Ғылым тарихы және философиясы



бет130/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

түрлендіргіштер деп бөлінеді.


Күшейткіштер адамның сезу органдары зерттелуші нысаннан келетін ақпаратты қабылдауға қабілетсіз болған жағдайларда пайда- ланылады. Ол кезде аспаптардың көрсеткіштері зерттелуші нысанның (микроскоп, телескоп, дыбыс күшейткіштер және т.б.) табиғатын айқын, парапар көрсетуге тиіс.
Талдағыштар зерттелетін нысанның қасиеттерін, құрылымдық қосымша құрамдас бөлшектерін ашуға қабілетті. Мысалы, спектроскоптың көмегімен зерттеліп жатқан дененің химиялық құрылымын анықтауға болады, өйткені жазық бетте (пластинка) алу- ан түрлі химиялық элементтерге сәйкес келетін әртүрлі ұзындықтағы спектрлер бейнеленіп шығады. Алынған нәтижені стандартты спек- тограммамен салыстыра отырып, заттектің химиялық құрамын анықтауға болады.
Түрлендіргіштер. Сөздің кең мағынасында кез келген аспаптарды түрлендіргіштер деп атауға болады, өйткені олар алынған ақпаратты түрленген түрінде адамның сезу органдарына жеткізеді. Мысалы, қарапайым көзәйнек оған түскен жарық арқылы адам жай көзбен әрең- әрең ажырататын заттардың сұлбасын кішірейтіп немесе үлкейтіп, адам көзінің қарашығына солай жеткізеді. Бұл жерде, шамасы, сөз сан жағынан түрлендіру туралы болсе керек, сапа жағынан түрлендіру мұнда жоқ. Сөздің тар мағынасында түрлендіргіштер деп адамның сезуі қабылдауға қабілетсіз ақпаратты түрлендірілген түрінде беретін аспаптарды (радиотолқындар, электр-магниттік өрістер, ультрадыбыс- тар, метагалактикалар, жасуша құрылымы және т.б.) түсіну керек.


    1. Ғылыми танымдағы дерексіздендіру және дерексіздіктер (абстракциялау және абстракциялар). Дерексіздендіруді, яғни зат- ты белгілерінен, қасиеттерінен ажыратып, ойша дерексіздендіруді

ғылыми танымның негізгі әдістеріне жатқызуға болады, өйткені ғалым зерттеліп жатқан заттың жеке-дара, кездейсоқ қырларынан тартынып, оның маңызды, қажетті байланыстарын бөліп алады. Дәл осыған байланысты ғылымда ұғым-түсініктер (санаттар) пайда бо- лады. Мыңжылдықтар бойы, негізінен, жердің үстіңгі бетіндегі зат- тар мен құбылыстар зерттеліп келді. Іс жүзінде әрбір дерексіздікке ұғымдардың ар жағында жатқан, сезіммен қабылданатын заттар мен құбылыстар сәйкес болды. Енді, XX ғасырдан бастап, жағдай күрт өзгерді: жай денелердің қозғалысы мен жылдамдығының, олардағы температура мен қысымның орнына, ойша көз алдымызға келтіре ал- майтын «жарықтың жылдамдығына жақын қозғалыстар», «аса жоғары қысымдар», «аса жоғары температуралар» келді. Осындай жағдайларда дерексіздендірудің маңызы артады. Бүгінгі заман ғылымында бірінші, екінші, үшінші деңгейлердің дерексіздендірілуі жайында айтылып жүр. Сондықтан бұл мәселені тереңірек қарастырып көрейік, ол үшін сұрақ тарихын есімізге түсірейік.


Жалпылай айтқанда, дерексіздендіру деп шындық туралы түсінікті құру мақсатында шындықтың (болмыстың) әлдебір қырларын ойша бөліп қарауды түсіну керек. Платон мен оның шәкірттері, өздерінің «екі әлем» туралы тұжырымдамаларына сәйкес, дерексіздендіруді «идея- лар әлемінде» бар құбылыстарды танып білу деп қарады. Оларға қарсы тұрған Аристотельдің ойынша, егер біз математикалық денелерді өз бетінше, дербес өмір сүретін болмыстар деп қарасақ, онда шындықпен де, дұрыс мағынамен де қайшылыққа келген болар едік.
Ортағасырлық номиналистер (Р.Бэкон, У.Оккам) де біздің алдымыз- да жатқан әлем сезімдік болмыстан басқа ештеңе де емес: онда бір зат екінші затқа ұқсамайды, сондықтан дерексіздік – ол заттардың атауы ғана деп сендіре отырып, платонизмге қарсы шыққан.
Концептуалистер платонизмнің де, номинализмнің де біржақтылығын жеңуге ұмтылды. Олар ұғымдардың нақты өмір сүретінін мүмкін емес деп санағанмен, дегенмен дерексіздік – ол атау ғана емес, нақты өмір сүретін жалпының бұл әлемнің заттарына тән бейнесі екеніне сенімді болды.
Дерексіздендіру туралы айтқанда, біз тағы бір пікірге кезігеміз: дерексіздіктер шындық-болмысқа жақын болған сайын, құндырақ болмақ. Бұл жағдайда оларда зерттелетін нысандардың ортақ қасиеттері көбірек. Барынша ортақ дерексіздіктер өз ауқымына ба- рынша мол заттарды қамти отырып, сонымен бірге мағынасыз да бола береді.
Дерексіздіктердің өздері білдіретін болмысқа қаншалықты сәйкес келетініне қатысты қиын сұрақ күтіп тұрғанына көз жеткізу қиын емес. Жауап ретінде төмендегіні айтуға болады: осы әлемдегі кез кел- ген зат нақты бір жағдайда өмір сүреді және қалыптасқан жағдайлар шектерінде басқа денелер және құбылыстармен өзара әрекеттерге түсіп, өздерін соларға сәйкес көрсетеді. Оның үстіне, біреулері өздерінің сапаларын, қасиеттерін айқынырақ көрсетсе, екіншілері сол уақыттағы жағдайға қарай мүлдем көрінбей қалуы да мүмкін. Ал бұл көбінесе тәжірибелік танымда, яғни біз бір затты бақылауға алып, оны іс жүзінде нақ сол кезде айқын көрінген қасиеттерге теңестірген кезімізде, сол заттың басқа қасиеттерінің көлеңкеде қалып қойғандай, ескерілмеуіне әкеліп соқтырады. Нәтижесінде, ондай бақылаудың қорытындылары дерексіздендірудің негізіне алынады.
Сонымен бірге орын мен уақыттың нақты жағдайларында зат өзінің кейбір сапалары мен қасиеттерін көрсете алады, ал өзгерген жағдайда бұрын байқалған қасиеттердің кейбірі жоғалып, ал кейбірлері қалуы мүмкін. Соңғыларды нақ осылай жинақтап қорыту – дерексіздендірудің жоғарғы деңгейіне келтіреді.
Зат немесе құбылыс басқалармен өзара әрекеттескенде, өзін қашанда өзгеше көрсетеді. Сол себепті зерттеушінің назары заттың өзіне емес, оның әртүрлі қарым-қатынастарда қалай көрінетініне бағытталуы ке- рек.
Дерексіздендірудің кез келгенінің өз шектері бар. Сондықтан танымның белгілі бір деңгейінде бір немесе басқа дерексіздіктің та- ным мүмкіндіктерінің сарқылғаны анықталады. Мысалы, ғалымдар микроәлемге енген алғашқы сәттерде өзгеше қиын жағдайға тап бол- ды, өйткені классикалық физикада пайда болған бұрынғы ұғымдар бірқатар жаңа шындық, нақтылықты зерттеу барысында енді жарам- сыз болып қалды. Денелердің координаттары мен импульстерінің макроәлемде айқындалған арақатынас заңдылықтары микроәлем үдерістерін зерттеуде өздерінің эвристикалық мағыналылығынан айырылды. Егер қарапайым бөлшектің координаттары анықталса, онда импульс күшін дәл анықтау мүмкін болмай қалады, ал егер им- пульс күші анықталса, онда оның координаттарын анықтау мүмкін болмайды. Осы және басқа жағдайлар бұрынғы санаттардың шектері сарқылғанын және ғылымның алдында жаңа санаттық құрал жасау қажеттігі туғанын көрсетті.
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет