Ғылымдардың жіктелуі туралы сөЗ (15-бет) "ҒЫЛЫМДАР жіктелуі туралы сөЗ" /1



бет17/21
Дата07.02.2022
өлшемі75,77 Kb.
#92087
түріҚұрамы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
ғылымдардың жітелуі

ТӨРТІНШІ ТАРАУ
ТАБИҒИ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТӘҢІРЛІК ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ /51/
Физика /52/
Табиғи ғылым табиғи денелерді және осы денелерде болатын акциденцияларды /53/ қарастырады; ол сол денелердің және бұларға тән акциденциялардың не нәрседен, ненің арқасында және не үшін бар болатынын айқындайтын заттарды түсіндіреді.
Денелер жасанды және табиғи болып келеді /54/.
Жасанды денелер: мысалы, шыны, семсер, төсек. Жалпы, болмысы өнердің арқасында және адам еркінен шыққан нәрселер.
Ал табиғи денелер - бұлар болмысы өнердің және адам еркінің қатысынсыз болған нәрселер: мысалы, аспан, Жер және осы екеуінің арасындағылар, өсімдіктер және хайуанаттар.
(68-бет) Бұл жағдайларда табиғи денелердің хәлдері жасанды денелердің хәлдеріне ұқсас: бұл - жасанды денелерге жасанды денелерден туындайтын хәлдер тән деген сөз, себебі бұлардың ішінде жасанды денелер пайда болатын нәрселер орналасқан; табиғатта мынандай нәрселер кездеседі, олардың бірі - нәрселер, яғни осы нәрселердің арқасында сол денелер өмір сүретін нәрселер бар да және осы нәрселер үшін сол денелер өмір суретін нәрселер бар. Жасанды денелерде олар табиғи денелерге қарағанда анығырақ көрініс табады.
Пайда болуы табиғи денелерге тән қалып: мысалы, киім-кешектегі әсемдік, семсердің жалтылдауы, шынының мөлдірлігі және төсектің нақыштары.
Жасанды нәрселер не үшін болады дегенде, ол нәрселер соларды жасағанда алға қойылған мақсаттар мен міндеттер үшін жасалған делінеді; мысалы, киім, оны кию үшін жасалған; семсер жаумен шайқасу үшін; төсек жердің сызынан құтылу үшін немесе төсекті жасағанда қандай мақсат көзделгеніне қарай жасалған; ал шыны басқа ыдысқа салған жағдайда көрінбей қалатындықтан, нәрсені көрсетіп сақтау үшін.
Ал енді осы жасанды денелердегі акциденциялардың қандай мақсаттар мен міндеттер үшін болатынына келсек. Мысалы, киімнің әсемдігі оны әдемі етіп көрсету үшін, семсердің жалтырауы жауды қорқыту үшін, төсектің өрнегі оның сыртқы түріне сән беру үшін, шынының мөлдір болуы - ішіндегі нәрселер көрініп тұру үшін.
Жасанды денелердің бар болуы соларды жасаушы, болдырушылардың арқасында: мысалы, ағаш ұстасының арқасында төсек жасалынады және семсер соғушының арқасында семсер соғылады.
Жасанды денелер ненің арқасында болады деген нәрселерге келсек, әрбір жасанды дене екі нәрсенің арқасында болды. Мысалы, семсердің - құрамына келсек, семсердің семсер болған болмысы екі нәрсеге байланысты: өткірлігіне және темірге.
(69-бет) Өткірлігі - бұл оның формасы мен құрылымы /55/, осылардың арқасында ол өз іс-әрекетін жасайды.
Темір - бұл оның материясы мен субстанциясы /56/ және ол (семсердің) формасы мен құрылымын көрсетуші.
Киім-кешектің де бар болуы екі нәрсенің арқасында: жіптің арқасында және арқаудың өрмекпен тоқылуы нәтижесінде. Тоқымасы - оның құрылымы мен формасы, ал жібі сол тоқыманы жасаушы оның субстанциясы мен материясы болып табылады.
Сондай-ақ төсек те екі нәрсенің арқасында жасалған: тік бұрыштылығы мен ағаштың арқасында. Тік бұрыштылығы - оның құрылымы мен формасы, ал ағаш оның материясы бола отырып, оның тік бұрыштылығын көрсетуші болып табылады.
Басқа да күллі жасанды денелерде дәл осылайша осы екі нәрсені біріктіргенде, бұлардың әрқайсысының өмірдегі актуалдылығы, оның кәмілдігі және мәні жүзеге асады. Олардың әрқайсысы жасайды немесе жасалынады, қолданады немесе, егер формасы материяда жүзеге асатын болса, сол формасының арқасында ол дене өзінің қызметін атқаратын істе қолданылады. Осылайша, семсер өзінің қызметін өткірлігінің арқасында орындайды; өрмек жіп арқау жіппен айқастырылып тоқылғанда киімнен пайда келеді. Қалған жасанды денелердің де жағдайы дәл осындай.
Ал енді табиғи денелердің жайына келсек, олардың әрқайсысы қайсыбір мақсат және міндет үшін өмір сүреді.
Дәл осылайша, табиғи денелерге тән кез келген жағдай мен акциденция қандай да болсын мақсат пен міндет үшін өмір сүреді. Әрбір дененің және әрбір акциденцияның әрекет етуші және жасаушы себептері болады және олар өздері осы себептерден пайда болады. Табиғи денелердің әрқайсысының оз болмысы мен мәнінің болуы екі нәрсенің арқасында:
(70-бет) біріншісі - семсердің өткірлігінің семсерге қатынасы, яғни табиғи дене формасына қатынасы сияқты қатынасының арқасында.
Екіншіден, семсер жасалған темірдің семсерге қатынасы сияқты, яғни табиғи дене материясына, формасының негізі болып табылатын оның субстанциясына қатынасы сияқты қатынастың арқасында. Алайда, семсердің, төсектің, киімнің және басқа.да жасанды денелердің формасы мен субстанциясын көзбен қамтып, сезіммен танып-білуге болады. Мысалы, семсердің өткірлігі мен семсер жасалған темірді, төсектің тік бұрышты формасын немесе төсек жасалған ағашты.
Ал табиғи денелерге келсек, олардың формалары орасан үлкен, материялары сезіммен таңғысыз болып келеді, сол себептен де олардың болмысы бізге силлогизм мен дәйекті дәлелдемелер арқылы расталады.
Бірақ кей жағдайда көптеген жасанды денелердің де сезіммен танылатын формасы болмайды; мысалы, шарап: бұл жасанды жолмен алынған дене болса да, оның мастықты тудыратын күші сезіммен танылмайды; оның мұндай күшінің бар екені тек соның әсерінің нәтижесінде ғана білінеді; бұл күш шараптың формасы мен құрылымы болып табылады; оның шарапқа қатынасы [семсердің] өткірлігінің семсерге қатынасы сияқты, себебі осы күштің арқасында шарап өзінің әсер етуін іске асырады. Дәрігерлік өнерінде қолданылатын күрделі дәрі-дәрмектер де осы сияқты; мысалы, удың уытын қайтаратын дәрілер және тағы басқалары; бұлар денеге дәрі-дәрмектердің бір - бірімен қосылған кезде, өздерінің құрамында пайда болатын күш арқылы әсер етеді және бұл күштер сезім арқылы танылмайды; бірақ осы күштерден туындайтын әсерлерді сезінуге болады. Осылайша, әрбір дәрі тек екі нәрсенің арқасында дәріге айналады:
(71-бет) осы дәрілердің құрамында нәрселердің қоспасының арқасында және бұл дәрілердегі әсер етуші күштің арқасында: қоспа - оның материясы, ал дәріге өз әсерін іске асыртатын күш - оның формасы. Егер дәріден осы күшті алып қойса, онда ол енді дәрі болмайды; бұл, мысалы, семсердің өткірлігін жойса, оның семсер болмайтыны сияқты, сондай-ақ киімнен арқауы мен өрмекпен тоқылуын тарқатып тастаса, онда ол киім болудан қалады.
Осы мысалдан табиғи денелердің формалары мен материясын түсіну қажет. Олар сезіммен қабылданбайтын болса, олар материя ретінде анықталады. Олардың формалары сезіммен қабылданбайтындықтың, олар [сезіммен қабылданбайтын] жасанды денелердің субстанциясы мен формасы сияқты болады; бұл көздің денесі және көруді болдыратын оның күші секілді, сондай - ақ қолдың денесі және оның қайрат тудыратын күші сияқты. Әрбір дене мүшесі де осы сияқты, сондай-ақ көздің күші де көрінбейді. Сондай-ақ осы күштердің ешқайсысы да сезімдердің біреуімен де сезілмейді, тек ақылмен танылады; табиғи денелердегі басқа күштер форма және сыртқы бейнелері деп аталып, олар табиғи денелердің сыртқы бейнелеріне ұқсату жолымен алынады. Құрылым, форма және сыртқы бейне халық арасында жасанды денелердің түрлерін көрсету үшін қолданған синоним атаулар болып табылады; табиғи денелерге және жануарларға тән заттар мен күштердің атауларын ұқсаттыру жолымен жасанды денелердің формалары мен сыртқы бейнелеріне көшірілді, ауыстырылды, өйткені өнерде аты белгілі нәрселерді әдетте халық осыларға ұқсас нәрселерге көшіреді. Денелердің субстанциясы мен формалары, осыларды жасаушы мен олардың өмір сүру мақсаттары денелердің негіздері деп аталады. Ал егер олар денелердің акциденциялары болса, онда олар денелердің акциденцияларының негіздері деп аталады.
Табиғи ғылым табиғи денелерді олардың қайсысы айқын болмыс болып табылатындығы жағынан зерттейді. Ол әрбір табиғи денеде оның субстанциясын, формасын және жасаушысын, сол дене қандай мақсат үшін өмір сүретінін зерттейді. Сондай-ақ оның акциденциясын, олардың мәні неде екенін, бұлардағы әрекет етуші нәрселерді және осы акциденциялар қандай мақсат үшін әрекет ететінін зерттейді. Осылайша, бұл ғылым табиғи денелердің негіздері мен олардың акциденцияларының негіздерін береді.
Табиғи денелер жай және күрделі болып келеді; жай табиғи денелер - бұлар басқа денелердің көмегінсіз өмір сүре алатындар, ал күрделі табиғи денелер - бұлар өмір сүруі үшін басқа денелерді керек ететіндер; мысалы, жануарлар мен өсімдіктер.
Табиғи ілім үлкен-үлкен сегіз бөлімге бөлінген:
Бірінші бөлім - барлық жай және күрделі табиғи денелерді біріктіретін нәрсенің бәрін олардың негіздері мен осы негіздерден туындайтын акциденцияларды зерттеу.
(73-бет) Екінші бөлім - жай денелерді зерттеу, өмірде осылар бар ма? Егер бар болса, олар қандай бөліктерден тұрады? Олардың саны қанша? Содан соң күрделі денелердің элементтерін зерттеу беріледі; бұл күрделі денелер осылардың болмысын білдіретін жай денелерде кездеседі ме, әлде бұлар жай денелерден тыс денелер ме? Ал егер күрделі денелер жай денелерде болса және олар жай денелерден тыс қарастырылмаса,онда олардың бәрі осындай ма, әлде кейбіреулері ғана ма? Ал егер кейбіреулері ғана болса, онда атап айтқанда қайсылары; осыдан соң барлық жай денелер қатысатын нәрселер зерттеледі; олардың қайсылары күрделі денелердің элементтері, ал қайсылары негіздері болып табылатыны және қайсылары элементтері болып табылмайтыны зерттеледі; содан соң қандай негіздер мен акциденциялар элементтер болып табылатыны тізбектеледі.
Үшінші бөлімінде жалпы табиғи денелердің пайда болуы мен жойылуы және осыған байланысты нәрселерді зерттеу; элементтердің қалай пайда болатынын және жойылатынын және осылардан күрделі денелердің қалай пайда болатынын зерттеу,-сондай-ақ осының бәрінің негіздері беріледі.
(74-бет) Төртінші бөлім - акциденциялардың негіздерін және күрделі [элементтерден шығатын] күрделі денелерді емес, тек қана элементтерді сипаттайтын енжар қабылдаулардың негіздерін зерттеу.
Бесінші бөлімде - элементтерден құралған күрделі денелерді зерттеу; олардың бөліктері бір текті және әр текті болады; олардың бір текті бөліктері [күрделі денелердің] әр текті бөліктеріне негіз болатындары; мысалы, ет және сүйек секілді; ал табиғи денеде мүлдем әртекті бөліктен тумайтындары да болады; мысалы, тұз, алтын, күміс; сонан соң барлық күрделі денелерді ненің біріктіретінін қарастыру; сонан соң денелердің бөліктері әр текті бөліктен тұратынына немесе ондай бөліктерден тұрмайтындығына қарамастан, денелердің бір текті бөліктерін ненің біріктіріп тұратынын зерттеу.
Алтыншы бөлім - бөліктері әр текті бөліктер емес, бір текті бөліктер болып табылатын күрделі денелерді ненің біріктіріп тұратынын зерттеу; бұл тастар және олардың түрлері сияқты минералды денелер және минералды заттардың түрлері мен осылардың әрбір түрін сипаттайтын денелер.
Жетінші бөлім - өсімдіктердің түрлерін ненің біріктіретінін және осылардың әрқайсысының сипаттамасын зерттеу және бұл бөлім әр текті бөліктерден тұратын күрделі денелерді зерттейтін екі бөлімнің біріншісі.
Сегізінші бөлім - хайуандардың түрлерін ненің біріктіретінінің және осылардың әрбір түрінің сипаттамасын зерттеу, және бұл әр текті бөліктерден тұратын күрделі денелерді зерттейтін екінші бөлім.
Табиғи ілім осы денелердің әрбір түрі бойынша осылардың негізін және осы негіздерге тән акциденцияларды көрсетеді. Міне, бұл табиғи ілім туралы, оның тараулары және осы тараулардың әрқайсысы туралы бар барлық нәрсе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет