Ғылымдардың жіктелуі туралы сөЗ (15-бет) "ҒЫЛЫМДАР жіктелуі туралы сөЗ" /1



бет12/21
Дата07.02.2022
өлшемі75,77 Kb.
#92087
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
ғылымдардың жітелуі

ГЕОМЕТРИЯ ҒЫЛЫМЫ /42/
Геометрия ғылымына келетін болсақ, мұндай атаумен бізге екі нәрсе белгілі: практикалық геометрия, теориялық геометрия.
Практикалық геометрия сызықтар мен бедерлерді қарастырады. [Мысалы], ағаш ұстасы ағаш денелерді пайдаланған кезде, темір ұстасы темір заттарды немесе тас қашаушы тас заттарды пайдаланған кезде, сол (ағаш, темір, тас) заттардың сызықтары мен бедерлерін зерттейді, немесе жер өлшеуші жер бедерін, өлшемдерін қажет еткенде, практикалық геометрияға жүгінеді; осы сияқты практикалық геометрияны игерген әрбір адам өзіне сызықтар мен бедерлерді елестетеді және қайсыбір денедегі квадраттар, шеңберлер мен үшбұрыштарды зерттейді; және жаңағы дене өзі осы практикалық өнердің негізі, яғни зерттеу пәні болып табылады.
Теориялық [геометрия] дененің сызықтары мен бедерлерін тек абсолютті және жалпы мағынада қарастырады, және осы жағынан алғанда ол барлық денелердің бедеріне қатысты болып келеді; сондықтан [теоретик] денелердің қандай екенін ажыратпай, сызықтарды қиялында жалпы мағынасында елестетеді. (52-бет) Ол жазықтықты, кубты, сфераны немесе пирамиданы бұлардың қандай денеде екеніне көңіл бөлмей, жалпы түрде түсінеді; ол геометриялық денелерді, олардың қандай дене екеніне, қандай материалдан жасалғанына, яғни субстанциясының қандай екеніне, сезім арқылы оның қандай қасиеттерін танып-білуге қарамастан, оларды жалпылама түсінеді; геометриялық денені абсолютті мағынасында, яғни ол дене - ағаш, немесе ол дене - тас, немесе ол дене - темір деп емес, жалпы геометриялық дене деп қарастырады.
Бұл ғылым барлық ғылымдардың құрамына кіреді; ол сызықтарды, бедерлерді және геометриялық денелерді абсолюттік мағынасында зерттейді: олардың формалары, мөлшері, тепе - теңдігі мен тепе-тең еместігі, сондай-ақ олардың орналасу түрлері, тәртібі және соларға тән барлық қасиеттері қарастырылады, мысалы, нүктелер, бұрыштар, т.с.с; бұл ғылым олардың пропорциялы және пропорциялы емес, берілген және берілмеген, өлшемдес және өлшемдес емес, рационалды және иррационалдыларын және осылардың түрлерін зерттейді; бұл ғылымда қайсыбір форма түрінде жасауға болатын әр нәрсенің қандай әдіспен істелінетін және жасап шығарып алуға болатын әрбір дененің қандай әдіспен алынатынын білуге болады, сондай-ақ жаңағылардың барлығының себептері түсіндіріледі; және осының бәрі неге тап осылай болатынын бізге құрамында күмәннің болуына жол берілмейтін анық білімнің ұсынған дәлелдемелері арқылы түсіндіреді.
Міне, бұл - геометрияның қарастыратынының жиынтығы. Бұл ғылым [тағы да] екі тараудан тұрады:
Сызықтар мен жазықтарды қарастыратын тарау және геометриялық денелерді зерттейтін тарау.
Геометриялық денелерді зерттейтін тарауы геометриялық денелердің түрлеріне қарай: мысалы, куб, пирамида, шар, цилиндр, призма және конус сияқты денелерге бөлінеді.
Осылардың бәрін екі жағынан қарастырады:
(53-бет) біріншіден, бұлардың әрқайсысын өзінше қарастырады; мысалы, сызықтарды өзінше, жазықтарды өзінше, кубтарды өзінше және конустарды өзінше қарастырады.
Екіншіден, осыларды және осыларға қатыстыларды бірінің екіншілеріне қатынасы жағынан алып қарастырады; немесе бұлар бір - бірімен салыстырылады және бұлардың өзара тепе-теңдігі мен тепе - тең еместігі немесе осы екеуінен (тепе-тең - тепе-тең емес) басқа да қасиеттері қарастырылады; немесе жобалау жолымен анықтама жасайды: мысалы, сызықты жазықтыққа, жазықтықты геометриялық денеге, немесе жазықтықты жазықтыққа немесе екі геометриялық денені геометриялық денеге көшіріп, сызықты, жазықтықты, геометриялық денені анықтайды.
Геометрия мен арифметиканың негіздері және басқа да нәрселері осындай бастамалардан туындағанын білу керек. Бұл бастамаларға келер болсақ, олар анықталып қойған, белгілі бастамалар болып табылады, ал осы бастамалардан туындайтындары әлі анықтала қоймаған.
Пифагорлық Евклидке телініп жүрген кітапта геометрия мен арифметиканың бастамалары бар және ол "Бастамалар" /43/ деген атаумен танымал, мұнда екі жол қарастырылады: анализ жолы және синтез жолы.
Бұл ғылымның Эвклидтен басқа өте ертедегі өкілдері өз кітаптарында осы екі жолды біріктіріп зерттеген және өз кітабында синтезді [ғана] қолданатын тек Евклид.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет