8-тарау. XX ғасыРДағы ғылым мен ФилОсОФиЯ
XX ғасыр философиясындағы негізгі үрдістер: сциентизм мен антисциентизмнің күресі
Қазіргі заман философиясы деп біз, негізінен, XX ғасырдың ғылымы мен философиясын түсінеміз, өйткені XXI ғасырдың басын- да ғана өмір сүріп жатқандықтан, философиялық деңгейде болып жатқандарды қорытындылау үшін, біз әлі жеткілікті рухани тәжірибе жинақтап үлгірген жоқпыз.
Өткен ғасыр әлемдік тарихта қашанда оқшау тұрған қалпында сақталады. Біріншіден, ол таным және қоршаған әлемді өзгерту мәселесінде адамның орасан үлкен мүмкіндіктері бар екенін көрсетті. Адамзат әйел-құдай Изиданың жамылғысындағы: «Мен бұрын болған, болып жатқан және болатын солмын және келуші бірде-бір тіршілік иесі менің жамылғымның етегін көтере алмайды» деген жазуды теріске шығарғандай. Өйткені нақ осы ғасырда табиғаттың ең бір құпия сыр- ларына адам даналығының ғажап енуі орын алды. Нәтижесінде, атомдық электр станциялары адамдардың бейбіт өміріне энергия беріп жатыр; интернет бүкіл жер шарын қамтыды; жер шарының кез келген нүктесінен ұялы телефон арқылы басқалармен хабар алысуға болады; жолдардың үстімен жүз миллиондаған машиналар жүйткіп, жүз мыңдаған ұшақтар аспанды шиырласа, ғарыш кемелері жерді айнала ұшып жүр. Осылардың барлығы да бір ғана XX ғасырда іске асты! Адамдардың өмір салтында орын алған ғаламат өзгерістер фи- лософияда сциентистік бағыт тудырып, ойшылдардың оптимистік дүниетанымын оятты.
сциентизм (лат. scientia – білім, ғылым) – бұл негізінде аса жоғары мәдени құндылық және адамның Әлемдегі бағдарын анықтаушы фак- тор туралы ғылыми білім туралы ұғым жатқан идеялық ұстаным. Оның үстіне, ғылымның өзінің мұраты ретінде, әдетте, табиғат заңдарын танып білудегі жетістіктерінің және соған байланысты ғылыми-техникалық ілгерілеудің ықпалымен сциентизм пайда бола- тын нақты математикаландырылған жаратылыстану қарастырылады.
Қарама-қарсы идеялық ұстаным – ол антисциентизм. Ол адамның әлемге қатынасының факторы сияқты мәдениет пен ғылыми таным саласындағы ғылымды және оның рөлін сын тұрғысынан бағалаудан көрінеді.
Алайда біз «шыңдар қаншалықты биік болса, тұңғиықтардың да соншалықты тереңдігі» туралы нақылды әрдайым есте ұстауға тиіспіз.
АЭС-термен қатар атом бомбалары да пайда болды және оларды сы- нау адамдарға жасалды (Хиросима мен Нагасакиді еске түсіріңіз), ядролық полигондар, Чернобыль АЭС-індегі жарылыс ғасырдың сциентистік қиялын түбірімен жоқ етті. Бұл философия саласында антисциентистік көзқарастардың пайда болуына әкеп соқтырды.
XX ғасырдың тағы бір ерекшелігі – осыған дейінгі бірде-бір ғасырдың онда болған алапат соғыстарды және соған байланысты қатыгездіктерді білмегендігі болды. Он мыңдаған өрімдей жастар екі дүниежүзілік және одан кейінгі «жергілікті соғыстар» деп аталатын қақтығыстардың құрбаны болды. Адамның өмірі тіпті нәзік болып шықты. Бұл жағдай философтардың бір бөлігінің өмір философиясын, экзистенциализмді және басқа бағыттарды туғызып, осы әлемдегі адам болмысының ерекшеліктерін зерттеуге бет бұруына себеп болды. Егер қоғамның рухани өмірін алып қарасақ, онда бұл жерде де қарама-қайшылықтар аз емес. Бұған, біріншіден, ғылымның, жоғары білімнің дамуы, ғылымдардың қолжетімдігі, жүз мыңдаған данамен таралатын мәдениет экспонаттары, ал, екіншіден, адамның техника, заттай байлық пен тән-сезімдік ләззаттардың құлына айналуы мы- сал бола алады. Бір жағынан, әлемнің ұлы гуманистері – Тереза-Ана, А.Сахаров, А.Швейцер, Махатма Ганди өмір сүрсе, екінші жағынан,
«зұлымдықтың данышпандары» – Сталин, Гитлер, Муссолини, Пол- Поттың және басқаларының да өмір сүргенін айтқан жөн.
Әлеуметтік өмір жайында айтсақ, онда ғасырдың басында Ресей- де большевиктер бұған дейін көз көріп, құлақ естімеген батырлықтың үлгісін көрсетті, сонымен қатар жетпіс жылға созылған қайғылы әлеуметтік тәжірибеге жеткізген социалистік революция жасады. Миллиондаған адамды құрбан еткен революцияның ақсиған құбыжық тісі адамзаттың ағарған, озық бөлігін коммунизм, ұлттық социализм сияқты қандай да бір ізгілікті идеялардан түбегейлі айырып тынды.
XX ғасырдың жетпісінші жылдары Батыстың көптеген елдері өз дамуының «постиндустриалдық қоғам» деп аталып кеткен жаңа кезеңіне аяқ басты. Халықтардың өмір сүру деңгейі шапшаң өсті, демократияға және «адам құқы» дегенге басымырақ назар аударыла бастады. Алайда материалдық байлықтың артуы бұл елдерді рухани өмірдің дәл сондай көтерілуіне жеткізбеді. Керісінше, оның тоқырауы орын алған сияқты. Ғасыр соңына қарай байлыққа батқан, өз кезінде Ертедегі Римдегідей, «нан мен қызық іздеген» «алтын миллиард» де- ген, ал екінші жағынан, қарапайым игіліктерге мұқтаж, тойып нан же-
меген миллиард адам шықты. Ал олардың ортасынан өмірден азғантай да болса жақсылық іздеген төрт миллиард беймаза топты көреміз.
Біздің ойымызша, бүгінгі күні адамзат үшін ең маңызды да өзекті мәселе – ол табиғаттың ең жоғарғы өнімі – жер бетіндегі өмірді сақтау болып табылады. Ол үшін ғылыми-техникалық прогресс барлық за- мандарда жасампаз болған «адамзат әкелерінің» рухани өсуімен, адамгершілік тұрғыда қалыптасуымен ұштасуға тиіс. Осындай шарт- тар орындалғанда ғана философияның: адамның өмір сүруінің мәні неде және адамның өзінің мақсат-мұраты не деген «мәңгілік сұрағына» жауап беруге болады. Бұл жолда халықтардың бәсекелестігі емес, олардың бір-бірлерін өзара толықтыруы және ынтымақтастығы қажет.
|