзін зат-модустар көмегімен шектейді. Ал кез келген шектеу – ол терістеу (determinatio est negatio). Сондықтан заттар пайда болады, өзгереді, құриды. Шектеу бір заттың бірегей болмысын анықтай отырып, оны екіншісінен бөлектейді, өйткені бұл дүниедегі бірде-бір зат екіншісіне толықтай ұқсамайды.
Түпнегіздің бірнеше белгісі бар: біріншісі – ұзындық, екіншісі –
ойлау. Сөйтіп, Декарттың дербес екі түпнегізі Б.Спинозаның
онтологиялық көзқарастарында бір түпнегіздің екі белгісіне айналды. Ал енді осылай болғандықтан, бар табиғат – тірі! Философияда бұл гилозоизм (грекше – gileos – денеге тән, материалдық, zoo – тірі) – бүкіл табиғаттың жандануы деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет