Ғылыми конференциясының материалдары



бет114/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   131
Байланысты:
treatise40297
molekulyarnaya-biologiya.-uchebnik-s.a.ermekova.-almaty-2017.-539-s., Немесе Техникалық құралдар көмегімен ақпарат алмасу. Акт-emirsaba.org, руханият 2, руханият 2
ҚҰРТ ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ


Нұржан Айбын,Пазылбек Роза, Әл-ФарабиатындағыҚазҰУ;
Рамазанова Айжан(Қазақстан)
Алматы облысы Іле ауданы
12 орта мектептің 10-сынып оқушысы
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Ембергенова К.Р.


Құрт-май – сары майға батырылған кепкен сықпа жалпақ құрт. Асығыс уақытта дастарқанға дәм таттыруға қояды. Құрт, ірімшік, май тағамдарының қосындысы да құрт-май деп аталған.
Құрт-көже – көжеге қосылған езілген құрт; кенеулі, күшті, қадірлі ас. Қазақ арасында сорпаға, кежеге құрт езіп ішу кең тараған.



Құрт.
Ақуызға өте бай, сүттен дайындалатын құрттың адам ағзасына пайдасы өте зор. Қой, ешкі, сиыр, тіпті түйе сүтінен құрт жасайды. "ҚҰРТ" сөзі құрғатылған, кептірілген мағынаны білдіреді. Сиырдың сүті, түйенің шұбаты, жылқының қымызы дәруменнің, күш қуаттың нақ көзі екені дәлелдеуді қажет етпейді. Құрт ақуызға өте бай 52,6 &. 100гр сүзбе 227ге дейін қуат берсе, құрттан 370,1 қуат алуға болады.
Түйе сүтінің құрамында кальций мен фосфор микроэлементтер кездеседі. Шұбатта А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері бар. Осындай заттардан құралған құртты жылдар бойы сақтауға болады.
Құрт түрлері:
Жас құрт.Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп бастырма ретінде шәймен бірге дастарханға қояды. Кепкен құртқа, бауырсаққа тісі өтпейтін үлкен кісілер үшін өте кенеулі ас саналады. Ертеректе жас құртты мипалауға, құйрық бауырға қосқан.





Ыстық құрт. Қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тиіп ауырған сырқаттарға ем саналған.Сықпа құрт. Мұны қайнатқан құрттан айырмашылығы сол ашыған айран қапқа құйып сүзіліп, тұздалып, түрлі үлгімен бөлшектеліп кептіріледі. Бұрынырақта сықпа құрт та бастырма ретінде пайдаланған. Мұндай құрт жайған әйел ауыл балаларына арнап дөңгелек жасап, жіпке тізіп мойындарына іліп қуанту салты болған.
Малта. Езілге құрттың түйіршіктері, ол әрі жұмсақ, әрі ас саналған. Ұзақ сапарларда ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған.
Е
зген құрт.
Сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін кепкен құрт астауға салып ұнтақталып, келіге түйілген.
Ақмалта. Езген құрттың ең соңғы шайындысы. Ол өте дәмге жағымды, тез сіңетін тағам болып саналады. Оны тек сұйықұ түрінде ішеді.
Ұнтақ құрт. Арнайы түйіп ұсатқан немесе қап түбінен жинап алған үгінді. Оны сүттің піскен қаймағына былғап жейді.
Құрт май. Сары май батырып табақ жасайтын кепкен сықпа жалпақ құрт. Оны асығыс кезде дәм таттыру үшін немесе жеңіл желпі түстік ретінде дастарқанға қояды.Құртты қайнатқан кездегі кенеп қаптан аққан сарысу да емдік қасиетімен ерекшелінеді. Онымен қыз келіншектер шашын, басын, б
етін, қолын жуған.


езген, ақмалта, дәрумен, сүзбе, сүт, қымыз, ұнтақ құрт, құрт май
Сөре – бірнеше қатардан тұратын құрт жаятын орын.
Өре –құрт, ірімшік, жеміс – жидек, т. б. тағамдар кептіруге арналған шиден тоқылған сөре.
Біздің жұмысымызда екеуін де өрені де сөрені де жасауға болады. Ол адамның қажеттілігіне қарай жасалады. Өлшемі мен көлемін де өз еркімен қалауымен іске асыруға болады.


2-сурет.
Құрылысы:
1-айран құятын ыдыс, 2-қақпақ, 2А және 2В-тұтқалар, 3-ұйытқы құйылғаннан кейін сары су ағатын тор, 4-сары су ағатын ыдыс.
Жұмыс істеу барысы:
Ұйыған сүтті немесе айранды 1-ыдысқа құйып, 2-қақпағын бекітіп жабамыз. Бұл қақпақ шаң-тозаңнан және шыбын-шіркей кіруден сақтайды. 2A, 2B-тұтқаларының көмегімен артқы жағында тұрған ілгішімен қабырғаға орналастырамыз. Алдымен ілгіш ілетін орынды дайындап аламыз. 1-ыдысты сол ілгіштің орнына жоғары жерге ілеміз. 3-сүзгінің көмегімен ұйытқының сары суы сыртқа бөлініп шығып, 4-ыдысқа құяды. Сөйтіп, 1-ыдыс ішінде сүзбе іріктеліп тек қоюы қалады. Бекітілген орнынан 1-ыдысты алып, сүзбені ішінен шығарып алып пайдалана береміз. 1-ыдыс ішін оңай жуып-тазалап алуға болады.
Осы сүзбені сүзіп дайындап алған соң, құрт жаятын өреге әр түрлі пішінге келтіре отырып, құрт жасаймыз. Осы құрттарды 2-суретте көрсетілген өреге жайып оңай кептірге болады. Құрт кептіргіш күнделікті үй тұрмысында оңай жасалады. Ең оңай жасалу жолын осы жұмысымызға енгізіп отырмыз. Бұл өренің кәдімгі үй шаруасындағы өрелерден айырмашылығы, жеңіл, ілгіші ыңғайлы, шыбын-шіркей кіргізбейтін қорғаныс сыдырмалы тормен қапталған. Және жел қағып тез кебугі жағдай жасалған.
Құрт жаятын өре сияқты ет жайып, сүрлейтін өрені де дайындауға болады. Ет жаятын өренің де құрылысы бірдей тек айырмашылығы астыңғы торын темір немесе мықты қатты бірнеше килограмм ет көтере алатындай тордан жасау керек. Себебі, етті бір килограммнан жіліктеп бірнеше килограмға дейін қоюға болады.
Қорытынды.Бұл жұмысымызды пайдалану ерекшелігі, ауылдық және жайлауда жүрген тұтынушыларға, тіпті кейде жергілікті тұтынушыларға қажет қондырғы. Айранды сүзгіден өткізіп, құрт жасап, құрттың түрлері мен жасалу жолдарын ескеріп, оны кептіру құралдарымен бірге бір комплект жасап тұтынушыларға ұсынғанды жөн көріп отырмыз. Бұл комплекттің де бағасы арзан, қол жетімді бағаға бағаланып отыр. Шамамен 7-10 мың тенге көлемін құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет