ҒЫлыми жоба тақырыбы: Өтірік себептері мен салдары. Неліктен адамдар бір-біріне өтірік айтады?



бет11/11
Дата12.09.2020
өлшемі357,44 Kb.
#78158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Өтірік себептері мен салдары. Неліктен адамдар бір-біріне өтірік айтады

Қорытынды:

Біріншіден, өтірік - ол табиғи нәрсе, яғни, бұл жасандылық, я болмаса, адамдардың жүре келе, ойлап тауып қалыптастырған нәрсесі емес. Өтірік барлық адамда бар. Барлығы өтірік айтады. Бірақ олардың өтірік айтудың деңгейлері әртүрлі.

Біз өтірікті айтып, өзгелерді алдап қана қоймай, болашақ ұрпаққа теріс тәрбие береміз. Қазірдің өзінде өтірік айтатын адамдар қаншама.

Кейбіреулер, өзін өзгелерден жоғары сезіну үшін немесе бастығына жағыну үшін, өз қара бастарын ойлап өтірік айтады. Ал, біреулері, өзгеге көмектесу үшін, жақын адамына жақсылық жасау үшін айтып жатады.

Өтіріктің үлкен, кішісі болмайды. Кез-келген өтіріктің арты ашылады. Тек, оның айтылу себебіне назар аударған жөн.

Көпшілік адамдар өздерінің өтірік айту себептерін «екі адамды татуластыру үшін», я болмаса «жақыныма көмектесу үшін» дейді. Бұл әрине дұрыс. Бірақ бір жағынан ертеңгі күндері ол өтіріктің арты ашылып, сіздің алдағаныңызды білсе, жақыныңыз сізге ренжиді емес пе? Мұндай кезде олардың кешіру, кешірмеуі екі талай.



Ал, сіз қаншалықты жиі өтірік айтасыз? Өтірік пен шындықты ажырата аласыз ба? Сізге өтірік айтқан жақыныңызды кешіре аласыз ба? Осы сұрақтарға әуелі өзіңіз жауап беріп көріңіз.

Әдебиеттер:

  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

  2. https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/27325/

  3. Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл.

  4. https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/13142/

  5. А.К.Секацкий. Онтология лжи. СПб.: Издательство С.-Петербургского университета, 2000г.

  6. Чарльз Форд. Психология обмана. Как, почему и зачем лгут даже честные люди.

  7. Издательство «Эскмо», 2013г.


Қосымша:

Қосымша 1



Қосымша 2

Өтірік айтқанда не сезінесіз?



Қосымша 3





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет