«Адамзаттың Абайы» атанған қазақ халқының ұлы ақыны, көркем сөздің теңдесі жоқ шебері, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, үлкен ойшыл-ағартушы, талантты сазгер, керемет аудармашы Абай Құнанбаев 1845 жылы ұлылар мекені – Семей облысы Шыңғыс тауының бөктерінде дүниеге келген.
Ақын, батыр, би-шешендер шыққан ұяда туған бала Абай – Ибраһимнің ақындық жолға түсуіне әжесі Зере мен анасы Ұлжанның үлкен ықпал еткенін білеміз. Абай осы екі кісіден басқа үлкен 3 қуатты бұлақтан нәр алды. Оның біріншісі–халық ауыз әдебиеті, екіншісі – Шығыс классиктері, үшіншісі –Батыс Европа әдебиеті. Бала Абай өлеңді тұңғыш рет 10 жасында жазды.

Орыс ақыны Пушкиннің жас кезінде жазған өлеңдерінен-ақ қара халықтың азаттығын аңсаған, бұқараның жарқын өмірін армандаған аяулы ақынның азаматтық үні естіледі. Халықшыл, бұқарашыл үн – Абай шығармашылығының да басты ерекшелігі. Бұл – мен танып білген екі ақынның поэзия әлеміндегі бірінші ұқсастығы. Осы орайда, елжанды ұлы Абайдың қараңғылықтан арыла алмай жүрген халқына қаратылып айтылған мына өлең жолдары жоғарыда айтып отырған сөзімнің дәлелі болса керек.