Ғылымдардың жіктелуі туралы сөЗ (15-бет) "ҒЫЛЫМДАР жіктелуі туралы сөЗ" /1



бет6/21
Дата07.02.2022
өлшемі75,77 Kb.
#92087
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
ғылымдардың жітелуі

(27-бет)
ЕКІНШІ ТАРАУ
ЛОГИКА ҒЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ
Біз [бұл ғылымға] түгелдей не енетіні, сонан соң оның пайдасы және оның зерттеу пәні туралы мәлімет береміз, содан кейін [бұл ғылымның] атының мағынасы туралы айтып береміз, ал бұлардан соң оның бөлімдерін тізіп шығып, оның әрқайсысының мазмұнына тоқталамыз.
ЛОГИКА АНЫҚТАМАСЫ
Логика өнері ақылды жетілдіруге бағытталған заңдар жиынтығын береді, ол қатеге ұрыну мүмкіндігі бар ақыл нысаналарын танудың барлық жағдайларында адамды дұрыс жолға, ақиқатқа бағдарлайды; ақыл нысаналары жөнінде қателесуден, мүлт кетуден және адасудан сақтап, қорғайтын заңдарды үйретеді, нысаналарды ақылмен тану барысында әлдебір адамның сол жөнінде қателеспегеніне кепілдік берілмейтін жағдайда, соларды тексеруге болатын заңдарды ұсынады. Ақылмен пайымдалатын нысаналар арасында ақылдың қателесуі мүмкін емес нәрселер де бар:
(28-бет) жаратылысынан бойына біткен танымдар мен анық білім; мысалы, тұтас нәрсе оның бөлшегінен үлкен, әрбір үштік - тақ сан.
Ал енді өздері жөнінде және ақиқаттан ақиқат емеске тайқып кету мүмкіндігі бар басқа нәрселер силлогизм және дедукция жолымен ойлау және пайымдау арқылы түсініледі.
Логика заңдарына жүгінген барлық жағдайларда анық ақиқатты іздеген адам басқа емес, дәл осы нәрселерге мұқтаж болады [яғни, тумыстан біткен емес, пайымдауға жүгінген нәрселер, яғни ақыл әрекетіне - А.Қ.].
Бұл өнер грамматика өнеріне ұқсас: логика өнерінің ақыл және ақылмен пайымдауларға қатынасы грамматика өнерінің тіл мен сөздерге қатынасындай.
Грамматика ғылымы бізге сөздер туралы барлық заңдарды ұсынса, логика ғылымы ақылмен танылатын нысаналар туралы дәл сондай үлгіні, яғни [заңдарды] ұсынады.
Сондай-ақ [логика] просодия /24/ [ғылымына] жақын: логика ғылымының ақылмен пайымдалатын нысаналарға қатынасы просодияның өлең өлшемдеріне қатынасындай.
Просодия ғылымы бізге өлең өлшемдері туралы барлық заңдарды ұсынса, логика ғылымы ақылмен танылатын нысаналар туралы дәл сондай үлгіні [яғни заңдарды] ұсынады.
(29-бет) Сондай-ақ логикалық заңдар ақылмен танылатын нысаналарды пайымдауда ақылдың қателесуі немесе оның ақиқатты ажыратуда дәрменсіз болуы мүмкін болғанда тексеруге келетін құралдар болып келеді, олар көптеген денелердің өлшемін анықтағанда сезімнің қателесуі немесе оның дене өлшемдерін ажыратуда дәрменсіз болуы мүмкін болғанда тексеруге келетін таразылар мен өлшеуіштерге ұқсайды; [мысалы] сызықтың түзулігін анықтауда сезім қателескен немесе қиналған тұста оны тексеретін сызғыш сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет