Абай мен Пушкинді поэзияда қатты жақындастырған «Евгений Онегин» романы болды. Қазақ ақыны бұл туындыны «Онегиннің сипаты» «Ленскийдің сөзі», «Татьянаның хаты» деген атаулармен бөлек-бөлек үзінді түрінде аударып, қазақ оқырмандарымен табыстырды. Абайдың аударма және ән саласындағы үлкен жетістігі –Татьянаға «Татьянаның қырдағы әні» деген атпен қазақ даласында ән салдыруы. Яғни, ақын өз халқының табиғатына жақын етіп, Татьянаның махаббаттағы мұң-зарын қазақ әнінің ырғағымен тамаша шебер жеткізе білді .
Пушкин «Людмила мен Руслан» атты туындысын халық аңызы желісінде жазған. Ел мүддесі деген ой қаперіне кіріп шықпайтын, «ішсем, жесем» дегеннен басқаны білмейтін, арзан күлкі, бос сөзбен өмірін өткізетін адамдар жайлы Абай ашынып, күйіне «Бойы бұлғаң» өлеңінде былай дейді:
Пушкин «Людмила мен Руслан» атты туындысын халық аңызы желісінде жазған. Ел мүддесі деген ой қаперіне кіріп шықпайтын, «ішсем, жесем» дегеннен басқаны білмейтін, арзан күлкі, бос сөзбен өмірін өткізетін адамдар жайлы Абай ашынып, күйіне «Бойы бұлғаң» өлеңінде былай дейді:
Абай мен Пушкин шығармаларының таза жақұт, жауһарият екендігін, өміршеңдігін көрсететін мұраларының бірі – жемқорлық, парақорлық жайлы өлеңдері немесе біз бұл өлеңдерін саяси-әлеуметтік лирика деп те атаймыз. «Мәз болады болысың», «Болыс болдым, мінеки», «Бай сейілді», «Күлембайға», «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» атты өлеңдерімен ақын елді тоздыратын, қоғамды ірітіп, шірітетін жемқорлық пен парақорлықты масқаралап, ел билеушілердің психологиялық портретін ашқан.
Абай мен Пушкин – өзіне дейінгі ақын жазушылардан оқ бойы озып тұрған прозаиктер. Абайдың көркемдік, әлеуметтік, гуманистік және дінге деген көзқарастарын, философиялық ой-тұжырымдарын көрсететін еңбегі – қарасөздері. Қарасөздері қазақ өмірінің, жалпы адамзат тіршілігінің күрделі мәселелеріне арналған туындылар боп табылады. 45 қарасөзінің көп бөлігінде адами қасиеттер, мінез-құлықтар және оларды қалай түзеу керектігіне тоқталған.
Абай мен Пушкиннің озық ойшылдығы – екі халық даналығының биік көрінісі. Өткен ғасырларда Мирей Борис айтқандай «қара түнекте алдаспан болған» мұралары арқылы бүгінгі халықпен біте қайнасып келе жатқан қос ақын бейнесі – халықтың өткені, бүгіні, келешегі.