Ғылымдардың жіктелуі туралы сөЗ (15-бет) "ҒЫЛЫМДАР жіктелуі туралы сөЗ" /1


Жай сөздердің заңдары туралы ғылым



бет3/21
Дата07.02.2022
өлшемі75,77 Kb.
#92087
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
ғылымдардың жітелуі

Жай сөздердің заңдары туралы ғылым
Жай сөздердің заңдары туралы ғылым ең алдымен алфавит [әріптеріне негіз болған] дыбыстарды, олардың санын, әрбір дыбыстың дыбыстау мүшелерінің қайсысынан шығатынын зерттейді. [Сондай-ақ] дауысты және дауыссыз дыбысты, сол тілдің құрамына қайсысы енетінін, қайсысы енбейтінін, мағынасы бар сөзді айту үшін қажетті дыбыстардың ең аз және ең көп мөлшерін зерттейді; сөзге екілік және көпше түр, аталық және аналық тек жұрнақтарын [қолданғанда], одан туынды сөз [жасағанда] және т.б. сөздік өзгертулерге [ұшыратқанда], сөздің құрамында өзгеріссіз қалатын дыбыстарды зерттейді. Сондай-ақ жұрнақтар арқылы жасалған сөздің өзгеретін және жалғанғанда қосарласып кететін дыбыстарын зерттейді /12/.
(21-бет) Осыдан кейін бұл ғылым жай сөздердің жасалу үлгілерін көрсететін заңдарды ұсынады; [осы арада сөздердің] туынды емес, яғни түбір сөздер және туынды сөздер сияқты түрлерін ажыратады; туынды сөздер түрлерінің үлгілерін береді; түбір сөздер мен етістіктен жасалған есімдер /13/ және етістіктен жасалған есім еместерді анықтайды; етістіктен жасалған есімдердің етістікке қалай айналатыны [көрсетіледі]; етістік үлгілерінің түрлерін береді; бұйрық рай мен тиым салу [формасын білдіру үшін] етістіктің қалай өзгеру керектігін [анықтайды]; және сан жағынан алғандағы етістіктің түрлері - үш дауыссыз төрт дауыссыз және бұдан да көп дауыссыз дыбыстан тұратын етістіктер, қосарланған /14/ және қосарланбаған етістіктер, ал сапалық жағынан алғанда, етістіктердің дұрыс және бұрыс етістік /15/ түрлерін көрсетеді; бұлардың аталық және аналық текте, екілік және көпше түрде қалай [жіктелетіні] туралы; және жалпы, етістіктің жақтары мен шақтары туралы түсінік береді. Жақтар дегеніміз: мен, сен, анау, яғни - ол; сонан соң [бұл ғылым] қиын айтылатын сөздердің айтылуын оңайлату үшін не істеп, нені өзгерту қажет екенін зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет