Ғылымдардың жіктелуі туралы сөЗ (15-бет) "ҒЫЛЫМДАР жіктелуі туралы сөЗ" /1



бет1/21
Дата07.02.2022
өлшемі75,77 Kb.
#92087
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
ғылымдардың жітелуі


ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ ТУРАЛЫ СӨЗ
(15-бет)
"ҒЫЛЫМДАР ЖІКТЕЛУІ ТУРАЛЫ СӨЗ" /1/
ҚАЙЫРЫМДЫ, РАҚЫМЫ МОЛ АЛЛА /АТЫМЕН
Кіріспе
Әбу Насыр Мухаммад Ибн Мухаммад Әл-Фарабидің ғылым сатылары туралы кітабы былай дейді /2/: біз бұл кітапта мәшһүр ғылымдарды /3/ бірінен соң бірін тізіп, ғылымдардың әрқайсысы мен ғылымдардың әр бөлімі қамтитынның бәрін және сол бөлімдердің құрамында бардың бәрін түсіндіруге талпындық. Біз бұл кітапты бес тарауға біріктірдік:
біріншісі - тіл білімі және оның бөлімдері
екіншісі - логика және оның бөлімдері
үшіншісі - математикалық ғылымдар /4/. Бұлар: арифметика /51, геометрия, оптика /6/, тәлімдік астрономия, музыка ғылымы, ауырлық туралы ғылым, механика (16-бет)
төртіншісі - физика және оның бөлімдері, діни ілім /7/ және оның бөлімдері
бесіншісі - азаматтық ғылым және оның бөлімдері, фиқһ /8/, калам 191. Егер адам бұл ғылымдардың бірін үйреніп, зерттегісі келсе, ол осы кітаптағының бәрін пайдалана алады, осы арқылы ол неден бастап, нені зерттеу керек екенін, зерттеуіне ненің пайдалы, ненің жеткілікті екенін және өзінің оған [өзі таңдап алған ғылымға - А.Қ.] қай дәрежеде қол жететінін біле алады, осылайша, оның білімге баратын қадамы надандық пен қараңғылыққа емес, білім мен парасаттылыққа негізделетін болады.
Бұл кітап арқылы адам ғылымдарды бір-бірімен салыстырып, қайсысы лайықтырақ, пайдалырақ, қайсысы неғұрлым жетілген, аса мығым және күшті екенін, ал қайсысының дәрменсіз, маңызы аз, тым осалдау екенін біле алады.
Сондай-ақ [бұл кітапты] осы ғылымдардың бірін білемін деп мақтанатын, ал шындығында мұндай емес, [яғни ештеңе білмейтін] адамдарды әшкерелеу үшін де пайдаланады: егер [осы адамнан] түгелдей осы ғылым туралы, оның бөлімдері туралы және әр бөлімнің құрамы туралы ақпарат сұраса, ол [адам] бұл туралы білместік танытады, осылайша оның айтқандарының жалғандығы ашылып, өтірігі әшкереленеді.
Сондай-ақ [осы кітаптың арқасында] бұл ғылымдардың қайсысына кімнің жақсы хабардар екені: мұны тұтас біле ме немесе кейбір бөлімдерін біле ме және қандай дәрежеде жақсы білетіні мәлім болады.
[Бұл кітапты] әрбір ғылым саласынан мол білім алуға тырысатын білімді және зерек [адамдар] да, сондай-ақ өзін ғалым екен деп ойласын деп, ғалымдарға ұқсап бағуды жақсы көретін адамдар да пайдалана алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет