Ғылым тарихы және философиясы



бет52/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

гносеологияда гоббс тәжірибеден шығатын білімге сүйенеді. Бірақ ғылыми ұғымдарға жету үшін бұл жеткіліксіз. Сол себепті математикалық білімдерді қолдану қажет. Ол Декарттың «туа біткен идеяларына» қарсы шығады және олардың негізін сөздерден, тілден іздейді. Ойлау тілге тең. Сөздердің көмегімен ғана біз өз ойларымызды басқаларға жеткізе аламыз. Сөз – ол заттардың атауы (лат. – nomina). Сондықтан бір сөздердің әртүрлі адамдардың ауыздарынан әртүрлі мағынада айтылуы мүмкін. Адамдардың бір-бірлерімен келіспеушілігі, бір-бірлерін түсінбеуі осыдан келіп шығады.
Егер жете ойланып көрсек, оның шындықтан тым алыстамағанын байқаймыз.
Адамдар өзара келісімге келе отырып, сөздердің мазмұнына бірдей мағына бергенде ғана адамдардың өзара түсіністігі орын алады. Кейіннен, XX ғасырда бұл мәселе ғылым философиясында Т.Гоббстың идеялары рухында қаралатын болды.
Ойшыл сонымен қатар Ф.Бэкон мен Р.Декарт идеяларының біржақтылығын да байқаған. Ол танымның екі әдісін: индукция мен дедукцияны біріктіруді қажет деп санайды. Алайда, егер Табиғат зерттеулерінде индуктивтік әдістің басымдығы қажет болса, ал этика мен саясатта дедуктивтік әдіс басымдыққа ие.
Адам мәселесін ойшыл Н.Макиавелли рухында қарастырады.
«Адам – табиғатынан өзімшіл. Адамдар тойымсыз, қорқақ және қазымыр, ал қоғам пенделері ретінде олар пайда мен атақ көздейді, тек өздерін жақсы көреді. Қоғамдық өмірде адамдардың өзімшілдікке негізделген мүдделері тоқайласып, қабаттасып жатады. Бұл заңдардың бұрмалануына, адамдардың құқықтарының бұзылуына әкеліп соқтырады. Егер геометриялық дәлелдемелер адамдардың
мүдделерін қозғаған болса, онда олар әлдеқашан-ақ отқа өртелер еді». Бұл данышпандық сөздер Т.Гоббсқа тиесілі. Сол себепті мораль құндылықтарының негізінде де мүдделерден шығатын пайда жатыр.
«Қайырымдылық пен зұлымдық, жақсылық пен жамандық деген не?». Бұл сұраққа Т.Гоббс пайда (лат. – utilitas – пайда) тұрғысынан жауап береді. Бізге ұнайтыны да, пайдалысы да – ізгілік пен жақсылық, ал зұлымдық пен жамандық, әлбетте, керісінше.
Адам еркіндігін қарастыра келе, Т.Гоббс оны жалпыға бірдей деңгейге шығарады. Табиғаттың барлық денелері еркіндікке ұмтылады. Мысалы, егер ыдыс сынса, ондағы су еркіндік алады. Адам еркіндігін айтар болсақ, бір жағынан, адам еркін, бірақ, екінші жағынан, қоғам қажеттілігімен санаспай тұра алмайды, өйткені өзі сияқты мыңдаған адаммен өзара қарым-қатынаста болады. Өзеннің ағысы еркін, бірақ, сонымен бірге өз арнасынан аса алмайды. Адам да дәл сондай.

1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет