Ғылым тарихы және философиясы


Маркс пен Энгельс мұрасында дінге көзқарас мәселесі ерекше орын алады. Маркстің пікірінше, діннің бастаулары аспанда емес, жерде



бет89/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

Маркс пен Энгельс мұрасында дінге көзқарас мәселесі ерекше орын алады. Маркстің пікірінше, діннің бастаулары аспанда емес, жерде,
«... дін – ол әлі өзін таппаған немесе өзін енді қайтадан жоғалтқан адамның сана-сезімі және өз-өзін сезуі. Бірақ адам – дерексіз, әлемнен тыс бір жерді паналап жүрген тіршілік иесі емес. Адам – ол адамның әлемі, мемлекет, қоғам. Бұл мемлекет, бұл қоғам дінді, жалған дүниетанымды тудырады, өйткені олардың өздері – жалған әлем» (Маркс К., Энгельс Ф. Шығ. – 1-том. 414-бет).
Ол «социализм қалай дамыса, діннің солай жоғалатынына, ал оның жоғалуы қоғамдық даму, яғни тәрбиеге үлкен мән берілетін даму нәтижесінде болуға тиіс екеніне» сенімді болды (Маркс К. Энгельс Ф. Шығ. 45-том. 474-бет).
Маркстің барлық ой-пікірлерінің ішінде «күресу» деген сөздің жоқ екенін (қарсыластары оны сол үшін жазғырады) ерекше атап айтқан жөн. Кейіннен: «Біз дінмен күресуге тиіспіз. Бұл – бүкіл марксизмнің әліпбиі», – дегенді айтқан Ленин еді (В.И.Ленин. Шығ. толық жин. – 17-т. 418-бет). Біздің ойымызша, «Дін – халықты улайтын апиын» деген формуласына Маркс біршама басқадай мағына берсе керек. Маркстің заманында апиын ауруды жазатын дәрі болған және адамды бұзатын, оны құлдырауға жеткізетін есірткі ретінде қабылданбаған.
Бүгінгі күні марксизм туралы кімде-кім не жазса да, не айтса да, олерікті немесе еріксіз, ашық немесе жасырын түрде бір ғана:
«Өзін социалистік деп жариялаған біздің қоғамымыздың мүлдем біз қалағандай болып шықпағанына Маркс кінәлі ме?» – деген сұраққа жауап беруге тырысады.
Алғашқы жауап төмендегідей сипатта: Маркс те, Энгельс те, Ле- нин де бұрынғы КСРО мен социалистік бағыт ұстаған басқа да елдер- де орын алған өзгерістерге кінәлі емес. Аталған өзгерістер – Сталин мен оның ізбасарларының марксизмді саналы түрде және қасақана пиғылмен бұзып көрсеткенінің нәтижесі.
Осы дәстүр арнасында маркстік теорияның негізгі құндылықтарын кейбір ғалымдар мен публицистер ескі, қасаң қағида түрінде көрсетіп келген. Марксизмді бұзып көрсеткені үшін сталинизмді әділетті жазғыра отырып, бұл көзқарасты жақтаушылар сонымен бірге Маркс пен Энгельстің мұрасына, оның теориялық-әдістемелік пікірлеріне қандай да бір сыни көзқарастың болуы мүмкіндігін шын мәнінде жоққа шығарады және сол арқылы олардың шығармашылық мұрасындағы кейбір қарама-қайшы ойлардың тұралап қалуына себеп болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет