- Шылау – сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, өздері тіркескен сөздеріне мағына үстеп, тұлға жағынан тиянақты, толық лексикалық мағынасы жоқ көмекші сөздер. Мысалы: Аружан мен Мадияр бірге сабақ орындады.
Еліктеу сөздер
Еліктеуіш сөздер - дыбыстарды есту қабілеті арқылы қабылдап, еліктеу:тарс тұрс, гүрс, шолп, т.б.
Бейнелеуіш сөздер - көру қабілеті арқылы қабылдап, еліктеу: жалт жұлт, жарқ жұрқ, арбаң арбаң, т.б.
Олар сөйлемде жеке тұрып анықтауыш, кейде пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Сонау жақтан жарқ ете түсті. Кенеттен күрт бұрылды.
Одағай - Одағай – негізінде адам көңіл-күйінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыс тәрізді болады. Бірақ олар жай дыбыс емес, көпшілікке әбден түсінікті болып, белгілі бір дағды бойынша сөз ретінде қолданылатын дыбыстар. Олар бізге түсінікті болып қалыптасқандықтан, жай дыбыстардың қатарынан шығып, белгілі бір сөздерге айналған. Мысалы: Уау, жігіттер-ау, бұл қалай? (Ғ. Сланов).
Одағай — өз алдына ерекшелігі бар сөз табы. Ол ерекшеліктері: - Одағай сөздердің мағынасы адамның әр түрлі көңіл-күйіне байланысты шығатын дыбыстық ишараттарды білдіреді.
- Адамның көңіл күйі құбылмалы болады. Сондықтан одағай сөздердің көпшілігінің мағыналары да құбылмалы, ауыспалы яғни, көп мағыналы болып келеді.
- Одағай сөздер сөйлемнің басқа мүшелерімен грамматикалық жағынан байланыста болмайды. Демек, өзі қосарлана айтылған сөйлемнің мүшесі болмайды.
Пайдаланылған әдебиеттер: - Ә.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» 1974
- К.Аханов «Тіл білімінің негіздері» Алматы-1998
- Е.Арын «Орысша-қазақша түсіндірме сөздік» Павлодар-2006
- М.Томанов «Қазіргі қазақ тілінің тарихи грамматикасы» 1988
Назарларыңызға рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: |