Ғылымдардың жіктелуі туралы сөЗ (15-бет) "ҒЫЛЫМДАР жіктелуі туралы сөЗ" /1



бет8/21
Дата07.02.2022
өлшемі75,77 Kb.
#92087
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
ғылымдардың жітелуі

ЛОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ПӘНІ
Логиканың зерттеу пәніне (ал бұл өзі заңдар шығарып беруші пәні) келсек, бұл - ақылмен пайымдалатын объектілер, өйткені сөздер осыларды көрсетіп тұр және сөздердің өзі, өйткені олар ақылмен пайымдалатын объектілерді меңзеп тұр. Біз өзіміз үшін белгілі бір пікірді растағымыз келсе, онда сол пікірді растау қызметін өзіне алған ақылмен пайымдалатын объектілер арқылы ойланып, пайымдамалар жасаймыз, ал оны (пікірді) басқалар үшін (34-бет) растағымыз келсе, онда сол пікірді растау қызметін өзіне алған ақылмен пайымдалатын объектілер арқылы басқаларға түсіндіріп, сол туралы түсінікті сөздермен ой-пікір алысамыз. Пікір атаулының бәрін кез келген ақылмен пайымдалатын объектілермен растауға болмайды және егер біз сол ақылмен пайымдалатындарды тапсақ, онда оларды кез келген жағдайдағы, кез келген құрамдағы, тәртіптегі және кез келген санмен растауға болмайды, керісінше қандай пікірді растағымыз келгенде, біз белгілі бір сандағы, қалыптағы, тәртіптегі жағдайды және ақылмен пайымдалатын анық объектілерді қажет етеміз. Басқаларға сол пікірді дәлелдеу үшін сөйлемдегі сөздер осындай тәртіппен орналасуы тиіс. Сондықтан біз ақылмен пайымдалатын объектілерде және оларды білдіретін сөйлемдерде қателерден қорғайтын және сақтайтын заңдарға мұқтаж боламыз. Осы екеуін, яғни ақылмен пайымдалатын объектілер мен оны білдіретін оралым - ой қорытындыларын ертедегілер "сөз ("нутқ") және айтылған сөз ("қауль")" /25/ деп атаған. Ақылмен пайымдалатын объектілерді олар "айтылған сөз" ("қауль)" деп атаса, ал "сөз" ("нутқ") деп адамның ішіндегіні, жанында барды атады; әрі екеуін [ақылдағы және жүректегіні -А.Қ.] білдіретін - "айтылған сөз" ("қауль"), "сөз" ("нутқ") сыртқа дыбыс арқылы шығарылады. Адам өзі үшін белгілі бір пікірді растағысы келсе, бұл - іштегі, көңілдегі "айтылған сөз", ал [сол пікірді] басқаларға растағысы келсе, ол - сыртқа дауыс арқылы шыққан "айтылған сөз". Қызметі - қандай да пікірді растау болып табылатын айтылған сөзді, мейлі ол көңілдегі айтылған сөз болсын, мейлі дыбыспен сыртқа шығарылған айтылған сөз болсын, оны ертедегілер силлогизм /26/ деп атаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет