Ғылыми жоба тақырыбы: «Адам ағзасына химиялық элементтердің тигізетін әсері» Жобаны орындаған


Химиялық элементтердің жетіспеуінен адам ағзасының бұзылуы



бет7/8
Дата09.10.2023
өлшемі181,54 Kb.
#184401
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ғылыми жоба тақырыбы «Адам ағзасына химиялық элементтердің тигізетін әсері»

Химиялық элементтердің жетіспеуінен адам ағзасының бұзылуы
Ағзада кальций тұздарының жетіспеушілігі сүйек ұлпасының дұрыс емес дамуына, тістер (кариес) ауруына, кейбір ферменттердің белсенділігі төмендеуіне, орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады. Кальций-ағзада 1,4% болады. Тіс ұлпасында, жүрек, бауыр, бүйрек, сүйек ұлпаларында кездеседі. Орта есеппен ересек адамға күніне 1г кальций қажет. Тамақ құрамынан келген кальций ішек жолдарында гормондардың түзілуіне әсер етеді.Сүйекте, тісте кальций ерітілмеген кристалдар түрінде, лимфа қан тамырларында иондалған түрінде болады. Қанның ұю механизмі, бұлшық еттің жиырылуы, жүрек қан тамырларының жиырылуы, жүйке жүйесінің жұмысы да иондалған кальцийге байланысты.
Йод жетіспеушілігі иммундық жүйені әлсіретеді, ісік дамуының қатерлілігін арттырады, ең алғаш-қы кезекте қалқанша безінің ау-руын қоздырады. Йод ас тұзында болады. Соңғы уақытта ұнды да йодпен байытып жүр. Йод жетіспеушілігіне байланысты ауруларды емдегеннен гөрі алдын – алған жөн. Адам күнделікті өсімдік және жануартекті өнімді қабылдағанмен, ағзаға қажет мөлшердегі дәрумен мен микроэлементтердің орнын толтыра алмайды. Ағза йодты синтездей алмағандықтан, тршілік үшін күнделікті йоды бар тағамдарды пайдалану есебінен қажет мөлшерін толтыру қажет.
1 – кесте. Йодтың күндік нормасы

Йод мөлшері (мкг)

Категориясы

Жасы

50

Емізулі сәби

Алғашқы 12 айда

70

Ерте жастағы балалар

1- ден 2 жасқа дейін

90

Мектеп жасына дейінгі балалар

2- ден 6 жасқа дейін

120

Бастауыш және орта сынып оқушылары

7- ден 12 жасқа дейін

150

Жасөспірімдер, ересектер

12- ден жоғары жастағылар

200

Аяғы ауыр әйелдер мен бала емізетін әйелдер




Мыс жетіспесе онда ұлпалардың қалыпты дамуы нашарлайды. Көздің қалыпты көруі бұзылады. Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көп екендігінің көрсеткіші — адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттегінің өтуін қамтамасыз етеді. Мыс көптеген ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу реакциясын жылдамдатады.Мыс ағзаға тағам арқылы түседі. Әсіресе, теңіз тағамдарында, қырыққабатта, картопта, қалақайда, жүгеріде, сәбізде, алмада көбірек кездеседі.
Жоғарыда айтылған элементтердің тәуліктік нормасын зерттеуінің нәтижесін төмендегі кестеден көре аоасыздар. Әрине, бұл көрсеткіштер адамның жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, ой еңбегімен айналысатын адамдар үшін марганецтің мөлшері тәулігіне 5-6 мг. Жас балаларға марганецтің мөлшері ересектерге қарағанда көбірек қажет болады. Сондықтан да соңғы жылдары микроэлементтер жайлы зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді.
2-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет