Ғылыми-әдістемелік орталығЫ «Қалалық Әдістемелік кабинет»


Ақпараттық - әдістемелік бөлім



бет3/47
Дата31.12.2019
өлшемі4,46 Mb.
#55062
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

Ақпараттық - әдістемелік бөлім

«Баубек Бұлқышев тұлғасын танып білу» курсы аптасына 1 сағаттан, 34 сағатқа есептеліп, 6 модуль бойынша оқытылады.

Сабақтың күнделікті әдебиет пәнінен айырмашылығы – оқушылардың Баубек Бұлқышев туындыларын терең меңгеру арқылы жазушының тың туындыларының түп -төркінімен танысуында.

Аталған курсты оқи отырып, оқушы бойында төмендегідей танымдық қабілеттер қалыптасады:



  • Жазушы туындыларының өзіндік ерекшеліктерімен, сөз

өнерімен танысып, талдау жасауды үйренеді.

  • Баубек Бұлқышевтың зерттеу жұмыстарымен таныса

отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге дағдыланады, машықтанады. Өздігінен іздене білуіне жол ашылып, шығармашылық қабілеттері шыңдалады.

  • Әдебиетке деген қызығушылықтары дамиды.

  • Туған еліне, жеріне, әдебиетіне, тарихына деген

сүйіспеншіліктері артады, отансүйгіштік сезімдері қалыптасады.

  • Әдеби туындылар арқылы рухани дүниесі молығады.

Бағдарлама мазмұны бойынша пікірталас, конференция, диспут түрінде сабақ жүргізіліп, білім деңгейлері бағаланады.

Оқушылардың әрқайсысы тыңдау, оқу, сөйлеу, жазу жұмыстарын шығармашылыққа қарай бағыттап, оқу материалын түрлендіріп, өз бетінше жұмыс істеуі, ғаламтордан іздеу арқылы материалды меңгеруі, қорғауы және басқаларға түсіндіру дағдыларын қалыптастыруы көзделеді. Бұл оқушылардың ынтасын, қызығушылығын, ойлау қабілетін, ауызша және жазбаша коммуникативтік дағдыларын дамытуды қамтиды.

Бағдарламада көрсетілген тақырыптарды оқытуда әр оқушы өзінің немен, қалай шұғылданатынын, сабақ барысында немен айналысатындығы туралы нақты біледі және оған қатысты керекті материалдармен, оқулық, хрестоматиялармен, шығармалар нұсқаларымен міндетті түрде қамтамасыз етілу керек. Оқушылар өздерін тексеру мүмкіндігіне ие болады. Бағдарлама соңында оқу жылы бойынша оқыған материалдарын қорытуға арналған тест жұмысының сұрақтарын дайындауға оқушыларды тартуға болады. Оқушылар тарапынан ұсынылған өзекті, қызықты, терең мазмұнды сұрақтарды мұғалім өзі дайындаған тест тапсырмаларының құрамына енгізуіне болады. Мұндай әрекеттер, біріншіден, оқушының курс материалдарын толығымен қайталап шығуына толық мүмкіндік туғызып, материалдарды толық меңгеруіне әсер етсе, екіншіден, оқушының ойын тұжырымдауына, ойлау қабілетінің дамуына ықпал етеді.

Нәтижені бағалау өлшемі: 5 балдық өлшеммен бағаланады және 3 деңгейге бөлінеді.

Жоғары деңгей – 5 балл.Орта деңгей – 3 немесе 4 балл.Төменгі деңгей – 0-2 балл
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Бұлқышев Б., Заман біздікі: Проза мен поэзия /Алматы: Атамұра, 2003ж., 191-б.

  2. Бұлқышев Б., Адамзатқа хат: шығармалар жинағы /Алматы: «Санат» баспасы, 2005ж., 208-бет /Ұлы Отан соғысына 60 жыл

  3. Тұрысбек Р., Жасын тағдыр, жарқын өмір: /Көрнекті публицист, жауынгер жазушы Б.Бұлқышевтың туғанына 100 жыл. «Егемен Қазақстан» 30 қыркүйек, 2006 жыл

  4. Соғыс және жеңіс: Өлеңдер, әңгімелер, поэмалар, повестер - Алматы: 1995 ж., 591- бет. «Балауса» баспасы.

Сәрсенбаев Ә., Өмірге құштар өр тұлға.- Алматы: Жалын, 1990ж., 392-
БАҒДАРЛАМА

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ

8-9 сынып оқушыларына арналған

(аптасына –1 сағат, барлығы – 34 сағат)
А.М.Ажибаева, Ә.С.Құлмаханбетова

«Жаңа Ғасыр» №175 гимназиясы


Пікір жазған: Қ.Т.Жанұзақова, ҚазМемҚызПУ-нің доценті, ф.ғ.д.
Түсініктеме хат мазмұны

Білім саласының қай тармағы болса да, заманауи талаптың үрдісінен шығып, білімді ұрпақты қалыптастырып шығару. Білімді ұрпақты әр уақытта рухани байыту арқылы біз еліміздің еңселі, толыққанды азаматтарын мектеп қабырғасынан тәрбиелеп шығара аламыз. Десек те, бір қалыппен, бір ізбен келе жатқан әдебиет оқулықтарымыз тәуелсіздік алғаннан кейінгі әдеби жаңалықтарды оқулықтарға енгізуге асығар емес. Ал қоғам даму үстінде. Интеллектісі жан-жақты дамыған оқушыларға мемлекеттік стандарт негізінде білім бере отырып, қоғамның өзекті мәселелерін жырға қосқан алдыңғы толқын аға-әпкелеріміз бен замандас ақын-жазушылардың шығармашылықтарынан хабардар ету парызымыз деп білеміз. Бұл бағдарлама 8-9 сыныптардың оқушыларына тәуелсіздік жылдарындағы поэзия туралы терең білім беруді көздейді. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақ жырының жаңалығы неде? Өзгеше сара жол бар ма, бар болса, ол қандай деген сияқты мәселе әдебиет сүйер жас буынды қызықтырары сөзсіз. Бұл бағдарлама осы мәселелерді қамту, меңгерту мақсатында жазылып отыр.



Бағдарламаның мақсаты – Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясындағы ізденістер мен шығармашылық ерекшеліктерді мектеп оқушыларына таныту.

Бағдарламаның өзектілігі – оқушылардың поэзия әлеміндегі бар білімдерін қоғам ауысқанда, заман жаңарғанда қандай жаңа ерекшеліктер бар деген проблемамен ой тастап, толықтыра түсу. Бұл жылдарда жарыққа шыққан еңбектердің тақырыптық, түр ерекшеліктерін насихаттау. Бағдарламаға енген ақындардың ішінде майталман, қаламы ұшталған аға буын ақындары да, аға жолын жалғаған орта буын ақындар легі, сондай-ақ поэзия әлеміне енді қадам басқан жас ақындар да бар. Ақындардың шығармашылығы оқушының жас ерекшелігіне сай таңдалынып алынып отыр. Әрбір тақырыпты өткен кезде шығармашылық жұмыстармен білім-білік дағдысын, ізденгіштігін қалыптастыруға тапсырмалар берілген. Әр тоқсан соңында шығармашылық дамулары тексеріліп отырады. Тест тапсырмалары мен деңгейлік тапсырмалар арқылы білімдері бағаланады.

Бағдарламаны жазу барысында ақындардың жыр жинақтары мен Сәуле Ержанованың «Қазақ поэзиясы ТӘУЕЛСІЗДІК тұсында», «Қазақ әдебиеті тарихының энциклопедиясы», Ә.Қайырбековтың «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясы (1991-2001): проблемалар, ізденістер» еңбегі басшылыққа алынды.

«Тәуелсіздік жылдардағы қазақ поэзиясы» бағдарламасы жас ұрпаққа өміршең поэзияның әр қырын тануына зор мүмкіндік туғызады.

Тұрақтылау (мазмұндық) бөлім

8-9сынып

1. Кіріспе. Тәуелсіздіктің тарихи идеясы (1 сағат)

2. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясының даму үрдісі (1 сағат)

3. Ә.Тәжібаевтың тәуелсіздік, Отан тақырыбындағы өлеңдері (1 сағат)

4. Қ.Шаңғытбаевтың патриоттық өлеңдері (1 сағат)

5. М.Шахановтың «Өркениеттің адасуы» жыр жинағы (1 сағат)

6. М. Шахановтың «Компьютербасты жарты адамдар» өлеңіндегі рухсыз күш формуласы концепциясын талдау (1 сағат)

7. К.Ахметованың «Құт» жинағындағы «Түркістан. Тұран. Бір кезде тұлғалы мекен» өлеңіне талдау (1 сағат)

8. О.Асқардың «Тәуелсіздік тартулары» жинағындағы патриоттық өлеңдеріне талдау (1 сағат)

9. Шығармашылық жұмыс. Мағжанның тәуелсіз рух желісіндегі өлеңдері мен қазіргі заман өлеңдеріндегі үндестік (1 сағат)

10. Қ.Мырза-Әлидің шығармалары (1 сағат)

11. Иран-Ғайыптың «Ғасыр одасы» өлеңінің идеясы (1 сағат)

12. Нұрлан Оразалиннің «Ғасырмен қоштасу» өлеңдер жинағындағы рухани күрескерлік сипаттағы өлеңдерін талдау (1 сағат)

13. К.Ахметованың «Күн шыққанда күліп оян» жинағындағы өлеңдерді талдау (1 сағат)

14. С.Ақсұңқарұлының «Адам ата-Һауа ана» жинағындағы тың өлеңдерін талдау (1 сағат)

15. Есенғали Раушановтың «Қара бауыр қасқалдақ» жинағындағы өлеңдерге талдау (1 сағат)

16. Тәуелсіздік күніне орай жыр мүшайрасын өткізу (1 сағат)

17. Гүлнар Салықбаеваның «Аспандағы аңсарым» жинағы (1 сағат)

18. Нұрлан Қалқаның «Күлтегін» жыры (1 сағат)

19. Несіпбек Айтұлының «Бәйтерек» толғауындағы ақынның өзіндік нысанасы, идеясы (1 сағат)

20. Несіпбек Айтұлының «Қазақ сиқы»өлеңінің тақырыбы мен идеясы (1 сағат)

21. Қанипа Бұғыбаеваның «Өң мен түс» жинағы (1 сағат)

22. Ш.Әбдікәрімовтың «Ел көшті» өлеңіндегі қазақ елі тағдырының көрінісі (1сағат)

23. Ұ.Есдәулеттің «Жүректегі жарылыстар» жинағы (1 сағат)

24. Тыныштықбек Әбдікәрімұлының «Ақшам хаттары», «Ырауан» жыр жинақтары (1 сағат)

25. Нұрлан Мәукенұлының лирикалық өлеңдерінің жыраулық өлеңдерге ұқсастығын талдау(1 сағат)

26. Шығармашылық ізденіс (1 сағат)

27. Бақыт Беделханұлының «Кең дүние» өлеңдер жинағына енген шығармаларына талдау (1 сағат)

28. Т.Әбдірахманқызы лирикалық өлеңдеріне талдау (1 сағат)

29. Әдебиет теориясы (1сағат)

30. Маралтай Райымбекұлының тәуелсіздік тақырыбындағы «Жас ғасыр, жаңа замана», «Тәуба» өлеңдерінің идеясы (1 сағат)

31. Маралтай Райымбекұлының «дүние» туралы толғаныстары (1 сағат)

32. Шығармашылық ізденіс сабағы. Тәуелсіздік жылдардағы ақындардың шығармашылы-ғына шолу (1 сағат)

33. Тест тапсырмалары (1 сағат)



34. Сынақ (1 сағат)
Нормативті бөлім




Тақырыптың аты-жөні

Сағат саны

Өткізілу түрі

Білімдік қазынасы





барлығы

лекция

практика







1

Кіріспе. Тәуелсіздіктің тарихи идеясы

1

1




лекция

Конспект, сұрақтар

2

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясының даму үрдісі

1

1




лекция

Конспект, сұрақтар

3

Ә.Тәжібаевтың тәуелсіздік, Отан тақырыбындағы өлеңдері

1




1

семинар

Жаттығу, талдау

4

Қ.Шаңғытбаевтың патриоттық өлеңдері

1




1

семинар

Жаттығу, талдау

5

М.Шахановтың «Өркениеттің адасуы» жыр жинағы

1

1




лекция

Конспект, сұрақтар

6

М. Шахановтың «Компьютербасты жарты адамдар» өлеңіндегі рухсыз күш формуласы концепциясын талдау

1




1

семинар

Жаттығу, талдау

7

К.Ахметованың «Құт» жинағындағы «Түркістан. Тұран. Бір кезде тұлғалы мекен» өлеңіне талдау

1




1

семинар

Жаттығу, талдау

8

О.Асқардың «Тәуелсіздік тартулары» жинағындағы патриоттық өлеңдеріне талдау

1




1

семинар

Жаттығу, талдау

9

Мәтінмен жұмыс. Мағжанның тәуелсіз рух желісіндегі өлеңдері мен қазіргі заман өлеңдеріндегі үндестік

1




1

семинар

Салыстыру, талдау

10

Қ.Мырза-Әлидің шығармалары

1

1




лекция

Конспект, сұрақтар

11

Иран-Ғайыптың «Ғасыр одасы» өлеңінің идеясы

1

1




лекция

Конспект, сұрақтар

12

Нұрлан Оразалиннің «Ғасырмен қоштасу» өлеңдер жинағындағы рухани күрескерлік сипаттағы өлеңдерін талдау

1




1

семинар

Жаттығу, талдау

13

К.Ахметованың «Күн шыққанда күліп оян» жинағындағы өлеңдерді талдау

1




1

семинар

Жаттығу, талдау

14

С.Ақсұңқарұлының «Адам ата-Һауа ана» жинағындағы тың өлеңдерін талдау

1




1

семинар

Жаттығу, талдау

15

Есенғали Раушановтың «Қара бауыр қасқалдақ» жинағындағы өлеңдерге талдау

1




1

семинар

Жаттығу, талдау

16

Тәуелсіздік күніне орай жыр мүшайрасын өткізу

1




1

практика

Тіл ұстарту

17

Гүлнар Салықбаеваның «Аспандағы аңсарым» жинағы

1




1

семинар

Жаттығу, талдау

18

Нұрлан Қалқаның «Күлтегін» жыры

1

1




лекция

Конспект, сұрақтар

19

Несіпбек Айтұлының «Бәйтерек» толғауындағы ақынның өзіндік нысанасы, идеясы

1




1

семинар

Жаттығу, талдау

20

Несіпбек Айтұлының «Қазақ сиқы»өлеңінің тақырыбы мен идеясы

1

1




лекция

Конспект, сұрақтар

21

Қанипа Бұғыбаеваның «Өң мен түс» жинағы

1

1




лекция

Конспект, сұрақтар

22

Ш.Әбдікәрімовтың «Ел көшті» өлеңіндегі қазақ елі тағдырының көрінісі

1




1

семинар

Жаттығу, талдау

23

Ұ.Есдәулеттің «Жүректегі жарылыстар» жинағы

1

1




лекция

Конспект, сұрақтар

24

Тыныштықбек Әбдікәрімұлының «Ақшам хаттары», «Ырауан» жыр жинақтары

1

1




лекция

Конспект, сұрақтар

25

Нұрлан Мәукенұлының лирикалық өлеңдерінің жыраулық өлеңдерге ұқсастығын талдау

1




1

семинар

Жаттығу, талдау

26

Шығармашылық ізденіс

1




1

семинар




27

Бақыт Беделханұлының «Кең дүние» өлеңдер жинағына енген шығармаларына талдау

1

1




лекция

Конспект, сұрақтар

28

Т.Әбдірахманқызы лирикалық өлеңдеріне талдау

1

1




лекция

Конспект, сұрақтар

29

Әдебиет теориясы

1




1

семинар

Тіл ұстарту

30

Маралтай Райымбекұлының тәуелсіздік тақырыбындағы «Жас ғасыр, жаңа замана», «Тәуба» өлеңдерінің идеясы

1

1




лекция

Конспект, сұрақтар

31

Маралтай Райымбекұлының «дүние» туралы толғаныстары

1

1




лекция

Конспект, сұрақтар

32

Шығармашылық ізденіс сабағы Тәуелсіздік жылдардағы ақындардың шығармашылығына шолу

1




1

семинар

Жаттығу, талдау

33

Тест тапсырмалары

1




1

семинар

Сұрақтар

34

Сынақ

1




1

семинар

Сұрақтар


Шығармашылық жұмыс - 3

Мәтінмен жұмыс - 1

Ақпараттық - әдістемелік бөлім

8-9 сыныптарға арналған бағдарлама мазмұны 34 сағатты құрайды. Соның ішінде дәріс –

14 сағат, 20 сағат – семинар, іздену жұмыстарына арналған. Іздену, практикалық жұмыстарда ауызша, жазбаша сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, поэзиялық шығармаларды салыстыра отырып талдау жолы қарастырылған. Заман сұранысы, заман ағымына қарай жаңа түрге ие болып отырған қазақ поэзиясының мәнін түсіну үшін тақырыптар топталып беріліп, шығармашылық, ізденіс, салыстыру тапсырмаларымен оқушылардың білімі бекітіліп отырады.

Практикалық жұмыстар арқылы оқушының шығармашылық қабілеті шыңдалып, әдеби-теориялық ұғымдарды терең меңгеріп, оны дағдыға айналдыруы көзделеді. Өлең, ойтолғау жазуға бейімделеді.

«5» деген баға – өтілген материалдарды толық меңгеріп, поэзиялық шығармаларды толық талдай білетін, теориялық ұғымдарды өз тәжірибесінде қолдана білетін, сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, өлең, әңгіме жаза білетін, мәнерлеп оқуда өз дағдысы қалаптасқан оқушыға қойылады;

«4» деген баға – оқушы берілген тапсырмаларға толық жауап беріп, жеңіл емлелік немесе тыныс белгіден қате жіберген жағдайда қойылады;

«3» деген баға – оқушы өтілген материалдың негізгі мазмұнын түсініп, бірақ ойын толық жеткізе алмаған жағдайда, емлелік және тыныс белгісі қателерін жиі жіберген жағдайда қойылады;

«2» деген баға – өтілген материалды толық меңгере алмаса, өлеңдерге теориялық, салыстыра отырып талдау жасай алмаса қойылады.


Қосымша

Курс бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіруге мүмкіндік беретін репродуктивтік танымдық тапсырмалар берілді.


Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет