Ғылым тарихы және философиясы


Марксизмнің таным теориясы да әлемді диалектикалық- материалистік түсінуге негізделген. Маркске дейінгі материалистер



бет88/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

Марксизмнің таным теориясы да әлемді диалектикалық- материалистік түсінуге негізделген. Маркске дейінгі материалистер
адамның қоршаған дүниені танып білуін оның сезімдік пайымда- уы деп түсіндірді. Қоршаған әлемдегі заттар адамның сезіміне әсер етеді және сол заттарды тек қабылдайды, ал белсенділік сыртқы дүние заттарының өздеріне берілген. Маркс бойынша, кез келген та- ным субъект (адам) пен объектінің (адамның танымдық әрекеттері бағытталған заттар, құбылыстар) өзара іс-әрекеттерін білдіреді. Адам назарынан және іс-әрекетінен тыс жатқан заттар мен құбылыстар тек Табиғаттың шикі материалы болып табылады. Міне, сондықтан адамның ойлауының негізі – Табиғат қана емес, сонымен қатар адамның іс-әрекеті арқылы оны өзгерту қажеттігі. Ал осы өзгерту барысында ойлау дамиды, демек, адамның қоршаған дүниені танып білуі орын алады. Сөйтіп, адамның белсенділігі нәтижесінде ғана табиғат заты танылады және адамдардың қажеттіліктерін өтеу үшін өзгерістерге ұшырайды. Әлемді нақты танып білу – оны адамның игеруі болып табылады.
Маркстік философия теориялық емес, бәрінен бұрын практикалық, яғни іс жүзіндегі мәселе болып табылатын шындық мәселесіне де жаңа идеялар енгізеді. Шындық туралы өмірден, тәжірибеден алшақ жатқан, таусылмайтын айтыс-тартыстар тек схоластикалық теориялауға әкеліп соқтырады. Философтар әртүрлі жолдармен дүниені түсінуге ғана әрекет жасады ғой, ал мәселе оны өзгерту қажеттігінде жатыр. Олар кез келген философиялық қағидалардың келешекте ғылым мен қоғамдық өмірдің дамуы барысында сөзсіз өзгеретініне, нақтыланатынына, байи- тынына сенді.
адам мәселесін қарай келе, Маркс пен Энгельс Фейербахтың биологияға қатысты көзқарасын қатаң сынға алды. Адамның биологиялық-әлеуметтік табиғатын мойындай отырып, олар бұл мәселеге жүйелі көзқарасты іске асырды. Маркс адамның мәні қоғамдық қатынастардың «ансамблі» болып табылатынын көрсетті. Ол Гегельді адамды тек Дара Идеяны өздігінен танып білу құралына айналдырғаны үшін жазғырды. Маркс пен Энгельстің ойынша, адам тарихты өзінің көпқырлы қызметі, іс-әрекеттері барысында тудырады және соның нәтижесінде өзі де өзгереді. Болашақтағы коммунистік қоғамда зорлық-зомбылық, қылмыс, тойымсыздық, көреалмаушылық және басқа да күнәлар оған жат болатын жаңа адам дүниеге келеді. Ал бұл құқықтық мекемелерге, тіпті қоғам институты саналатын мемлекеттің өзіне де қажеттілік жойылатынына жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет