Ғылым тарихы және философиясы


Марксизм: «иә» және «қарсы»



бет85/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

Марксизм: «иә» және «қарсы»



XX ғасырда тұтас әлеуметтік-саяси идеология іспетті марксизммен кезіндегі Кеңес Одағының ғана емес, Шығыс Еуропаның, Азияның, Латын Америкасының да көптеген елдерінің тағдыры тығыз байла- ныста болды.
Бірақ бұрынғы Кеңес Одағы өзінде алғаш рет коммунистік қоғам құрудың батыл да қасіретті және сәтсіздікпен аяқталған әрекетіне барған бірден-бір басты мемлекет еді. Миллиондаған адамдар сол идеяның құрбанына айналғанмен, оның нәтижесі – елдің күйреуі және қирауы болып шықты. Егер бұрындары кеңестік қана емес, со-
нымен қатар көптеген шетелдік ғалымдар марксизмді адамзаттың 2,5 мыңжылдық дамуындағы философиялық ойдың биік шыңы деп бағаласа, енді «бұрынғы марксистердің» көпшілігі оны бастан-аяқ жа- мандап, кенеттен шын берілген антимарксистер болып шыға келді.
Алайда Әлемді тура мағынасында төңкеріп тастаған ілімді ұмытуға, әсте, бола ма? Бұл жерде салмақты және, ең бастысы, тиянақты көзқарас қажет.
Сонымен, марксизмнің негізін салушылар – XIX ғасырдың ұлы ой- шылдары Карл Маркс (1818-1883) пен Фридрих Энгельс (1820-1895) болды.
Бұл ілімнің пайда болуының тарихи алғышарттары еуропалық мемлекеттер капитализмнің қарқынды дамуы кезеңін бастан кешіп жатқан XIX ғасырдың ортасындағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және ғылыми жаратылыстану факторларының жиынтығы болып табылады. Ол кезде капиталистік қатынастардың жедел дамуы жүріп жатқан, еңбек пен капиталдың қарама-қайшылығы үлкен дәрежеде ашыла бастаған- ды. Қайта өндіру дағдарысы мыңдаған жұмысшыларды фабрикалар мен зауыттардың қақпасының сыртына лақтырып тастауға жеткізіп, жұмыссыздық өсті, ал ол жалдамалы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын күрт төмендетіп жіберді. Буржуазиялық идеологтардың
«Еркіндік, теңдік және бауырластық» деген ұраны өзінің бұрынғы тартымдылығын жоғалтып, зиялы топтар ортасында түңілу орын алды. Осының бәрі ойшылдардың буржуазиялық тұжырымдамалардан шегініп, революциялық демократия жолын қабылдауына себеп болды. Еуропа елдерін шарпып өткен 1848 жылғы революциялар терең таптық қайшылықтарды жалаңаштап, Маркс пен Энгельстің революциялық- демократиялық бағдарын нығайтты. Тарихи үдерісті жаңаша ойластыру қажеттігі айқын көрінді.
Марксизм философиясы сонымен қатар өз заманының ғылыми жаратылыстану жетістіктерінің ықпалымен де қалыптасты. XIX ғасырдың ортасына қарай ғылым елеулі жетістіктерге қол жеткізді, соның нәтижесінде материалистік диалектика қағидаларын теориялық негіздеуге мүмкіндік туды. Сол уақыттың саны көп ғылыми жетістіктерінің ішінен неміс биологтары – т.Шван мен м.Шлейденнің жануарлар мен өсімдіктер организмдерінің жасушалы құрылысы бойынша ашқан жаңалықтарын ерекше атап өткен жөн, өйткені бұл олардың ішкі туыстығының өмірді эволюция (даму) тұрғысында түсінуге жол ашқанын көрсетеді. Диалектикалық-материалистік көзқарастардың қалыптасуына сол заманғы қоғамға жарылған бом-
бадай ерекше күшті әсер еткен Ч.Дарвиннің эволюциялық теория- сы болды. Физика саласында неміс оқымыстылары Р.Майер мен Г.Гельмгольцтің және ағылшын физигі Дж.Джоульдің энергияны сақтау және айналдыру заңын негіздеуі материализм қағидаларын нығайта түсті.
Маркстік философия адамзаттың философиялық ойларының ең жақсы жетістіктерін: ертедегі грек ойшылдарының ілімдерін, Қайта өрлеу дәуірі мен Ағарту дәуірі идеяларын, әсіресе неміс ойшылдары – Лессинг, Гердер, Гейне және басқаларының идеяларын бойына сіңірген. Марксизм философиясының қалыптасуында Канттың, Гегельдің, Фихтенің, Фейербахтың да идеялары үлкен рөл атқарды.
Марксизмнің неміс классикалық философиясымен тығыз бай- ланысы Маркстің шығармашылық өмірбаянында ерекше айқын көрінеді. Берлин университетінің студенті болып жүрген кезінде- ақ, яғни 1837 жылы ол Гегель философиясымен танысып, А.Руге мен Б.Бауэр басқаратын жас гегельшілер үйірмесіне қатысады. Бұл кезеңде Маркс неміс классикалық философиясының көптеген қағидаларын құптайтын. Басқа гегельшілер сияқты, ол да философияны рухани, яғни қоғамға даналық пен парасат енгізуге, сол арқылы қоғамдық- тарихи прогреске ықпал етуге арналған негіз, нағыз мән (квинтэссен- ция) деп санайды.
Маркстің белсенді қоғамдық қызметке «Рейн газетінің» журналисі және редакторы ретінде енуі нақты өмірмен жақынырақ танысуына мүмкіндік берді. Бұл оның гегельдік философияның бастапқы идея- ларынан теріс айналуына себеп болды. 1843-1844 жж. Маркс Фейер- бах ұстанымы жағына шықты. Ол кезде Маркске адам бойындағы сезім бастауларын қалпына келтіруді, адамның табиғат берген да- рындарын толық іске асыруын, адамның табиғатқа және адамның адамға адамгершілік көзқарасымен қарауын жақтайтын Фейербах материализмінің адамгершілік ұстанымы көбірек ұнайтын. Фейербах болашақты адамдардың жалпыға бірдей бауырластығы ретінде көріп, оны «коммунизм» (лат.communisжалпыға ортақ) деп атаған.
Маркс – экономика ғылымының көрнекті теоретигі. Оны ол Фей- ербах гуманизмі және сынға қатысты әлеуметтік талдаумен біріктіру жолымен құрған. Оның аса нанымды көрінісі – «1844 жылдың экономикалық-философиялық қолжазбалары» атты еңбегі болып табылады. Еңбектің негізгі мақсаты – жеке меншік қоғамында адамды шеттету, жат ету идеясы және алдағы коммунистік қоғамда шеттетуді жою идеясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет