Рух – санасы бар ақырғы туынды, тіршілік иесі, яғни адам бо- лып табылады. Табиғаттан шықса да, ол оның жаратқаны болмайды. Өзін Рух өзінің бастапқы алғышарттарынан: қисынды Идеядан және Табиғаттан жаратады.
Сөйтіп, Дара идея қисынды идеяның бастапқы ахуалынан өзінің басқа болмысына – табиғатқа өтеді де, соның аясында адамзаттың әлемдік тарихында рухтың дамуы арқылы, – бірақ енді өткен баспалдақтарының тәжірибесін жинақтап байыған күйінде, – өзіне қайта оралады. Ойларының осындай желісіне сәйкес, Гегель филосо- фияны үш бөлікке бөледі:
Логика. Ол өзіне бағытталған, оның өзіндегі идеяны зерттейді.
Табиғат философиясы. Идеяның басқа заттық болмысын зерттейді.
Рух философиясы. Идеяның басқа болмыстан кері, өзінің негізіне оралу үдерісін зерттейді.
Осындай бөлуге сәйкес, Гегель: «Логика ғылымы», «Табиғат фило- софиясы», «Рух философиясы» деген кітаптар жазған. Бұл кітаптар
«Философия ғылымдарының энциклопедиясын» құрайды.
Сонымен, Гегельдің философиялық жүйесін объективтік идеализм деп бағалауға болады. Бірақ біз бірінші құрамдас бөлікті – Дара идея- ны – сызып тастап, өз ой-пікірлерімізді өзінің тарихи дамуы барысын- да рухани өмірі бар қоғамды тудырған «Ұлы Мәртебелі Табиғаттан» бастасақ, онда, Ол өзі жасаған туындысы – Адам арқылы өзін танып біледі де, біз классикалық материализмді алады екенбіз.
Алайда Гегельдің Дара идеясына оралайық. «Бұл не сонда?» – деп сұрау әділетті болмақ. Студенттерінің осы сұрағына ол: «Бұл – христи- ан Құдайының басқа аты», – деп жауап беріпті-міс дейтін аңыз бар. Егер олай болса, онда Гегельдің философиясын дүниені діни тұрғыда танып білудің нәзік, әдемі кесімді өрнегі деп қарауға болады.
Гегельдің философиялық жүйесіндегі ең бір құнды болатыны – адамзат рухын оның тарихи өлшемдерінде зерттеуі, оның даму кезеңдерін бөліп көрсетуі. Ойшыл рухтың тарихи дамуының үш саты- сын ажыратады:
|