Ғылым тарихы және философиясы


XVIII ғасырдағы ағылшын ағартушылары және олардың негізгі философиялық идеялары



бет61/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

XVIII ғасырдағы ағылшын ағартушылары және олардың негізгі философиялық идеялары


Ерте философиялық Ағартудың жарқын өкілдерінің бірі – Джон толанд (1670-1722). Өзінің «Левиттер тайпасы» деген тырнақалды кітабында-ақ (1691) Толанд дін қызметшілерін адам денесін ірітіп-

шірітетін қатерлі ісік ретінде сипаттаған. Бірақ оның антиклерикалдық бағыттағы «Құпиясы жоқ христиандық» (1696) атты жұмысы ерек- ше толқу тудырды. Аталған кітапты өртеу туралы үкім шығарылып, түрмеге түсуден қорыққан Толанд қашуға мәжбүр болды. Алайда оның есімі кең таныла бастады.


Толандтың «Серенге хаттар» (1704) атты басты философиялық шығармасының негізін философиялық әңгімелері, ал содан кейін Пруссия королевасы София-Шарлоттамен жазысқан хаттары құраған. Аталған шығармасында Толанд қозғалыс пен материяның біртұтастығы туралы ілімді ары қарай дамыта түседі. Ол: «...қозғалыс та, тартылыс сияқты, материяға тән, ал материя қозғалыссыз, өлі және әрекетсіз кесек балшық емес және сондай бола алмайды, басқаша айтқанда, мүлдем тыныштық күйінде қала алмайды. Егер қозғалыс материяның маңызды қасиеті болса, онда ол оның анықтамасы үшін де маңызды болуға тиіс қой». Тіпті осы бір қысқа үзіндіден-ақ Толандтың Спиноза мен Ньютонмен пікірталасқа түскенін аңғару қиын емес.
Әлем туралы ілімінде ол материяның Құдай жаратқаннан кейінгі өз заңдылықтары негізінде дамитын дербес болмысын мойындай оты- рып, деистік көзқарастарды ұстанды.
Егер бұның алдындағы философияда материя, негізінен, тіпті қозғалуға қабілеті жоқ жансыз кесек сияқты қаралып келсе (Дж.Локк), енді Д.Толанд мүлдем жаңа қағида енгізеді: материалдық әлемді жаратқан соң, Құдай табиғат заттарына ішкі күш (ағылшынша – moving force) берді, сол арқылы оның қозғалысы мен дамуы сыртқы әсерден емес, ішкі күштер әсерімен іске асады. Д.Толандтың бұл ережесі кейіннен материализмнің дамуында үлкен рөл атқарды.
Адамның ойлау қабілетін алып қарасақ, ол – адам миы қызметінің нәтижесі. Идеяларды адам тәнінен бөліп қарауға болмайды. Адамның ойлау қабілетінің табиғи сипатын негіздеу үшін, Толанд барлық табиғатты тірі, яғни жаны бар (гилозоизм) деп қарайды, өйткені, ойшылдың пікірінше, бұл Әлемді жаратқан Құдай оның жаны да, рухы да болады.
Д.Толанд философия тарихында христиан дінінің мистикалық жақтарын мүлде қабылдамайтын сыншы ретінде танылды. Оның пікірінше, Әлем туралы кез келген ілім ақыл-парасат тұрғысынан түсінікті, ал адамдардың іс-әрекеттері және қоғам нақты мүмкін болуға тиіс. Ақыл тезінен өтпегеннің барлығы да теріске шығарылуға тиіс, өйткені ары қарай ол мүмкін бола алмайды.
Оның ойынша, бастапқы христиандық дін жақсы дін болған. Алайда белгілі бір уақыт өте келе, шіркеу қызметшілері әртүрлі әдет- ғұрыптар мен салт-жораларды ойлап тауып, оның мәнін бұрмалай бас- тады.
Діни мәселелерде деист бола отырып, Толанд табиғи пантеизм идея- ларын насихаттады. Аса жарқын шығармаларының бірі – «пантеисти- кон» кітабында ол: «Барлығы – бірбүтіннен, ал бірбүтін барлығынан пайда болды. Солай болған соң, Ғалам ұзындығы бойынша шексіз, тұтастай алғанда, қозғалыссыз және мәңгі өмір сүру және болашақта мәңгі болу мағынасында – бір мезгілде бұлжымас және қажетті», – деп жазды.
Оның бұл идеялардың еуропалық философияның дамуына үлкен ықпалы болды.
«Адам еркіндігінің» қызықты тұжырымдамасын антони кол- линз (1676-1729) ұсынды. «адам еркіндігі туралы философиялық зерттеулер» деген басты еңбегінде Құдайдың бастапқы рухани себебі мен рөлін тани отырып, ол әлемнің жаратылуына өзінің көзқарасын деизм тұрғысынан баяндап қана қойған жоқ, сонымен қатар Адамның тіршілік қарекетіндегі қажеттіліктің рөлін асыра көрсетіп, оның еркіндігіне қарсы шықты. Оның басында пайда болатын идеялардың барлығы – сыртқы материалдық денелер мен күштердің ықпал етуінің нәтижесі. Біз олардан азат емеспіз. Шындыққа жету де біз зерттеп жатқан сыртқы дүние нысандарының табиғатына байланысты. Іс- әрекетке келсек, онда пайда болған кез келген сыртқы тосқауыл бір сәтте оны тоқтата алады. Тіпті біздің ұмтылыстарымыз бен қалау- ниеттеріміз де табиғат қажеттілігіне тәуелді: біз оларды сырттан та- бамыз.
Адам еркіндігіне бөгет болатын сыртқы факторларға қарамастан, бәрібір де «басқа түр» бар. Адам өзіне ұнайтынды таңдай алады және соған қол жеткізу үшін әрекет етеді. Адам Әлем, ондағы өзінің орны туралы әбден еркін ойлай алады. Бірақ, ақыр соңында, біздің барлық ойларымыз бен іс-әрекеттеріміз заттардың нақты табиғатымен шектеледі.
Әйтсе де ең бір тамаша нәрсе – ол адамның азат, еркін ойы, өйткені соның нәтижесінде заттардың шындығы ашылады. Еркін ой, бірінші кезекте, діни қағидаларды сынау үшін қажет, өйткені әлі күнге дейін қатып қалған діни қағидаттар төңірегіндегі айтыс-тартыстар тоқтар емес. Мысалы, Құдай – дене ме, дене емес пе? Ол адамға ұқсай ма, ұқсамай ма? Ол, мүмкін, ашулана немесе қуана алатын шығар? Ол қатыгез бе, әлде мейірімді ме?
Бір адамдар Құдайдан түскен деп Библияны көрсетсе, ал екіншілері Құранды, үшіншілері Авестаны және басқаларын айтады. Христиан Құдайының үштігін (Әке, Ұл, Қасиетті рух) қалай түсінуге болады? Өлімнен кейінгі өмір, жұмақ пен тозақ, бастапқы күнә дегендер не? Барлық осы сұрақтар бойынша әлі күнге дейін пікірталастар толастар емес. Сол себепті адам үшін еркін ойлау, діни адасушылықтардан ары- лу ауадай қажет.
А.Коллинз адамдарды төзімділікке (толеранттыққа) шақыра оты- рып, діни фанатизмнің кез келген түріне қарсы шығады. «Діни қарама- қайшылықтарға бола әлемдік тарихта қаншама қан төгілді!» – деп қынжылады ойшыл. Бүгінгі күнгі адамзат үшін бұл мәселелер мен ой- лар маңыздылығын жоғалтты ма, сірә?
Деизмнің келесі бір жарқын жақтаушысы болған философ, жара- тылыстанушы, химик Джозеф пристли (1733-1804) еді. Ол оттегін ашты, хлорлы сутегі мен аммиакты тапты, фотосинтезді сипаттады және ағылшын философы және дәрігері, қауымдасқан психологияның негізін салушы Дэвид Гарклидің (1705-1757) ілімін ары қарай дамытуға үлкен үлес қосты.
«Материя және рух туралы зерттеулер» (1777) деген шығармасында Пристли табиғат – материалдық, рух материяның қасиеті деп сендіреді. Пристли материя деп ұзындығы, тартылыс және кері тебу күші бар түпнегізді санайды. Материя инертті емес, ол барлық мүмкін болатын күштерге толы. Егер сіз материядан тартылыс және кері тебу күштерін тартып алсаңыз, онда оның өзі де жоғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет