Ғылыми басқару Ф. У. Тейлордың, Френк пен Лилия Гилбреттің және Генри Ганттың еңбектерімен тығыз байланысты



бет1/6
Дата07.02.2022
өлшемі25,46 Kb.
#82501
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Басқару психология


Ғылыми басқару Ф.У.Тейлордың, Френк пен Лилия Гилбреттің және Генри Ганттың еңбектерімен тығыз байланысты.
Ғылыми басқару мектебінің негізін қалаушылар қол еңбегінің көптеген операцияларын бақылап, өлшеп, логика және оның негізгі компоненттерін анықтады. Мысалы, Тейлор адамның әртүрлі көлемдегі күректерімен көтеретін темір рудасы мен көмірдің көлемін өлшеген. Гилбреттер прибор ойлап тауып, оны микрохронометр деп атаған. Олар белгілі бір операциялар кезінде қандай қозғалыстар орындалатындығын анықтау мақсатыңда кинокамераны қоса қолданған.
«Тейлор жүйесі» еңбекті ғылыми ұйымдастырудың негізін қалады, автор «жеке жұмыскердің ой-пікірін әртүрлі ережелер, заңдар, формулалармен алмастыруға және оларды тиімді қолдануға болады» деп санады. Мысалы, өте маңызды өндірістік мәселелердің бірі еңбекақыны жоғарыдағы жүйе былай қарастырады:
• еңбекақы орынға емес, адамға төленеді;
• еңбекті нақты біліммен сараптап бағалау қажет;
• нақты білімге негізделген бағалар бірдей болуы қажет;
• осындай бағалауларға сәйкес тауар өндіру арзаңға түседі де, жұмысшылардың еңбекақысы жоғарылайды;
• нақты білімге негізделген еңбекақы үздік жұмысшыларды туындатуға мүмкіндік береді, олардың қызығушылығын оятады.
Тейлор, сонымен қатар, өндірістік процестерді жекелеген элементтерге бөліп қарастырып, олардың ең жақсыларын таңдап алып, қызметкерлерді үйрету керек деп санайды. Осыған байланысты жұмысшылардың қабілеттілік қасиетін арттыруға болады.
Тейлор жүйесінің де өз кемшіліктері бар. Олардың бірі дара басшылықтың әлсіреуі. Бірақ осы түрде ол жоғары нәтижелі болды: осы жүйе енгізілген Филаделыриядағы «Тейбор» зауыты шығынды кәсіпорыннан гүлденген кәсіпорынға айналды, өндірілген өнім көлемі жұмысшылар санын өсірмей-ақ үш есеге өсті.
Тейлор идеясы XX ғасырдың бірінші жартысында іріамерикан капиталисі Генри Фордтың кәсіпорындарында дамытылып, жүзеге асырыла бастады. Фордтың басқарудың ұйымдастыру-техникалық принциптерінің мәні төмендегідей болды:
1.Кәсіпорынның тікелей басқару аппараты қатаң ұйымдастырылды және соңғы мақсаты автомобиль дайындау болды. Өндірістің барлық бөлімдері каучук плантацияларынан, рудниктерден,металлургиялық зауыттардан бастап жинақ конвейерлеріне дейін бірорталықта басқарылды.
2.Бұйымның өзіндік құнын төмендетуде қамтамасыз ететін және тұтынушылар сұранысын қанағаттандыратын жалпылама өндіріс қажет деп санады.
3. Автомобильдің жаңа модификацияларын көпшығынсыз жасауға көшу үшін дамыған стаңдарттау қажет.
4. Жүздегенжәнемыңдағаноперациялардантұратынтереңеңбекбөлінісіболды. Бұлөндірістіңүздіксіздігінарттыруғакөмектеседі.
5. Өндірістібасқарудытұрақтыжетілдіріптұру. Жұмыскерлердітөменгібіліктілікпенжоғарыеңбекақыменқамтамасызетумүмкіндігіниеленеотырып, олөзінәлеуметтіккикілжіңдерденсақтандырады. БірдебіреуФордттымысқылдамақболып, одан: «Ұлырационализаторөзініңкәсіпорындарыцехтарыныңзәулімтерезелерінқолменжуудықалайғанажібередіекен, оғанақшақимастықболмайма?» — депсұрапты. Әринеқимаймын, бұлжердемеханизациядақолданаалмаймыз. Бірақтабұлжууөзінтолығыменақтайды, өйткенітазашыныларданменіңжұмыскерлерімқақпаныңаржағындатұрғанжүмыссыздардыңүлкентобынанықкөреаладыдептіФорд.
Менеджменттің пайда болуы мен дамуына Макс Вебердің (1864-1920) «Шаруашылық тарихы» және «Протестанттық этика және капитализм рухы» кітаптарындағы капиталистік өндірістегі протестантизм этикасы бастауын талдауы негіз болды. Ол капиталистік өндіріс құрылымында еңбек бөлінісін оңтайландыру идеясы жатыр деп есептеді. Ол «әрекеттің мінсіз типі» түсінігін енгізіп оның 4 түрін қарастырады:
А) дәстүрлі;
Б) аффективті;
В) құндылықты – оңтайландырылған;
Г) мақсаттандырылған.
Вебердің пікірінше соңғы мақсаттандырылған тип капиталистік өндірісте үстем болып, тарихи ескірген қолайсыз, аффективті, дәстүрлі әрекеттерді ығыстырып шығарып, қолайсыз шаруашылық этикасы, қолайсыз есептік жүйе, қолайсыз техника және қолайсыз құқық процесстерін құруға әкелді. Қолайсыз түсінігіне сүйене отырып Вебер капиталисттердің 2 типін қолайсыз(архаикалық, авантюристтік, көпестік) және қолайлы(өнімді) бөліп шығарды. Қолайсыз капиталисттік тип бойынша табиғи шаруашылық және тауар айырбастаудағы теңсіздік әулеттік құрылымнан дамыды деп шешті. Капиталисттік бұл әрекет тауарды қайта сатудан ғана пайда әкелетінін, бірақ осы жағдайдан соң нарықта тауар тапшылығынан қоғам байымағанын атап көрсетті.
Капиталисттіктің екінші типі қолайлы шіркеудің реформацияланып, еңбектің діни мағынаға ие болып, адамдардың басты құндылығына айналуы себепші болды. Тарих бойынша капиталистіктің екі типі бір мезгілде өмір сүрді, тек үстемші тип ретінде еңбекті қолайлы пайдалану дамыды. Соның нәтижесінде басқару жүйесі, ғылым, білім сияқты жаңа құрылымдар пайда болып Вебердің бюрократия теориясын туғызды. Оның пайымдауынша бюрократия басқаруды ұйымдастырудағы негізгі жол болып саналды. Жұмысшылар басқарушының бұйрығына емес, тиімді ережелер жиынтығына бағынуды қалайтынын көрсеткен бұл теория «басқарудың ғылыми баспалдағы» болып саналды.
Әрбір жаңа басқару мектебі теориясы адамға ерекше қарайды. Басшыға әркез машиналармен емес адамдармен жұмыс істеуге тура келеді. Басқару аумағында жұмыс істейтін әрбір маман өз бағыныштыларын бақылап, керек кезде дұрыс шешім қабылдап отыруы тиіс. Бұндай тапсырма Дж. Фон Нейманмен машиналарды қажет еткенде олардың қажетсіз заттардан құралатыны зерттелген.
Ең бірінші адам ынтасына ғылыми зерттеу жүргізген, психоанализ ғылымының негізін салушы австриялық психиатр – дәрігер Зигмунд Фреид болды. Ол адамның әрбір психикалық құбылысы арнайы себепке негізделген және оның ессіз үрдістерінен адамның өзін ұстауы тәуелді деп есептеген. Адамның тәртібі екі инстинктті ұмтылушылықтармен түсіндіріледі: өмірге ұмтылыс (эрос) және және өлімге ұмтылыс (танатос). Олардың әрбірі жойқын күшке ие. Эростың энергиясы «либидо», ал танатос энергиясы «мортидо» деп аталады. Осы күштер адамның белсенділігін анықтайды.
Психоанализ теориясы негізіне санасыздық идеясы себеп болады, олар адамның тәртіптік ұмтылушылығын анықтайды. Фрейд әр шығармашылығың астарына біз көрсетуге ұялатын қанағаттандырылмаған сексуалды қалаулар себеп деп есептейді.
Бірақ адамның өз ұмтылыстарынан бас тартуы сублимация ретінде қарастырылады. Сабырсыз әрекеттер нәтижесінде адамдар арасында туындаған түсініспеушіліктер, оларды шешуге емес, шиеленістіруге әкеліп соғады.
Фрейд әлеуметтанудың 4 баспалдығын қарастырады: ауызша, аналды, фаллилық және генитальды. Осы баспалдақ барысында сәби өз дене мүшелері арқылы рахаттанған немесе ашуланған кезінде өз назарын аударады. Алғашқы үшеуі ересек адамның психикасының бұзылуына әкеліп соғады.
Ересектермен ауызша кезеңінде (туғаннан 1,5-2 жасқа дейін) жағдайлар болған кезде ауызына назар аударту мәселесі туындайды. Темекі, ішімдік, сағыз шайнау, стрессті дәмді нәрсемен басу, жаман сөз арқылы төбелеске себепші болу осыған баланың дұрыс қалыптаспаған ауызша кезеңі себеп болады.
Аналды кезеңдегі ересектермен туындаған мәселе (2-3 жас) баланы дәретке үйретіден туындайды. Егер ересектер баланы ұқыпсыздығы үшін жазаласа, «аналды» мінез, яғни мінездің ұқыптылық, тазалық сияқты белгілері қалыптасуы мүмкін. Бұндай адам қызметте өзіне бағыныштыларға ұсақ айыптаулармен мәселе тудыруы мүмкін.
Үшінші кезеңде (4-5 жас) өзін жыныстық рөльді тасушы ретінде сезнеді. Егер тәрбиеде шектен шығушылық болса (ұлдарға – әйелдің тәрбиесі, қыздарға – ер адам тәрбиесі), онда ұялу кешендері – Эдип және Электра кешендері пайда болып, олар ересек өмірде өз отбасы мәселелерін басқаға жабуға әдеттенеді.
Фрейдтың теориясын психоанализ мектебінің басқа өкілі «топтық ессіздік»жаңалығының иесі, аналитикалық психология саласының негізін қалаушы швейцариялық Карл Густав Юнг (1875-1961) толықтырды. Ол адамның тәртібі оның қалауларымен ғана емес, оның өмір сүру барысында пайда болған мақсаттар легіне де тәуелді деп түсіндіреді. Ол тұлғаның психологиялық типтері («архетиптер»- адамның туа біткен психикалық ерекшелікке жетуі), экстравертирванность (сыртқы дүниеге икемделу) және интровертированность (ішкі дүниеге икемделу) түсініктерін енгізді. Юнг экстраверсия және интроверсия түсініктері жүректің созылу және жирылу жұмысына ұқсас екенін атап айтқан. Қарапайым тілмен айтқанда ішкі және сыртқа серпілетін маятник қызметіне ұқсайды. Адам не экстраверсия, не интроверсия тобына жатады. Біреулерді өз мәселелері қызықтырса, біреулерді әлем мәселелері толғандырады.
Юнг экстраверсия және интоверсия типіне жататын адамдар мінездерін ғана анықтап қоймай, олардың психикалық даму үрдістерінің басымдылықтарын зерттеді: түйсік, сезім, ойлау, көкейкөз. Әр адамда әртүрлі психикалық функция дамыған. Юнг белгілі бір адамның тұлғасының өзі туралы (Эго), басқалар туралы (Персон), және құрылымдары Самость, Көлеңке, Аниму – Анимус (ер және әйел құрамдас бөлігі) пікірлерге бөлінетінін көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет