Ғылыми жұмыстардың тезистерін жіктеу Жоспар: Тезистің түрлері Ғылыми жұмыстардың тезистерін жіктеу Тезистерді ресімдеу


Ғылыми жұмыстардың тезистерін жіктеу



бет2/3
Дата17.11.2023
өлшемі18,39 Kb.
#191581
1   2   3
Байланысты:
11. Дәріс.Ғылыми жұмыстардың тезистерін жіктеу

Ғылыми жұмыстардың тезистерін жіктеу
Мұндай тезистер негізгі екі топқа бөлінеді:
1. Қолда бар материал (көлемді мақала немесе баяндама) бойынша жазылған тезистер;
2. Баяндама мәтіні құрастырылғанға дейін жазылған тезис.
Бірінші жағдайда басылған мәтіннің мазмұнын барынша сақтай отырып, оның көлемін айтарлықтай дәрежеде азайту тезис жазу кезінде негізгі қиындық болып табылады. Автор материалды қаншалықты нашар меңгерген болса, соншалықты дәрежеде ойды қысқа беру күрделі болады. Бұл жағдайда жоғарыда айтылып кеткендей, басқа автордың материалы
бойынша тезис құрастыру ережесі көмектеседі. Бірінші тезис жазып, уақыт өте келе, автор сол тезисті көлемді мақалаға немесе баяндамаға айналдыратын жағдайлар жиі кездеседі. Мұндай жағдайдағы негізгі қиындық автордың не жазғысы келгендігін аяғына дейін байыптай алмайтындығында. Ғылыми зерттеулерде бұл қалыпты құбылыс болып табылады. Басында не жазғысы келетіндігі туралы ой келеді. Әрі қарай автор бұл ойды жетілдіріп, тезис жазуға отырады. Оқырманға тезисте айтылатын идеяны түсінікті жеткізу үшін оны қажетті дәйектермен толықтыру керек, Бастапқы сипаттау қысқа әрі нұсқа болады. Барлық мәтін 1-2 бетке басылады, осылайша тезис дайын болады.
Тезис жазудың негізгі үш түрін бөліп көрсетуге болады:
Мәселені қоя білу;
Зерттеу нәтижелері;
Жұмыстың жаңа әдістемесі.
Осы аталған типтер арқылы жұмыстың құрылымына қатаң талаптар қойылады.
Тезистердің типтік құрылымы
«Мәселені қоя білу» типіндегі тезисті жазу кезінде мынадай мәліметтерді беру қажет;
- қысқаша кіріспе (тақырыптың өзектілігі);
- жұмыстың мақсаты (мәселе/міндет қою);
- мәселеге қатысты бұрын айтылған пікірлерге шолу жасау;
- осы тақырыпқа қатысты кейбір жеке ойларын беру;
- тұжырым (алдағы жұмыстарда қандай міндет немесе мәселе қойылады).
«Зерттеу нәтижелері» типіндегі тезисті жазу кезінде мынадай мәліметтерді беру қажет:
- қысқаша кіріспе, мәселені қою («мәселені қоя білу» тезисіндегі сияқты, тек қысқа жазылады);
- жұмыстың мақсаты (нақты бір нәрсені зерттеу);
- зерттеудің негізгі ережелері немесе жорамал (экспериментальды зерттеу жағдайында);
- қолданылған әдістер;
- аралық нәтижелер (қажет болған кезде);
- негізгі нәтижелер;
- түсіндіру (интерпретация) + тұжырымдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет