Ғылыми-әдістемелік орталығЫ «Қалалық Әдістемелік кабинет»


Ақпараттық - әдістемелік бөлім



бет2/47
Дата31.12.2019
өлшемі4.46 Mb.
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

Ақпараттық - әдістемелік бөлім

Мұғалімге әдістемелік тәсілдерді және оқытуды ұйымдастыру түрлерін таңдау, шығармашылықпен жұмыс істеу мүмкіндіктері беріледі.

Оқушылардың жұмысын жеңілдететін және олардың әрқайсысының мүмкіндігін ашуға көмектесетін модульдік оқыту технологиясы (деңгейлік тапсырмалар) бойынша оқуды ұйымдастырудың маңызы зор.

«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді» үйрету – ең алдымен, курсты әр түрлі қызықты тапсырмалармен толтыруды, негізгі бағдарламалақ материалды жоғары дәрежеде меңгеруді көздейді. Оқу үрдісінде оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне, теориялық материалды талдау, баяндама, реферат дайындау және т.б. көп орын бөлу керек.



Білімді бақылау және бағалау

Оқушылардың білімін тексеруде рейтингтік бақылау қолданылады. Ұпайлық-рейтингтік

жүйеде іске асырылатын білімді бағалау туралы мәліметтер бақылаудың барлық түрі

көрсетілетін шкала түрінде беріліп отыр.


Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік ұпайларды бөлу



Бақылау түрлері

ұпайлар

1

Қорытынды бақылау

40

2

Аралық бақылау

20

3

Ағымдық бақылау

40


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Д.Х.Ақанова, А.М. Алдашева. Ресми-іскери қазақ тілі. Арман, 2002ж.

2.С.Ә.Қалқабаева, Қ.Ә. Қарабаева. Қазақ тілінде ресми іс қағаздар үлгілерін оқыту. Алматы, 2000ж.

3. Ә.Абақан. Студенттің пәнді оқу әдістемелік кешені. Алматы , 2004

4.Л.Дүйсебекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. Алматы, 2001ж.

5.Қ.Қадыржанов, Ұ.Шүленбаева, А.Монтаева Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу. А.,2002ж.

БАҒДАРЛАМА

элективті курс



БАУБЕК БҰЛҚЫШЕВ ТҰЛҒАСЫН ТАНЫП БІЛУ

6сынып оқушыларына арналған

(аптасына –1 сағат, барлығы – 34 сағат)
Сайлау Г., Темірғалиева М. Б.

№156 ЖББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері


Пікір жазған: Жұмақаева Б. Д., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Қазақ филологиясы және әлем тілдер факультеті» Қазақ әдебиеті кафедрасының проф.м.а. п.ғ.к. «Әдебиет теориясы және әдебиеттану» кафедрасының доценті, ф.ғ.к.
Түсініктеме хат мазмұны

Бағдарламаның мақсаты: Қазақ әдебиетінде өзіндік орны

бар қаламы жүйрік жас жазушы, ақын, прозашы, жауынгер командир Баубек Бұлқышев туындыларын тереңдетіп оқыту арқылы өскелең ұрпақты жазушы туындыларыларының нәрімен сусындата отырып, оқушыларды рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу, сондай-ақ болашақ жас ұрпақтың өз ана тілін қадірлеуге және елін, жерін сүюге, адамгершілік, ізгі қасиеттерді бойларына дарыта білуге тәрбиелеу.



Бағдарламаның міндеттері:

  1. Жазушының прозалық шығармалары мен өлеңдері,

поэмалары, публицистикалық туындыларының теориялық негізін анықтау және жас ақынның

мұрасын болашаққа жете түсіндіру.



  1. Модульдік технология негізінде бағдарламаның мазмұнын жүйелеу.

  2. Баубек Бұлқышев туындыларын меңгерту арқылы 6 сынып

оқушыларының танымдық қабілеттерін арттыру және дүниетанымдық, адамгершілік-этикалық

мәселелерге қызығушылықтарын жеке тұлға ретінде дамыту.



Бағдарламаның өзектілігі: Қоғамдық-гуманитарлық

бағыттың филология бейінімен оқытылатын мектептің

6 сыныптарына арналған оқу жоспарының мектеп немесе оқушы компонентіне «Баубек Бұлқышев тұлғасын танып білу» тақырыбындағы элективті курсты өткізген жөн. Бейіналды оқудың негізгі міндеті – жалпы білім беретін мектептің бүгінгі таңдағы шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыру. Баубек Бұлқышевтің шығармалары – қазақ халқының қоғамдық, әлеуметтік және саяси өмірінің бейнелі көрінісі, сүрлеуі, ізі. Сол себептен де оқушылар жас ақын, жазушы Баубектей азаматтың туындыларының жазылу тарихын, түп-төркінін, қайнар бастауларын білуі тиіс. Ол үшін жазушының шығармаларының бұрынғы, соңғы тарихын бүгінгі күн тұрғысынан терең білуі, тануы керек. Жазушының сан ғасырлар бойы сақталып келген асыл мұраларын танып-білу оқушылардың рухани жағынан кемелдене түсіп, еліміздің егемендігін нығайта беруге игі ықпал ететіні даусыз. Баубек Бұлқышев шығармаларын оқып меңгеру – әр қазақ баласының міндеті.

Бағдарламаны оқыту барысында жас ақын, жазушы, публицист Баубектің шығармаларын зерттеушілерінің тың деректері оқушыларға таныстырылып, теориялық пікірлеріне назар аударылады.



Бағдарламаның идеясы: мектеп оқушыларына арналған «Баубек Бұлқышев тұлғасын танып білу» курсы бағдарламасы, ең алдымен, Баубек Бұлқышев (1916-1944) өмірінен кеңінен мәлімет беруден басталады. Жазушының майдан шебінде жазған туындыларымен таныстыру арқылы оқушылардың білімін, дүниетанымын, эстетикалық талғамын, өмірге деген көзқарасын, шығармашылық іздену қабілеттерін ұштау, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру арқылы елін, жерін, тарихын сүйе білуге тәрбиелеу мақсаттарын жүзеге асырады. Сонымен қатар мектеп оқулықтарында қамтылмаған жазушының тың шығармалары мен ҰОС кезіндегі негізгі кезеңдері, әдебиет өкілдері, олардың туындылары қатарын толықтырып, басқа да ғылыми зерттеулермен оқушыларды жан-жақты ақпараттандырады.

Бағдарлама мазмұнында білімдік мақсатпен қатар тәрбиелік мақсатты да толығымен жүзеге асыру көзделінеді. Баубек Бұлқышев туындыларының мазмұнымен танысып, идеяларын ашу барысында шығармалардың тәрбиелік сипаттары көрініс тауып отырады.



Бағдарламаның әдістері

Дәстүрлі оқыту мен тәрбие әдістері: жазушының туындыларының мазмұнын меңгерту, жатқа, нақышына келтіре оқуға баулу, түсіндіру, оқыту, кітаппен жұмыс, әңгімелеу, бақылау, сараптау, қорытындылау.

Педагогикалық технологиялар: заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияларды, мультимедиялық сыныпта интерактивті тақтаны және ноутбуктерді қолдану арқылы өтілген тақырыптарды бекіту үшін тапсырмаларды орындайды.

Бағдарламаның маңызы: 6 сыныптарға арналған бейіналды элективті курсының бағдарламасы Баубек Бұлқышев шығармаларын қарапайымнан күрделіге қарай оқыту негізіне бағытталған. Курс мазмұны оқушыларға Б.Бұлқышев туралы терең білім беруге, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейтуге негізделген. Оқыту оқушының түсінігіне жақын және лайықты ұғымдардан басталады.

«Баубек Бұлқышев тұлғасын танып білу» курсының негізгі мақсаты – оқушылардың Баубектің мұрасымен сусындап өсуіне көмектесу. Бағдарламада қамтылған Баубек Бұлқышев туындыларына байланысты тарихи, әдеби, тілдік деректер мен ғылыми тұжырымдар оқушылардың қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясына қатысты болып келетін этикалық, эстетикалық түсініктерін тереңдете түсетіні анық.



Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі

Аптасына – 1 сағат, барлығы – 34 сағат



1-модуль. Кіріспеде бағдарламаның өзектілігі, маңызы, мақсаты, міндеттері мен теориялық негізі, мәні сөз болады.

1. «Өз заманын жырлаған жүрек» (1 сағат)

2. Баубек Бұлқышевтың өмір жолы (туған жері, ата-тегі, балалық шағы, тәрбие алған мекені) (1 сағат)

3. Баубек Бұлқышевтың шығармашылығы (1 сағат)



2-модульде Б.Бұлқышевтың публицистикалық шығармалары оқытылады.

  1. «Заман біздікі» шығармасы (1 сағат)

  2. «Өмір мен өлім» шығармасындағы жазушының өмірге деген құштарлығы (1 сағат)

  3. «Тыңда, Кавказ!» шығармасы (1 сағат)

  4. «Сапердің Дзотты тапсыру кезінде жаяу әскерге жолдаған хаты» шығармасы (1 сағат)

3-модульде Көркем прозалары. Әңгімелері, поэмалары оқытылады

  1. Б.Бұлқышевтың прозалық шығармалары. «Алматылықтар» романы (1 сағат)

  2. «Алматылықтар» романының көркемдік ерекшелігі (1 сағат)

  3. Алғашқы әңгімелері. «Ұялдым» әңгімесі. (1 сағат)

  4. «Паравоз туралы ертегі» әңгімесі (1 сағат)

  5. «Лагерьден қайтқанда» әңгімесі (1 сағат)

  6. «Қорқынышты түс» әңгімесі (1 сағат)

  7. Б.Бұлқышевтың поэмалары.«Айсұлу» поэмасы (1 сағат)

  8. «Кәдір түні» поэмасының тәрбиелік мәні (1 сағат)

4-модульде Өлең-жырлары мен аудармалары оқытылады.

  1. Ақынның алғашқы өлең- жырлары (1 сағат)

  2. «Ана қабірінің басында» өлеңі (1 сағат)

  3. «Ғашығым», «Ер жеткенде» өлеңдері (1 сағат)

  4. «Пушкинмен қиялымда ұялғаным» өлеңі (1сағат)

  5. «Арнау» (Пушкинге), «Батыр» (Твардовскийге) (1 сағат)

  6. «Ұлы ақын» өлеңі (1 сағат)

  7. «Тәтті жыр» (Абайға арнау), «Жамбылға» өлеңі (1 сағат)

  8. «Май көркі», «Оқушы жыры» өлеңдері (1 сағат)

  9. «Қыран» өлеңінің көркемдік ерекшелігі (1 сағат)

  10. «Жұмбақтар» өлеңі (1сағат)

  11. «Жауынгер» өлеңі (1 сағат)

  12. «Су сұлуы» өлеңі (1 сағат)

5-модульде Б.Бұлқышевтың аудармалық туындылары оқытылады.

  1. Б.Бұлқышевтың аударма өлеңдері. «Қара шыбын мен ара» аудармасы (1 сағат)

  2. «Жолдас құстар, күттік сізді, сіздер үшін ұшпасқа не?» аудармасы (1 сағат)

6 модульде Б.Бұлқышевтың шығармаларындағы патриоттық тәрбие сөз болады және курс мазмұны толығымен қорытындыланады да, оқушылар «Мен өмір сүргім келеді» тақырыбында композициялық қойылым дайындайды.

  1. Б.Бұлқышевтың шығармаларындағы отаншылдық көзқарасы, өмірді сүйе білуі (1 сағат)

  2. Қорытынды сабақ: «Мен өмір сүргім келеді» композициялық қойылым әзірлеу (1 сағат)

Нормативті бөлім



Тақырыптың аты-жөні

Сағат

саны


Өткізілу

түрі


Білімдік қазынасы

барлығы

лекция

практика

I тоқсан

9

7

2




Мағлұмат алу

1

Баубек Бұлқышевтың өмір жолы (туған жері, ата-тегі, балалық шағы, тәрбие алған мекені)

1

1




Лекция

Жазушының өмірі жайлы мағлұмат алады

2

Баубек Бұлқышевтың шығармашылығы

1

1




Лекция, тарихпен байланыс-

тыру


Ақын шығармашылығы жайлы біледі

3

Б.Бұлқышевтың публицистикалық шығармалары. «Заман біздікі» шығармасы

1

1




Лекция, түсіндіру

Тезис, конспект , ізденушілік

4

«Өмір мен өлім» шығармасындағы жазушының өмірге деген құштарлығы

1

1




Тарихпен байланыс-

тырып түсінік беру



Ізденушілік, шығармашы-

лық жұмыс



5

«Тыңда, Кавказ!» шығармасы

1

1




Талдау, түсіндіру

Өлеңнің көркемдік ерекшелігін талдау

6

«Сапердің Дзотты тапсыру кезінде жаяу әскерге жолдаған хаты» шығармасы

1

1




Талдау, түсіндіру

Материал іздеу, шығармашы-

лық жұмыс қорғау



7

«Шығыс ұлына хаты» шығармасындағы жазушының Отанға деген сүйіспеншілігі

1

1




Талдау, түсіндіру, салыстыру

Конспект, қосымша материал іздейді

8

«Өмір сүргім келеді» шығармасындағы жазушының өмірге құштарлығы

1




1

Өмірмен байланыс жасау

Ізденушілік

Слайд жасау



9

«Жауыздық пен махаббат» шығармасы

1




1

Өмірмен байланыс-

тырып түсінік беру



Материал іздейді, шығармашы-

лық жұмыс қорғау



ІІ тоқсан

7

6

1







10

«Қымбатты, Украин қызы!»

1




1

Тарихпен байланыс-

тыра түсінік беру



Материал іздеу, шығармашы-

лық жұмыс қорғау



11

Б.Бұлқышевтың прозалық шығармалары

«Алматылықтар» романы



1

1




Лекция

Конспект, материал жинау

12

«Алматылықтар» романының көркемдік ерекшелігі

1

1




Лекция түрінде тарихпен байланыс-

тыра түсінік беру



Конспект, талдау, жоспарлау

13

Алғашқы әңгімелері

«Ұялдым» әңгімесі



1

1




Лекция, тарихпен байланыс-

тыра түсінді-

ріледі


Тезис, кесте сызбалары

14

«Паравоз туралы ертегі» әңгімесі

1

1




Мазмұнын меңгеру

Қосымша материал іздеу

15

«Лагерьден қайтқанда» әңгімесі

1

1




Салысты-

ра талдау, түсіндіру



Жырдың көркемдік ерекшелігін талдау

16

«Қорқынышты түс» әңгімесі

1

1




Мазмұнын меңгеру

Конспект, қосымша материалдар жинау

ІІІ тоқсан

10

10










17

Б.Бұлқышевтың поэмалары «Айсұлу» поэмасы

1

1




Салыстыра талдау, түсіндіру

Слайд қорғау, ғаламтор материалдары

18

«Кәдір түні» поэмасының тәрбиелік мәні

1

1




Мазмұнын меңгеру

Конспект, мәліметтер жинайды

19

Ақынның алғашқы өлең-жырлары

1

1




Мазмұнын меңгеру

Әдебиет теориясынан мәлімет

20

«Ана қабірінің басында» өлеңі

1

1




Мазмұнын меңгеру

Тарихпен байланысты-

ра суреттеу



21

«Ғашығым», «Ер жеткенде» өлеңдері


1

1




Мазмұнын меңгеру

Конспект, мәліметтер жинайды

22

«Пушкинмен қиялымда ұялғаным» өлеңі

1

1




Мазмұнын меңгеру

Абай аудармасы-

мен салыстыру



23

«Арнау» (Пушкинге), «Батыр» (Твардовскийге)

1

1




Салыстыра талдау

Материалдар іздеп, теріп жазу

24

«Ұлы ақын» өлеңі

1

1




Мазмұнын меңгеру

Ізденушілік, салыстыру

25

«Тәтті жыр» (Абайға арнау), «Жамбылға» өлеңі

1

1




Мазмұнын меңгеру

Материал іздеу, шығармашы

лық жұмыстар



26

«Май көркі», «Оқушы жыры» өлеңдері

1

1




Мазмұнын меңгеру

Конспект, мәлімет алады

IV тоқсан

8

4

4







27

«Қыран» өлеңінің көркемдік ерекшелігі

1

1




Мазмұнын меңгеру

Тарихпен байланысты материалдар іздеу

28

«Жұмбақтар» өлеңі

1

1




Лекция, әдеби талдау

Әдеби теориялык талдау жасау

29

«Жауынгер» өлеңі

1




1

Өлеңге талдау жасау

Мәнерлеп оқуға машық-

тандыру


30

«Су сұлуы» өлеңі

1

1




Салыстыра талдау

Әйел тақырыбындағы шығарма-

лармен салыстыру


31


Б.Бұлқышевтың аударма өлеңдері «Қара шыбын мен ара» аудармасы

1




1

Салыстыра талдау

И.А.Крылов шығармасы-

ның түпнұсқасы-

мен салыстыру


32

«Жолдас құстар, күттік сізді, сіздер үшін ұшпасқа не?» аудармасы

1




1

Салыстыра талдау

В.В.Маяков-

ский шығар-

масының түпнұсқасы-

мен салысты-

ру


33

Б.Бұлқышевтың шығармаларындағы отаншылдық көзқарасы, өмірді сүйе білуі

1

1




Лекция, түсіндіру

Тарихпен байланысты түсіндіру

34

Қорытынды сабақ: «Мен өмір сүргім келеді» композициялық қойылым әзірлеу

1




1

Қорытынды

Көрініс, рольдік қойылымдар, мәнерлеп оқу


Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет