Енді қазір сұрақты нақтылай отырып сұраймыз: олар философияға жаңадан не енгізді? Маркс пен Энгельстің еңбегі бірізді, жүйелі материалистік фи- лософия қалыптастыру болды. Егер Маркске дейінгі материалис- тер Табиғатты материалистік көзқараспен жүйелі талдай отырып, қоғамның қызметін идеалистік деп түсінсе, ал Маркс тарихтың жаңа материалистік түсінігін ұсынады. Сұрақтың мәні мынада: алдыңғы өткен дәуірлердің ойшылда- ры қоғамды қарау барысында адам – ойлай алатын тіршілік иесі және бірдеңені істемес бұрын, ол өзінің басында мақсатқа сай жос- пар құрады деген айқын факт шектерінен аса алмады. Ой қашанда нақты істердің алдында жүреді. Бірақ солай болса, онда тарихтың тағдыры корольдар мен қолбасшылардың, ғалымдар мен заңгерлердің қолында – олардың идеялары мен есептері, жігерлі шешімдері қоғам дамуының негізінде жатыр. Демек, олар тарих доңғалағын қалаған жақтарына қарай бұра алады. Сонда олардың шешіміне кім ықпал етуі мүмкін? Сол тұлғаларға жақын жүретін адамдар және, бәрінен бұрын, әрине, «осы өмірдің мықтылары» жақсы көретін ақсүйек би- кеш-арыстандар. Шамасы, «Cherchez la femme!» – «әйелді іздеңдер!» деген француз мәтелінің тамыры қоғамды осылай түсінуде жатса ке- рек. Егер біз француз романистері – әкелі-балалы Дюмалардың «20 жыл өткен соң», «10 жыл өткен соң», «Виконт де Бражелон» деп ата- латын шығармаларындағы тарихи тұжырымдаманы алатын болсақ, онда қанқұмар француз корольдары немесе соларға жақын жүретін кардиналдар Францияның тарихын жасайды, ал оларға шешуші ықпал ететіндер – олардың сүйіктілері. Қоғамның дамуы маңызды, шешуші дәрежеде жақсы заңдарға байланысты болады деп санайтын ұлы Мон- тескьё де осындай көзқараста ойлайтын. Бірақ заңдар – тағы сол заң шығарушылардың шығармашылық әрекеттерінің жемісі емес пе. Шамасы, бұл жерде марксистердің де адамға тән идеяларды, яғни сананың өнімдерін жоққа шығармайтынын ерекше атап айтқан жөн болар. Олардың ойы бойынша, «драмаларының авторлары да, актерлері де– адамдардың өздері». Сонымен бірге олар өздеріне: «Нақты дәуірде пайда болатын ескі идеялардың бастаулары қайда кетеді?», «Уақыт өте келе, ескі идеялардың орнында жаңалары пайда бола ма?» – деген терең мағыналы сұрақтар қояды. Ол сұрақтарға жа- уап бере отырып, олар сол идеялардың өздері нақты дәуір адамдарының өмір сүру шарттарынан, бәрінен бұрын, соларға тәуелді материалдық жағдайлардан келіп шығатынын көрсетеді. Қоғамдық қатынастардың бар жиынтығынан Маркс пен Энгельс анықтаушы ретінде өндірістік қатынастарды бөліп көрсетеді, ал ол әр алуан халықтардың тарихи дамуындағы қайталанушылықтарды табуға және әртүрлі елдердің ұқсас қоғамдық тәртіптерін бір негізгі ұғымға – «қоғамдық- экономикалық формацияға» жинақтауға мүмкіндік берді. Ол: өндіргіш күштер дамуының белгілі бір деңгейі негізінде пайда бола- тын, олардың саяси және құқықтық құрылымына сай келетін өндіргіш қатынастармен, қоғамдық сана, отбасы, тұрмыс сияқты формалармен сипатталады. Маркс пен Энгельс: «Адамдардың санасы олардың болмы- сын айқындамайды, керісінше, қоғамдық болмыс олардың санасын айқындайды», – деген қорытындыға келеді. Әлбетте, қоғамдық өмірде миллиондаған адам әрекет етеді, онда олардың әрқайсысы саналы түрде өзінің алдына белгілі бір мақсаттар қояды және соларды іске асыруға талпынады. Бірақ бұл мақсаттардың барлығы және адамдардың талпы- нысы бір-бірімен бәсекелесе, бір-бірімен қарама-қайшылықтарға түсе отырып, тарихи үдерістің параллелограмын құрады. Екі ғұлама да қоғамның дамуына тарихтың жүйелі сатыларынан өту үдерісі ретінде қарады. Осы әбден дұрыс көзқарас тұрғысынан алғанда, Кеңес Одағының ыдырауының терең себептерінің бірі – большевиктердің «марксизмнің шығармашылық дамуы» дегенді жа- лаулатып, әлі капитализмнің «қазанында қайнап үлгірмеген» Ресейге социалистік даму жолын таңғаны болды. Марксистік философияда оның негізін салушылар жоғарыда аталған материализмді табиғи түрде диалектикамен – даму тура- лы іліммен біріктіре алды. Маркс пен Энгельс басты, әрі маңызды және Гегель қисынды талдау жасаған диалектикалық тәуелділіктер мен қатынастардың табиғат пен қоғам өмірінің нақты үдерістеріне, адамдардың тіршілік қарекетіне қатысатынын дәлелді түрде көрсете білді. Егер, Гегель бойынша, бұл «Ай астындағы әлемде» бар-жоғы жүріп өткен баспалдақтар ғана бар болса, ал шынайы даму адам рухы саласында орын алса, онда марксизм тұрақты қозғалыста болатын және ішкі қарама-қайшылықтарды жеңу арқылы дамитын нақты материалдық дүниенің өзін көрсеткен. Олай болса, қоғамның негізгі қозғаушы күші – ол өндіргіш күштер мен адамдардың өндірістік қатынастары арасындағы қайшылықтар болып табылады. Материалдық әлемнің диалектикалық сипатын түсінуге ерек- ше үлкен үлес қосқан Энгельс болды. «Анти-дюринг» және «Табиғат диалектикасы» деп аталатын еңбектерінде жансыз және жанды табиғатта, қоғамдық дамуда, адамдардың рухани шығармашылығында және іс жүзіндегі тіршілік қарекеттерінде диалектика заңдары мен санаттарының қалай пайда болатынын ол егжей-тегжейлі, соны- мен қатар жалпыға ұғынықты етіп түсіндіріп берді. Қоғам өмірін талдай келе, Энгельс те, Маркс сияқты, капиталистік қоғамдық қатынастардың соншалықты қатыгез, қарапайым адамдардың өмір сүру жағдайларының аянышты екенін, ал оларды қанаудың адам төзгісіз деңгейін өкінішпен баяндайды. Осының бәрін ол «Англиядағы жұмысшы таптың жағдайы» деген жұмысында нақты фактілер келтіре отырып керемет көрсетіп, сол арқылы өз заманындағы қоғамдық пікірге үлкен ықпал етеді. Ол мұндай жағдай мәңгі болмайтыны- на, оның осы қоғамның қоғамдық қарама-қайшылықтарын жеңу нәтижесінде өзгеруге тиіс екеніне сенді. Егер Гегель диалектикалық өзгерістердің себебін қоғамдағы ұлттардың іс-әрекетінен көрсе, Маркс оны әлеуметтік таптардың іс-әрекеттерінен көрді. Өз заманының көпшілік ойшылдары сияқты, ол да адам қоғамының жарқын болашағына сенді және басқаларға қарағанда, осы жарқын болашаққа жеткізетін күш – тек жұмысшы табы ғана болып табылады деп санады. Маркс пен Энгельс пролетариаттың бұл міндетін қалай негіздеді? Бәрінен бұрын, пролетариаттың қоғамға қажетті барлық негізгі материалдық игіліктерді өндіретіні туралы тезис арқылы. Оның үстіне, пролетариат қоғамның ең үлкен әлеуметтік тобын құрайды ғой. Сондай-ақ ол меншіктің ешқандай түрімен байланыспаған, сол себепті әділ қоғамның орнауына мүдделі. Егер мыңжылдықтар бойы адамзаттың өркениетті дамуы аясында шағын шығармашылық әлеуметтік топ – зиялы топ, яғни интеллигенцияның рөлі жетекші деп жорамалданып келсе, енді жұмысшы табын қоғамның жетекші күші деп тану – сол кездегі қоғам үшін тосын және естен тандыратындай болды. Жұмысшы табының жетекшілік рөлін мойындаудан оның диктатурасы идея-сына дейін бір-ақ адым қалған-ды. Бұл тұрғыда Маркстің замандасы – орыс ойшылы, сенімдері бойынша анархист М.А.Бакуниннің көрегендігін мойындаған жөн: ол пролетариат диктатурасының қантөгіс тоталитарлыққа жеткізетінін айтқан. Бірақ бұл қоғамдық қатынастар дамуының белгілі бір кезеңі іспетті социализмнің маңызын еш кемсітпесе керек: оған қазіргі заманғы дамыған қоғамдардағы әлеуметтік бағдарламалардың шешімдері нақты дәлел бола алады. Сөздің кең мағынасында социализм адамдар арасындағы айырмашылықтар сақталған кездегі қоғамның әлеуметтігі болып табылады. коммунизм идеяларына келсек, онда бұл жерде, дау жоқ, белгілі бір іске аспайтын қиял – утопизм орын алады.