Ғылыми конференциясының материалдары


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ



бет115/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   131
Байланысты:
treatise40297
molekulyarnaya-biologiya.-uchebnik-s.a.ermekova.-almaty-2017.-539-s., Немесе Техникалық құралдар көмегімен ақпарат алмасу. Акт-emirsaba.org, руханият 2, руханият 2
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ


Оразова Баянсұлу (Қазақстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі:аға оқытушы Нусупбаева С.Н.

Туризм (французша tourisme, tour-серуендеу, жол жүру ) - яғни, бұл адамдардың бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі. Туризм, негізінен адамның, былайша айтқанда рекреациялық қажеттіліктерін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, т.б.) қанағаттандырудың негізгі тиімді жолы десек те болады. Туризм тек бұл жағынан емес, сонымен қатар адамның танымдық қабілетін де арттыруға үлесі зор. Соның ішінде мәдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының да өркендеуіне біршама үлес қосып, сол елді әлемге танытуға мүмкіндік туғызады.


Туризм негізінен екіге бөлініп қарастырылады. Ел ішінде саяхат жасау– ішкі туризм, яғни өз еліміздің азаматтары алысқа аспай-ақ, ел ішінде өзіміздің көрікті жерлерімізге саяхат жасауы болса, ал шет елге саяхатқа шығу – халықаралық туризм деп аталады. Айтып өткеніміздей, туризм саласы экономиканың қарқындауына әсер етеді. Сондықтан, қазіргі таңда пайдалы қазбалары аз немесе басқа салалары жағынан нашар дамыған елдер табиғат сұлулығының арқасында туризм саласының көмегімен экономикасын реттеп, сол арқылы да пайда тауып отыр. Бірақ пайдалы қазбалар қоры жағынан бай елдердің өзі де бұл салаға аса мән беріп, дамытуға кірісуде. Себебі, пайдалы қазбалар қоры шектеулі, ал туризм саласы болашағы зор сарқылмайтын, оның үстіне бірнеше салалардың да қатарласа дамуына жан-жақты ықпалы зор. Яғни, бұл кез-келген мемлекет үшін өте тиімді сала, табыс көзі болып табылады.
Туризмнің алғышарты ретінде, алғашқы кезеңдерде саяхаттың негізгі себептері сауда, білім, зиярат ету, емделу болды. Ежелгі Грекияда спорттық салалар, Олимпиадалық ойындар арқылы туындады. Себебі, сол ойындарға қатысу үшін жер-жерден түрлі ел ойыншылары келіп отырды. Ал, ортағасырлық саяхат «діни» сипатта, яғни діни сенім адамдарды әулие жерлерге зиярат етуге жетеледі. Дініне байланысты, мұсылмандар Меккеге барса, ал христиандар Иерусалим және Римге аттанып отырды. Кейін саяхат білім саласын негізге ала отырып, дами бастаған. Кейбірі, білім алу үшін болса, ал кейбірі ғылыми зерттеулер мен ашулар үшін ел аралап отырған болатын. Заманның да дамуына байланысты, параход, паравоздың ойлап табылуы жылжудің әрі қауіпсіздігін қамтамасыз етсе, әрі қаражат пен уақыттың тиімділігін, яғни шығынды азайтты. Нәтижесінде саяхатшылар көбейіп, осы арқылы келушілерді күтетін орындар, қонақ үйлер пайда болды.
XIX ғасырдың ортасында демалыс индустриясы өз қызмет ететін аясын кеңейтті. Бірінші, туристік сапарды ұйымдастыру және оны тұтынушыларға сататын саяхат бюролары ашылды. 1841 жылы ағылшындық Томас Кук демалуға арналған топтық тур ұйымдастырды. Ондағы қызметтер кешеніне - темір жол арқылы 20 мильдік сапар, пойызда шай мен тоқаш-нан, оркестр қамтамасыз етілді. Ол алдымен Ластерде, кейін Лондонда саяхат бюросын ашты. Бірақ бірінші дүниежүзілік соғыс, отызыншы жылдардағы Ұлы күйреу және екінші дүниежүзілік соғыс та туризмнің дамуына негативті ықпал етті. Себебі, бірқатар соғыстардан зардап шеккен, шығынға ұшыраған халықтың саяхатты ойлауға біраз уақыт мұршасы да келмеді. Осыған қарамастан, екінші дүниежүзілік соғыстан соң дамыған елдерде барлық жағынан қамтамасыз етілген, жоғарылау дәрежедегі туристік индустрия құрылды. Яғни, бұл тұста туристер үшін тасымалдау құралы да жақсарып, қызмет көрсету саласының сапасы артып, уақытша тұрақтайтын орындар қаматамасыз етіліп, сол сияқты басқа да ұсақ қажеттіліктердің орнын толықтырты. Ал, қазіргі заман туризмінің ерекшелігі - кең ауқымды халықаралық айырбастың болуында. Мемлекеттер арасында келісімшарт жасалып, әр түрлі жобалар қолға алынып, халықтың сұранысына ие болып отыр. Және де бұл жобалардың да сан түрі бар. Негізгі мазмұны- жеңілдіктер мен тиімділігін көрсете отырып, халыққа қол жетімді сапар мен жақсы жағдайда демалыс ұйымдастыру.
Дүниежүзілік туристік ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша, туризм әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің 10/1 бөлігін, халықаралық инвестицияның 11%- дан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризм саласы бұл күнде тікелей немесе жанама түрде экономиканың 32 саласасының дамуына (турфирмалар, көлік түрлері, мейманхана кешендері, демалыс үйлері, санаториялар, ұлттық парктер, тамақтану сферасы, т.б.).ықпал жасайды. Бұл дегеніміз, туризм өзі бірнеше салаға байланысты дами қоймай, туризмге қатысты жанама салалардың дамуына септігін тигізіп отырғанын айта аламыз. Мысалға, айтып өткеніміздей туристік уйымдар туристерді бүкіл жағынан қамтамасыз ету мақсатында олар кейбір әуе компаниялармен келісім жасау арқылы оларға жолаушылар қамтамасыз етіп отырады. Тез қарқынмен өсуіне байланысты оны өткен 100 жылдықтың экономикалық феномені, әрі келген 100 жылдықтың болашағы зор бизнесі деп болжалуда. Бұл салаға үлкен сеніммен қарап отырғанымызбен, оны тек дамыту үшін үлес қоса отырмай, табиғи қалпын, байлықтарын сақтап, көркейтуді де ұмытпауымыз керек. БТҰ-ның болжамы бойынша ХХІ ғасырда туристік индустрияның өсуі артады және 2020 жылы әлемдегі туристік саяхаттар 1,6 биллион бірлікті құрайды. Бүгінгі күнде ақша айналымы мен тиімділігі жөнінен мұнай өнімі мен көлік құрастыру салаларымен толық бәсекеге түсе алады. 2012 жыл бойынша қарастырсақ туристердің саны әлем бойынша алғашқы рет миллиард адамға жетті.
Бірқатар елдер үшін халықаралық туризм ұлттық экономиканың өсімінің мәнді көзі болып саналады, ондай елдерге Швейцария, Германия, Түркия, Тайланд және тағы да басқа елдерді жатқызамыз. Франция сияқты экономикасы дамыған мемлекеттер өздерінің экономикалық-әлеуметтік әл-ауқатын туристік сала арқылы дамытып, туризм осы және басқа да елдер үшін валюталық түсімнің маңызды көзі болып саналады. Мысалы, тауарлар мен қызметтер экспортындағы шетелдік туризмнен түсетін табыстың үлестік салмағы: Испания-18,3%, Австралия-11,8%, Грецияда-33,6%, тағы да басқа көрсеткіштерге ие.
Қазақстандағы туризмнің жалпы тарихына көз жүгіртейік. Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып көрікті жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар ХХ ғасырдың 20-30 жылдары пайда болды. 1929 жылы Алматы қаласында тұңғыш туристік жорық ұйымдастырылды. Жорық Алматы төңірегініен басталып, Есік көлінде(62 км) аяқталды.1930 жылы Алматы өлкентану мұражайы жанында протарлық туризм және экскурсия қоғамының өлккелік бөлімшесінің негізі қаланды. Алғашқы төрағасы В.Г.Горбунов. Әуесқой туристердің бастауымен Алатау қойнауындағы Күйгенсай (Горельник) шатқалында туристкр үшін шағын үй салынды. 1936 жылы республикадағы ең алғашқы 50 кісілік «Горельник» турбазасының шаңырағы көтерілді.
1950-1960 жылдары Алматы жоғары оқу орындарында тау туризмі, альпинизм, спорттық туризм дами бастады.
Тәуелсіздік алған Қазақстанда 1991 жылдан туризм саласы дамудың жаңа сатысына көшті. 1993 жылы Қазақстан Дүниежүзілік туризм ұйымына мүше болды.
2001жылы 13маусымда «Қазақстандағы туристік қызмет туралы» заң қабылданды.
Қазақстанда туризмнің барлық түрлері (танымдық, ойын-сауық, этника, экология, денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, атпен серуендеу) т.б. бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгіленген. Оларға Қазақстанды жиынтық сыйымдылығы 33мың орынды 372 әр түрлі категориялы қонақ үйлер қызмет көрсетеді. Мысалы, Алматы қаласында қонақтарға «Алатау», «Қазақстан», «Достық», «Анкара», т.б. қонақ үйлер сервистік қызмет көрсетеді. Астанада 30 туристік фирма және 25 қонақ үй орналасқан. Олардың ірілері: «Комфорт-Отель Астана», «Турист», «Есіл», «Жібек жолы, «Алтын дала», т.б.
Табиғи-рекреациялық Қазақстандағы нысандарға Солтүстік Қазақстанда Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан ауданындағы Зайсан, Марқакөл, Қазақстандағы Алтай, Оңтүстік Қазақстандғы Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Ұлытау т.б. табиғи нысандар жатады.
Сонымен бірге Алматы облысындағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмді дамытуда маңызы зор. Оларға Іле Алатауы ұлттық саябағы, Түрген, Шамалған өзендері аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есік, Талғар, Қаскелең, Шамалған елді мекендері жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарда туризмді дамыту мақсатында мемлекет тарпынан қолдау тауып, дамып келеді.
Қазақстанда 9000-нан аса археологиялық және тарихи мұралар, 118 ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, олардың арасында 11 мемлекеттік ұлттық–табиғи парк ашылған. Елдегі ең танымал орындар Алматы облысындағы «Алтын Емел» мен «Іле-Алатау ұлттық паркі», Павлодар облысындағы «Баянауыл», Ақмола облысындағы «Көкшетау» мен «Бурабай» болып табылады. «Тамғалы Тастағы» жартасқа салынған суреттер, Шарын шатқалы, «Сыңғырлауық құмдар» және «Бесшатыр» сақ қорғандары аса көрнекті деп саналады
Қазақстан Республикасындағы туристік фирмалардың саны 2012жыл бойынша 1602-ні құрайды. Соның ішінде ең көбі Алматы қаласында 855 туристік фирмалар бар.
Қазақстан тұрақты даму мен беделі көтерілуінің арқасында бүкіл дүние жүзіне танылып отыр және осыған туризм өз үлесін қосады. Бұған дәлел ретінде Дүниежүзілік Туристік ұйымның 18-ші Бас Ассамблеясы және Азияда-2011 секілді ірі халықаралықшаралардың Қазақстанда өткізілуін айтсақ болады.
Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы туризмнің жағдайы жақсы деңгейде болғанымен, соның ішінде келу туризміне қарағанда, шығу туризмінің пайыздық есеппен алғандағы мөлшерінің көп болуы Қазақстандағы туризм аясын дамытуды әлі де жаксы деңгейге көтеру керектігін білдіреді. Бұл дегеніміз біздің өз еліміздің азаматтары өзге елге саяхаттауға көп барғанымен, шет елден біздің елімізге келушілер әлдеқайда аз дегенді білдіреді. Бұған бірден-бір себеп, елімізде кейбір инфрақұрылымның дұрыс дамымауы, туризмнің хаостық дамуы, экономикалық механизмнің жетілмегендігі орын алуы. Бірақ, елімізде келу туризмін дамытудың да алғышарттары іс-жүзінде бар, себебі, республикада табиғи, тарихи, сәулет және археологиялық ескерткіштер мол.
Қазіргі кезде ішкі және келу туризміне ықпал ету үшін экономикалық, әлеуметтік-мәдени шаралар мен бас қосулар, мысалы, Азиядағы ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің саммиттері, Шанхай ынтымақтастық ұйымының жиындары, әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің сьезі, Еуразиялық медиафорум, жыл сайын Астана экономикалық форумы өткізілуде.
Елімізде келу туризмін дамыту үшін туристік имиджді қалыптастыратын мақсаттар қойылды:
-мемлекет деңгейінде туристік саланы жаңарту аясындағы туристік класстер мен инфрақұрылымды дамыту;
-туристік кадрларды дайындап, серпінді жобаларды іске асыру;
Автомобиль транспортының рөліне келсек, оны шекаралық тасымалдау мен саяхат жасау маршруттарында қолданады. Оның дамуы көлік құралдарына және жолдарының қызмет ету сапасына байланысты. Қазіргі кезде «Сайран» автовокзалы үлкен қызмет көрсетуде. Жалпы автобус парктері өте төмен деңгейде қазіргі сұранысқа сай автокөліктер өте аз. Теміржол көлігі «Қазақстан Теміржолы» 14 бағытта жұмыс істейді. Олардың қызмет көрсету сапасы халықаралық стандартқа сәйкес келмейді. Алматы-Астана маршруты ғана стандартқа сай, ал оңтүстік маршруттары ешқандай сын көтермейді. Ал орналастыру орындарына келсек, көпшілігінің қабылдау мүмкіншілігі төмен, номерлердің бағасы жоғары, сондықтан да жабылып жатыр. Ол бағасы жоғары болғандықтан олардың қызмет көрсетуі де, басқа сындардан өтетіндей болуы қажет екені белгілі. Бірақ өкінішке қарай олардағы сапа, қойған бағасына сай келмейді. Көлік жөнінде де айта кету керек. Бүгінгі таңда Қазақстанның халық аралық авиажелілерінің Германияға, Үндістанға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Корея Республикасына, Түркияға, Италияға, Венгрияға, Израильге, Қытайға, Тайландқа ұшуды жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Ішкі және халықаралық рыноктарда жұмыс істейтін «Эйр Қазақстан» ұлттық тасымалдаушысы және басқа авиакомпаниялар авиа тасымалдарын жүзеге асырады. Туристердің көпшілігі сервис және қызмет көрсету сенімділігі жағынан отандық тасымалдаушыларға қарағанда авиа рейстерін жүргізетін шетелдік тасымалдаушылардың қызметін пайдаланғанды жөн көреді, мүның өзі отандық тасымалдаушылар жасайтын авиа рейстер жолаушылар ағынын азайтатыны сөзсіз. Оның үстіне, авиабилеттер құнының қымбаттығы туристерге қол жетімді басқа таңдау жасауға апарып соғады. Республиканың автобус паркі қараусыз қалған, сонымен бірге қазіргі заманғы жайлы автобустар жоқтың қасы, бұл туристерге қызмет көрсетуді жоғары денгейде ұстауға мүмкіндік бермейді.
Келешекте экологиялық жағынан таза қоғамдық туристік көлікті дамытуға назар аудару қажет.Облыс орталықтарында шетелдік келушілерге сапасыз туристік өнім берудің басты себебі тиісті сыныптағы қонақ үйлердің болмауы, ал қолдағы бар қонақ үй базасы 80 пайызға ескірген, қонақ үйлердің бір бөлігінің жай-күйі мүлде нашар және банкроттық жағдайда тұр, себебі олар 60-шы жылдары салынған. Туризм дамуындағы түйінді мәселенің бірі туристік кадрлар даярлау болып табылады. Қазіргі уақытта, Қазақстандағы мемлекеттік, жеке және ресейлік филиалдарды қосқанда, туризм менеджрлерін даярлайтын 28 жоғары оқу орны бар. Қазақстанда мұндай кадрлар даярлаудың негізі 1992 жылы қаланғандығына қарамастан, туристік саланы мамандармен қамтамасыз ету әлі күнге дейін қанағаттанғысыз жағдайда қалып отыр.
Туризм инфрақұрылымын дамыту:
-тарихи-мәдени және этнографиялық ескерткіштерді қалпына келтіру және мүражайға айналдыру;
-Қазақстанды ерекшелейтін сипаттамаларға және артықшылықтарға негізделген маркетингтік іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
-визалық және кедендік рәсімдерді барынша оңайлату;
-мемлекеттікің туристік көрнекті орындарын құру және қорғау;
-туризм инфрақұрылымының аса маңызды базалық компоненттерін жасау;
-Қазақстандағы тиімді туристік салаға сәйкес кадрлар әлеуетін қалыптастыру үшін, жаңа буындағы «Туризм» мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білімнің мемлекеттік стандартын әзірлеу.
Елдің туристік беделін қалыптастыруда республика аймақтарында және шет елдерде туристік ақпараттық орталықтырды ұйымдастыру да маңызды рөл атқарады. Шетелде Қазақстан туралы сапасы жоғары полиграфиялық және аудиобейне жарнама материалдарын шығару және белсенді түрде тарату қажет.
Қорытындылай келгенде, жалпы туризмнің әлемдегі маңызын біле отырып, біз барымызша осы саланы дамытуға үлесімізді қосуымыз керек. Бұл біздің қасиетті еліміздің көркем де жарқын болашағын қамтамасыз ететін мүмкіндік ретінде қарап, оған өзіміз білетіндей түрлі салаларын дамытуымыз қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет