Екі классик ақынның шығармашылығы бойынша ізденушілер қатарының көбеюі және олардың қайталанбас тұлғасының әр қырынан жарқырай түсуіне үлес қосушылар санының артуы мүмкін.
г) Пушкин мен Абай шығармаларындағы ортақ идеялар мен құндылықтар.
3. Қорытынды.
1. Абай мен Пушкин шығармаларындағы үндестік – екі халық арасындағы алтын көпір.
2. Абай мен Пушкин мұрасы – адамзаттық рухани жауhарият.
«Абай әлемге ашылған терезе еді. Оның жаны жаңарып жатқан дүниенің алыстағы сарынын сезе білді. Ол найзағай отының туған өлкесін дүр сілкіндіруін тіледі. Қамықты да... Бұл ретте ол 18-19 ғасырлардағы Гете мен Толстой сынды көптеген заңғар тұлғалардың даналық бауырласы екенін танытты».
Шыңғыс Айтматов
Қазақ пен орыс халқы – ғасырлар бойы көршілес жатқан елдер, тарихтың талай зобалаң, қырғын-қияметті кезеңдерін бірге өткізген, бір-бірінің ел болып еңсесін көтерген қуанышты сәттеріне де куә болған халықтар.
А.С. Пушкин 1799 жылы 6 маусымда Мәскеу қаласында дүниеге келген. Дворян отбасында туылып, жастық шағын туған қаласы Мәскеуде өткізген. Он екі жасынан бастап, қазіргі Пушкин қаласы, бұрынғы Царское селосындағы лицейде оқып білім алған. Лицейде жүріп-ақ өлең жазып, ақын атанған. Яғни, Пушкин алғаш өлең жазып бастағанда 11 жаста болатын.