Ғылыми жоба тақырыбы: «Адам ағзасына химиялық элементтердің тигізетін әсері» Жобаны орындаған



бет4/8
Дата09.10.2023
өлшемі181,54 Kb.
#184401
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ғылыми жоба тақырыбы «Адам ағзасына химиялық элементтердің тигізетін әсері»

Кальций элементі адам ағзасында 1000-1200 грамм кальций болады, соның 99 пайызы сүйекте, тіс кіреу-кесінде, ал 1%-ы ішкі жасушада, қан құрамында маңызды роль атқарады. Ересек адамдарға тәулігіне 0,5 гр кальций жеткілікті. Ол сүйекті қатайтуға аса қажет. Кальций – сиыр мен қой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағам – ірімшік, сүзбе, сүтсірнеде (сыр) мол. Қара бидай наны мен жұмыртқаның сары уызы кальцийге бай. Ағзаға бір тәулікке қажет кальций алу үшін жүз грамм сүтсірне немесе жарты литр сүт жетеді. Кальций ағзаға сіңімді болуы үшін D дәрумені, фосфат, магний, мырыш, марганец, аскорбин қышқылы ауадай қажет.
Отандық ақ халаттылардың зерттеулеріне сүйенсек, Қазақстандағы әрбір үшінші әйелде және әрбір бесінші ер адамда кәрі жілік және сан сүйегінің сынығы бар. Нақты айтқанда, елімізде жарты миллионға жуық адам остеопороз ауруының зардабын тартуда. Ал бұл тікелей осы кальций элементінің жетіспеуі салдарынан туындайды екен. Кальций сүйектің саулығы мен беріктігін сақтайды. Әйтсе де адам 35 жастан асқаннан кейін сүйектен кальций кеми түседі.
Йод – өмірлік маңызы бар элементтердің бірі десек қателеспейміз. Ол қалқанша безі мен гипофиздің жұмысын жақсартады. Радиация әрекетінен қорғап, радиоактивті йодтың жиналуын ескертеді. Йод селенге тәуелді, ол ағзада селенсіз әрекет етпейді. Бұл элементтің жетіспеуі негізгі зат алмасу процесін төмендетеді. Ағзадағы йодтың аз болуы ең әуелі орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Бала қажетті мөлшердегі йодты ана құрсағында жатқан кезден бастап алуға тиіс. Балалардағы гипотиреоз ауруы жүйке қызметінің ерекше бұзылуына, адамдағы интеллектуалдық мүмкіндіктің тежеліп дамуына, кретинизмге әкеліп соқтырады. Ал ересек адамдарда ойлау қабілетінің төмендеуі, жүректің соғу жиілігі азаюы байқалады. Йод жетіспеушілігі иммундық жүйені әлсіретеді, ісік дамуының қатерлілігін арттырады, ең алғашқы кезекте қалқанша безінің ауруын қоздырады. Йод ас тұзында болады. Соңғы уақытта ұнды да йодпен байытып жүр
Азық-түліктер мен жеміс-жидектердегі химиялық элементтердің мөлшері
Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да кездеріміз болады. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. “Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз. Ендеше өз денсаулығымыз үшін күнделікті пайдаланатын тағамымыздың құрамына көңіл бөлуіміз керек. Осы орайда мен сіздерге қандай тағамның құрамында қандай химиялық элементтер бар екендігі жайлы жүргізген зерттеуімді ұсынамын. Жалпы алғанда біз кальций сүтте, ағарғанда, балықта, теңіз өнімдерінде көп болатынын біле бермейміз.
Ағзада кальций құрамы көп болып кетсе, адам цистит ауруына шалдығады. Ал кальций цемент ұнтағы түрінде өкпеге енсе тыныс жолдарына зиян болады.
1-сурет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет