Эмпирикалық зерттеу әдістері Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): Педагогикада
зерттеудің
үш
деңгейі
бар:
эмпирикалық,
теориялық,әдіснамалық.
1.Бақылап-зерттеу-заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды
іріктеп жинақтау, кӛзбен кӛргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл
ақпаратқа талдау жасау; зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен
белгілері туралы мәлімет алу. Бақылап-зерттегенде, ең алдымен, бақылаушының ӛзі,
зерттеу объектісі, бақылап-зерттеу- шарттары, сондай-ақ бақылап- зерттеу
құралдары – видиоаспаптар, аспап- құралдар мен ӛлшеу құрал- саймандары.
тікелей бақылап - зерттеу, мұғалім- зерттеуші оқу- тәрбие жұмысының тікелей
басшысы; сонымен қатар ол тікелей куәгер бола тұра бейтарап адам, мұғалім зерттеу
мүшесі ретінде зерттеушілер тобына кіргізілуі. Оның роліне байланысты
эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады;
жанама бақылап-зерттеу, ол тікелей бақылап-зерттеуді толықтырады және ол
зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін ӛкілдер
арқылы жүзеге асады.
Жасырын немесе елеусіз бақылап-зерттеу тұйық теледидар желісі және сынып
бӛлмелерінде телекамералары бар мектептерде жүргізіледі. Сабақты жасырын
бақылап-зерттеу оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен ара
қатынасы туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Жасырын бақылап- зерттеу
зерттеушігі құнды мәліметтер береді, егер оқушылар ӛздерін басқаша ұстайды.
Оқушылар мен мұғалімдердің бір - бірімен оңаша кезіндегі мінез - құлқынан оларды
бӛтен біреулер бақылап отырған кездегі мінез-құлқынан әлдеқайда ӛзгеше болады;
– үздіксіз бақылап-зерттеу оқыту процесін, екі- үш оқушыны сабақтағы, ойындағы,
сыныптан тыс, мектептен тыс-оқу- тәрбие процесі физикалық қолайлы уақыттағы
мінез-құлқын зерттеу үшін қолданады;