Суреттер саны: 3
Әдебиеттер саны: 7
Жұмыстың сипаттамасы:
Қазіргі таңда адамдар арасында өтірік айту, алдау көбеюде. Бұл жобада сол өтіріктің себептері мен салдары жайлы айтамын. Сонымен қатар, адамдар неліктен бір-біріне өтірік айтатындығы жөнінде талқылаулар жасаймын.
Автордың қолы:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
|
2
|
§1
|
Өтірік түсінігі
|
3
|
§2
|
Алдаушының іс-әрекетін білесіз бе?
|
6
|
§3
|
Өтірік айту – ауыр күнә
|
8
|
§4
|
Өтірік жайлы таңқалдырарлық 9 дерек
|
12
|
§5
|
Сіз қаншалықты жиі өтірік айтасыз?
|
15
|
§6
|
Баланың өтірік айту себептері және оның алдын алу
|
17
|
§7
|
Біз неге өтірік айтамыз?
|
20
|
§8
|
Өтірік пен шындықты қалай ажыратуға болады?
|
24
|
Қорытынды
|
28
|
Әдебиеттер
|
29
|
Қосымша
|
30
|
КІРІСПЕ
Өтірік дегеніміз – шын оқиғаны немесе сөзді, жағдайды әдейі бұрмалауға жақын қарым-қатынас феномені. Өтірік көбіне шиеленіскен жағдайларда, сөздерде білінеді. Әдетте өтірік нақты бір оқиғада белгілі бір артықшылықтарға ие болу мақсаты негізінде туындайды. Жеке тұлға өзінің өтірігінің уақытша екенін ұғынбайды; бастапқы өтірікті жабу үшін артынан тағы өтірік қосады, осылай бірінің үстіне бірі қабаттасады. Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан өтірік бір жағдайдан шығу мақсатындағы құрал болып табылса, психологияда ол айналасындағыларды алдап, сол процестен қанағаттанарлық сезімге бөленіп, көңілі толатын көрініс болып көрінеді.
Тақырыптың өзектілігі. Өкінішке орай өмірде өтірік айтатындар өте көп. Өтірік айту дұрыс емес екендігін білсек те, кейбір мақсаттарда жалған сөйлеп жатамыз. Бұл біздің күнделікті өміріміздің бір қағидасына айналып кеткендей. Ғалымдардың зерттеуі бойынша адам күніне кемінде екі рет өтірік айтады екен. Шыншыл адамдардың өзі де жалған ақпарат беру мүмкін екен.
Мақсаты: Өтірік айтудың салдарын көрсете отырып, одан арылуға көмектесу.
Міндеттер:
Өтіріктің себептері мен салдарын көрсету;
Жалған сөйлеген адамды қалай байқауға болатындығын анықтау;
Алдаушының қоғамдағы, діндегі орны.
Ғылыми жаңашылдығы: Жалған сөздер айтушы, іс-әрекет жасаушыны сырт бейнесінен анықтауды білді. Адамдардың қаншалықты жиі өтірік айтатындығы анықталды.
Тәжірибелік маңыздылығы: Адам ес білер жасқа жетіп, ақылы толысыған сәттен бері өтірік деген ұғыммен етене таныс. Адам өмірінде өтірік айтылып келеді де, айтыла береді де, осылай жалғасуының салдарынан кейде адам өз туған бауырынан да көңіл суытып, бет көріспес хәлге жетеді. «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» деп жатады көрегенді ата-бабамыз, бірақ та кейде адам өтірікті шарасыздықтан айтатынын да ескеруіміз қажет. Өтірік қанша жерден жаман ұғым болса да, оның айтылу себептеріне үңілген жөн. Себебі, өтіріктің айтылу себептерін түсіне келе адамдар арасындағы түсініспектерді шешуге мүмкіндік аламыз. Адам өмірінде өтірік қаншалықты маңызды орын алса, оның себеп-салдары да соншалықты маңызды. Мейлі ол теориялық тұрғыдан болсын, мейлі тәжірибелік.
Қорғалатын қағидалар:
Өтірік айтудың себептері мен салдары.
Адамдар қаншалықты жиі өтірік айтады?
Отбасындағы өтіріктің мәселелері.
Достарыңызбен бөлісу: |