Ғылыми жоба Тақырыбы: «Электр энергиясының тиімді тұтынылуы және үнемделуі.»



бет1/5
Дата21.05.2022
өлшемі3,27 Mb.
#144331
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Презентация Microsoft Office PowerPoint - копия


Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

Ғылыми жоба
Тақырыбы:
«Электр энергиясының тиімді
тұтынылуы және үнемделуі.»
Жинақтаған: Сапарова Аяулым
Жетекшісі: Какимова Анар Максимовна
2018 – 2019 оқу жылы
Жоба мақсаты:
Кез – келген тұлғаның үнемдеу туралы түсініктерін кеңейту, электр энергиясын тиімді тұтыну мен үнемдеу әдістемесін үйрену.Энергия шығындылығын төмендету және энергияны пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін жағдай жасау.
Жоба міндеті:
Біздің бір орнымызда тұрмай ары қарай дамуымыз үшін энерготұтыныс міндетті түрде төмендеуі керек, сонда ғана тиімділігін арттыру мақсаты біздің болжағанымыздай болмақ.
Энергияның бейберекет тұтынылуын төмендетуге, энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға және жылыжай газдарының лықсымасын қысқартуға ұмтылып жатқан шақта, энергия тиімділігі маңызды орын алады. «Жасырын» немесе «нөмір бірінші отын» деп аталатын энергия тиімділігін арттыру көзге айқын көрініп тұрған ақиқат болып табылады, өйткені ол, әдетте, инвестицияларды ақтайды және әрқашан қолжетімді болып келеді. Алайда, энергия тиімділігін бағалау үшін тиісті көрсеткіштерді әзірлейтін деректердің болмауы кәсіпорындардың мәлімдемелерін іс - әрекетке айналдыруына жиі кедергі жасайды. Сонымен қатар деректер мен көрсеткіштерсіз энергия тиімділігі саясатын оңтайландыру және ілгерілеу мен сәтсіздіктерді қадағалау қиынға соғады.
Кіріспе
1. Энергияны үнемдеу
Біздің өмірімізді электр энергиясынсыз, соның ішінде жарық шамдарынсыз елестету мүмкін емес.
Кезінде Ыбырай Алтынсарин атамыз «Оқысаңыз балалар, Шамнан шырақ жағылар» деп... болашақта адам баласының жарық шамын табатынын, оның өміріміздің айрылмас бір бөлшегі болатынын айтып кеткен. Қазіргі кезде электр энергиясын өндіру әлемнің басты мәселесіне айналды. Электр энергиясын өндіру үшін күніне мыңдаған тонна көмір, мұнай жағылып жатса оның табиғатқа деген зиянын есептей беріңіз. Пайдалы қазбалар азайып, ауа мен су ластанып, орман қоры аяусыз кесіліп жатқан заманда, келер ұрпаққа не қалдырамыз деп толғанып көрейік. Электр энергиясына деген сұраныстың күн санап өсіп келе жатқанын ескерсек, оны өндірудегі қиындықтар, АЭС, СЭС, ЖЭС - ң күн сайын ауаға шығарып жатқан улы қалдықтары, табиғатқа келтіріп жатқан есепсіз зияны, жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың сарқылуын еске алатын болсақ, бізге қарапайым қыздыру шамдарын энергия үнемдегіш шамдарға ауыстыру арқылы көптеген жетістікке жетуге болатынын ескерейік. Біз табиғатты қорғауға, энергияны үнемдеуге аз да болса өз үлесімізді қоса аламыз...
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы нормативтік - құқықтық база және техникалық реттеу

* Қазақстан Республикасының 2050 ж кезеңге арналған энергетикалық стратегиясы. Қазіргі таңда мемлекеттік деңгейде бірқатар бағдарламалық стратегиясы құжаттары бар:
  • 2010ж Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
  • 2012ж «Қазақстан 2050» стратегиясы
  • 2013ж Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу концепциясы
  • 2015ж «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» ұлт жоспары

  • * Энергия үнемдеуді негізгі үш құрамдас бөлімнен тұратын құрылымдық схема түрінде ұсынуға болады



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет