Ғылым тарихы және философиясы


заң зерттелуші нысанның ішкі, қажетті, маңызды, қайталанба- лы



бет127/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

заң зерттелуші нысанның ішкі, қажетті, маңызды, қайталанба- лы және тұрақты байланыстарын білдіреді. Ғылымның әр саласы өз заңдарын ашуға, оларды бір-бірлерімен ұштастырып, теория деңгейіне көтеруге тырысады.
Сөйтіп, ғылымның негізгі мақсаты – ол, біріншіден, жаңа білімдерді тудыру және адамзат қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оларды іс жүзінде пайдалану, екіншіден, ғылымдардың жетістіктерін бірбүтінге біріктіріп, соның негізінде әлемнің ғылыми бейнесін (әғб) құру. Осы негізде адамдардың дүниетанымы қалып- тасады. Әлбетте, ғылымның дамуына орай ӘҒБ да өзгерістерге ұшырайды.
Ғылымға жақын техника ұғымы (грекше – «techne») алдымен өнерлілік, шеберлік мағынасында қолданылды. Қазіргі заманға сай мағынасында техника деп қоғамда қолданылатын әртүрлі құралдар түсініледі. Ф.Энгельсті еске түсірейік: адам өзінің шығу тегі үшін еңбек құралдарының жасалуына және олардың жүйелі түрде пайдала- нылуына қарыздар.
Кейінгі жылдары біз «техника» сөзіне қарағанда, «техноло- гия» сөзін көбірек қолданатын болдық. Үйреншікті сана деңгейінде олар теңмағыналы ретінде қолданылады. Алайда олардың арасында айырмашылықтар да бар. Егер біз техникаға әртүрлі материалдар-
дан жасалған барлық құралдарды жатқызсақ, онда технологияға бір немесе басқа жасанды заттарды әзірлеудің тәсілдері мен тәртібін жатқызамыз. Ал бұл бізді гректің «технесіне» кері бұрады. Жоғарғы технология негізінде әзірленген зат сапалырақ болады.
Технология түсінігі алдымен өндірісте пайда болып, содан кейін кеңірек тарала бастады да, біз бұл түсінікті қоғамның тіршілік қарекетінің басқа салаларында қолдана бастадық. Мысалы, қазіргі заманғы саясатта «пиар-технологиялар» деп аталатындар кеңінен пайдаланылады, өйткені бұқаралық ақпарат құралдарында бір не- месе басқа мәселеге қатысты қоғамдық пікірдің қалыптасуы тиісті
«ақпараттық технологияны» қажет етеді, педагогикада біз оқытудың
«кредиттік технологиясы» туралы, денсаулық сақтау саласында
«медициналық технологиялар» жайында және т.б. айтамыз.
Ал енді адамның негізгі еңбек қызметтерін қисынды түрде қайта құрып көрейік. Кез келген затты жасау үшін, шикізат тауып, оны өндіріс орнына жеткізу (көлік) қажет, содан кейін ол шикізатты өңдеп, оған ойластырылған пішін беру (технология) керек, осының бәрі белгілі бір күш (энергия) шығындауды қажет етеді, осы аталғандарды шешім қабылдаусыз және оған қадағалау жүргізусіз (бақылау) іске асыру мүмкін емес. Алыс тарихымыздың басында адам осы іс-әрекеттердің барлығын өзі орындады. Бірақ уақыт өте келе, жан-жануарларды үйрету арқылы оларды көлік құралы ретінде пайдалана бастады. Тұрғын үй құрылысында ауыр тастарды жоғарыға көтеріп шығару қажет болды, ол үшін адам барлық мүмкін болатын құралдарды ойлап тапты, содан кейін олардың ішкі мәнін ашты, сөйтіп, механика бас- таулары пайда болды. Техниканың қалыптасуындағы маңызды кезең болып алғашында жел диірменінің, соңынан су диірменінің шыққаны саналды. Адам су доңғалағын ойлап тауып, енді су ағынының энер- гиясын пайдалана бастады. Бұның маңызын асыра бағалау мүмкін емес, өйткені алғашқы технологиялық машина пайда болды. Онда қозғаушы күш, күш беру құрылғысы, жұмыс механизмдері бірге берілді. Ғасырлар бойы осылардың барлығы бірте-бірте бір-бірлерінен алшақтады: қозғаушы механизмдер, күш беру құрылғысы және технологиялық машиналар енді бөлек-бөлек өмір сүре бастады. XVIII ғасырда технологиялық машиналар жасауда нағыз төңкеріс орын алды: жіп иіру және тоқыма машиналары дүниеге келді. Су буының энергиясын пайдалануға негізделген қозғаушы механизмдер, ақыр соңында, үлкен өндірістердің – фабрикалар мен зауыттардың пайда бо- луына жеткізді.
XX ғасырда электр қозғалтқыштары пайда болып, көлемінің шағындығына бола, олар бір немесе басқа машинаның, механизмнің бір бөлшегіне айналып, техниканың ары қарай жетілуіне келтірді.
Алайда қандай машина жасалса да, оны басқаруды және бақылауды адамның өзі жүзеге асырып отырды. Бірақ көп кешікпей, мұнда да алға ілгерілеу орын алды: автоматтандырылған кәсіпорындар шығып, оларда өндіріс үдерісін бақылауды компьютер жүзеге асыратын бол- ды. Мысалы, қазіргі заманғы автозауыттарда кузов құрастыру, бояу жұмыстары роботтар мен автоматтарға берілді.
Бүгінгі күні компьютер техникасының дамуы қажетті ақпаратты шапшаң таңдауға, оны жүйелеуге, түрлерге бөлуге және т.б. мүмкіндік береді, сол арқылы өндірісте өзгерістерге байланысты жедел әрекет ету, тиісті шешімдерді жылдам қабылдау және оларды іске асыру мүмкін болады.
Сөйтіп, әлемдік тарихта ғасырлар бойы адамның негізгі еңбек қызметтері қоғамда өзінің ерекше орнын алған машиналарға беріліп келді. Ғылым мен техниканың жедел дамуы кейінгі уақытта «Үлкен жарылыс» дегеннің теориясын еске түсіреді. Автоматтандырылған за- уыттар, аса ұшқыр ұшақтар, әлемдік телевидение, интернет, ұялы бай- ланыс және басқалары енді адамды таңғалдыра алмайды. Ғылымда адамзаттың болашағы әлдеқайда сенімді, келешекте оның барлық мәселелері ғылыми-техникалық даму жолдарында оңай шешіледі деп санайтын сциентизм (лат. scientia – ғылым) пайда болды.
Алайда шыңдар қаншалықты биік болса, тұңғиықтар соншалықты терең емес пе. XX ғасырдың 70 жылдарында ғылыми-техникалық өрлеудің оң салдарларымен қатар, теріс зардаптары да (климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның бұзылуы, адамның техника құлына айна- луы және т.с.с.) сезіле бастады. Өзінің технопессимизмімен бірге ан- тисциентизм пайда болды. Оны жақтаушылар ғылымның адамзат иге- ре алмайтын, бөтелкеден шығарылған жын екеніне сендірмек болады. Олай болса, ары қарай не істеу керек? Мүмкін, табиғаттың бала- сы болған, табиғатпен жарасымды өмір сүруді білген баяғы замандағы көшпенді ата-бабаларымыздікі дұрыс шығар? Бірақ олай ойлау – жастық шақтың романтизмі бұғауынан шықпау деген сөз. ғылым мен техниканың өркендеу үдерісін тоқтату мүмкін емес. Тығырықтан шығудың жалғыз жолы – ол озық жетістіктерді өмір саласына енгізу барысында стратегиялық тұрғыда мүмкін болатын теріс зардаптарды егжей-тегжейлі сараптаудан өткізу болмақ. Ал ол бүкіл жұртшылық білімінің, әсіресе гуманитарлық дайындығының жоғары деңгейін
қажет етеді.
Осыған байланысты атап өтуге тиістінің ең біріншісі – білімдер көлемінің шапшаң артуы. Егер біздің дәуіріміздегі білімдер санының еселенуі I ғасырдан бастап 1750 жылға дейін орын алса, ал кезекті ар- туы 1750-1900 жылдары, ал XX ғасырдағы өркендеуі бар-жоғы 50 жыл ішінде болды. Бүгінгі күні Жердің метрлік ауқымдағы радио сәулелері Сатурн және Юпитер секілді планеталарды басып озып, ғарыштан бақылау жасауға мүмкіндік берген жетістіктерге жетті. Жазу-сызудың пайда болуы арқылы адамзат ақпараттар мен білімдерді берудің және сақтаудың тиімді құралына ие болды. Кейіннен адамның «сүйікті досы» – кітап пайда болды. Ал XX ғасырда радио, телефон, телевиде- ние, интернет және т.с.с. электрондық құралдар ақпараттардың орасан үлкен көлемінің және олардың таралуының шапшаң өсуіне жеткізді. Дамыған елдерде бүгінгі таңда материалдық өндірісте халықтың бар- жоғы 24-26%-ы қамтылса, ал рухани салада 36-38%-ы қамтылған. Ақпараттық қызмет көрсету экономиканың жалпы көлемінің жарты- сынан көбін құрайды. Сөйтіп, ақпарат тауардың ең құнды түрлерінің біріне айналды. Оның бір ғажап ерекшелігі мынада: егер сіздің 100 пар туфлиіңіз болып, нарықта соның жартысын сатсаңыз, сізде әлі 500 пары қалады. Бірақ егер сіз 1000 бит (көлем өлшемі. – Аудармашы) ақпарат сатсаңыз, оған ақша аласыз, оның үстіне, сіздің қолыңызда осы 1000 бит ақпаратыңыз тағы қалады. Олай болса, бүгінгі таңда алтын да, ақша да, табиғат байлықтары да негізгі капитал емес, ол – адамның қабілеттері, табиғи дарындары, оларды тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында жетілдіру. Ал ол үшін елдегі білім беруді сапалы жаңа деңгейге көтеру қажет.
Кез келген елде білім беру жүйесі екі нәрсені қамтуға ұмтылады: біріншіден, өсіп келе жатқан ұрпаққа уақыт талабына сай келетін кәсіби білімдер беру, яғни әртүрлі салалар бойынша әлемде бар жаңа технологияларға үйрету, екіншіден, әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы тұлғаны, оның азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Кеңес заманы тұсында басты назар әр тұлғаның азаматтық ұстанымына аударылып, арнаулы кәсіби білімдерге көп көңіл бөліне қоймады.
Бүгінгі күні білім берудің гуманитарлық құрамдас бөліктері жылдан-жылға азайып, керісінше, кәсіби пәндердің саны артып келеді. Бұл біржақты дайындықта жетілген, өзінің тар кәсіби саласын ғана білетін маман болып шығуға әкеліп соқтырады. Егер қазіргі заманғы батыстық стандарттарға мұқият қарасақ, дамыған елдерді тұралатқан рухани-адамгершілік тоқыраудың білім берудегі гуманитарлық са- ланы жете бағаламаудың салдары болғанын байқау қиын емес. Осы
саладағы жалаңаш-жалпы технократизм үміт күткен нәтижелерге жеткізбейді.
Әлбетте, білім беру жүйесі бір орында тұрмайды, ол тұрақты өзгерісте болады, әсіресе оқу орындарын компьютерлермен, элек- трондық оқулықтармен, тестілермен, басқа да мультимедиалық оқу құралдарымен жабдықтау орын алады. Бірақ кез келген елде мыңжылдықтар бойы өзгермеген бір нәрсе бар: ол – мұғалімнің, Ұстаздың, Оқытушының білім беру үдерісіндегі шешуші рөлі. бірде-бір техникалық құрал Оқытушы тұлғасын ауыстыра ал- майды. Бұл – білім беру жүйесінің негізі. Сол себепті оқытушылық қызметтің мәртебесін көтеру арқылы ғана елдегі білім беру жүйесін ары қарай дамытып, жақсартуға болады.

1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет