Ғылыми конференциясының материалдары



бет111/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   131
Байланысты:
treatise40297
molekulyarnaya-biologiya.-uchebnik-s.a.ermekova.-almaty-2017.-539-s., Немесе Техникалық құралдар көмегімен ақпарат алмасу. Акт-emirsaba.org, руханият 2, руханият 2
Әдебиеттер

1. ҚазақстанменОртаАзияныңұлығалымдары, А., 1964;


2. Великие ученые Средней Азии и Казахстана, А., 1965; Розенфельд Б. А., Рожанская М.М., Соколовская.
ӘБУ-НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ ЕҢБЕКТЕРІ


Мәннән Сайрангүл (Қазақстан)
Әл-ФарабиатындағыҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Смағұл М.Ж.

Әбу-Насыр әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс езенінің Сырға барып құятын жеріндегі Фараб қаласында дүниеге келді. Әл-Фарабидің түркі тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты-жөнінде «Тархан» деген атаудың болуы. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Үзлағ ибн Тархан әл-Фараби, яғни әкесі Үзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері – қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба – Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу-Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Бұл қаланың орны – қазіргі Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында. Отырар жайында біздің қолымызда ибн Хаукальдің, Абул Фиданың, Қытай деректемелерінің мәліметтері бар. Отырар жөнінде Птоломейде де айтылған. Отырардағы кітапхана, ел аузындағы аңызға қарағанда, кітабының саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан соң екінші орында болған.


Әбу Насыр Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, Араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдад шаһарларында білім алған.
Әбу Насыр Әл-Фараби – түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғұлама. Әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик,астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі.
Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің «Метафизика», «Категория», «Бірінші және екінші аналитика» сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған). Әбу Насыр Әл-Фараби өз заманындағы ғылымның барлық салаларынан, әсіресе, математика, астрономия, физика, жаратылыстану ғылымдарынан көп мұралар қалдырды.
«Ғылымдар тізбегі» деген еңбегінде сол кездегі ғылымды үлкен-үлкен бес салаға бөледі:
1) тіл білімі және оның тараулары;
2) логика және оның тараулары;
3) математика және оның тараулары;
4) физика және оның тараулары, метафизика және оның тараулары;
5) азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және дін ғылымы.
Ғалым бұл ғылымдардың бәрінің пәнін анықтап, қысқаша мазмұнына тоқталады. Әбу Насыр Әл-Фараби математик ретінде өзара тығыз байланысты үш салада еңбек еткен. Олар:
1) математиканың методология мәселелері (математикалық ғылымының пәні, негізгі ұғымдары мен әдістерінің шығу тегі);
2) математикалық жаратылыстану;
3) математиканың кейбір нақты тарауларын жасауға қатысуы.
Әбу Насыр Әл-Фараби математиканы жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, статика, механика – әдіс айла жөніндегі ғылым). Ол – алгебраны математиканың дербес бір саласы ретінде қарастырып, алгебра пәнін алғаш анықтаған оқымыстылардың бірі. Осыған байланысты Әбу Насыр Әл-Фараби сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту туралы аса маңызды идея ұсынды. «Ғылымдардың шығуы» деп аталатын трактатында математиканың шығу тегі мен себептерін ашуға тырысады. «Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарының кіріспелеріндегі қиын жерлерге түсініктеме» деп аталатын еңбегінде математиканың методология мәселелері жөнінде құнды-құнды пікірлер айтқан. Ол ұзақ уақыт мінсіз, мүлтіксіз саналып келген Евклид «Негіздерін» сынауға, өңдеуге, түзетуге болатынын іс жүзінде көрсетіп, математиктерге дұрыс жол сілтеген. Әбу Насыр Әл-Фараби математиканың философия ірге тасын қаласумен қатар, оны табиғат құбылыстарын зерттеуге батыл қолданудың қажеттігін іс жүзінде танытты. Әбу Насыр Әл-Фараби пікірінше, математика анық, ақиқат білімді береді және басқа ғылымдардың дамуына күшті ықпал жасайды.
Әбу Насыр Әл-Фараби математикалық, жаратылыстану саласында ірі еңбектер жазған. «Музыканың ұлы кітабы» – ғұламаның әрі музыка жайында, әрі физика-математика жайында жазған тарихи үлкен туындысы. Мұнда музыкалық акустика мәселелері барынша кең қамтылып, дыбыстың табиғаты, тегі, таралуы т.б. жайында көптеген дұрыс, соны пікірлер айтылған. Музыканың тәжірибелік (эксперименттік) және теориялық (математикалық) негіздерін жасап, физика-математикалық заңдылықтардың белгілі музыка аспаптарда қалай жүзеге асу жолдарын көрсетеді. Ол ежелгі гректің ұлы математигі және астрономы Птоломейдің «Алмагесіне» көлемді түсініктеме жазған. Бұл еңбек «Алмагеске түсініктеме» деген атаумен белгілі. Астрономия және математикалық тарихында үлкен маңызы болған Әбу Насыр Әл-Фарабидың бұл трактаты тригонометрияны дамытуға да игі ықпал жасады. Ол өзіне дейінгі және тұстас математиктердің еңбектеріне сүйене отырып, тригонометрия сызықтары жөнінде өз ілімін жасады. Мұндағы негізгі бір жаңалық Әбу Наср Әл-Фараби синус, косинус, синус-ферзус, тангенс, котангенс сызықтарын бірыңғай радиусы тұрақты шеңбер ішінде қарастырды. Олардың арасындағы бірсыпыра қатынастарды ашты, кейбір қарапайым қасиеттерін айқындады. Ол тригонометрияның кестелер жасауда аса қажет болып табылатын бір градус доғаның синусы мен косинусын анықтауда елеулі табыстарға жеткен.
Әбу Насыр Әл-Фараби осы айтылған тригонометрия мағлұматтарға және басқа да қосымша математика материалдарға сүйене отырып, «Алмагесте» қарастырылған астрономия және география мәселелерін математика жолымен шешудің ең жеңіл әдістерін ұсынады. «Геометриялық фигуралардың егжей-тегжейі жөнінде табиғи сырлары мен рухани әдіс-айлалар кітабы» геометрияның салу есептерін сұрыптап, бір жүйеге келтірген. Жүзден аса есептің салу әдістері көрсетілген. Бұлардың ішінде: парабола салу, бұрышты трисекциялау, кубты екі еселеу, дұрыс көп бұрыштар салу, көп жақтар салу, жазық фигураларды түрлендіру т.б. бар.
Әбу Насыр Әл-Фараби адымы тұрақты циркуль мен бір жақты сызғыш жәрдемімен шешілетін есептерді мол қарастырды. Осы еңбекте 3, 4, 5 т.б., яғни өлшемді куб салу есебін ойша қалай шешу идеясы бар, оның «Болжамдағы геометрияға кіріспе» атты трактат жазғаны мәлім, бірақ ол еңбегі бізге жетпеген. Осыған қарағанда Әбу Наср Әл-Фараби көп өлшемді абстракция геометрияның идеясын алғаш айтушылардың бірі деп жорамалдауға негіз бар. Әбу Насыр Әл-Фарабидің трактатын математика тарихшылары осы уақытқа дейін атақты Хорасан математигі Әбу-л-Уафаға теліп келгені анықталды. Әбу Насыр Әл-Фараби арифметикалық саласында «Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе» деп аталатын еңбек жазған. Оның көптеген логикалық еңбектерінде математикалық логиканың элементтері де кездеседі. Әбу Насыр Әл-Фарабидің математикалық идеяларын, мұраларын Әбу-л-Уафа, Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Райхан Бируни, Омар һайям сияқты шығыс ғұламаларымен қатар Роджер Бэкон, Леонардо да Винчи тәрізді Еуропа ғалымдары да көп пайдаланған.
Әбу Насыр әл-Фараби мұраларының Қазақстанда түбегейлі зерттелуі ХХ ғасырдың 60 – жылдарында ғана қолға алынды. Оған алғаш бастамашы болған қазақ ғалымы А. Машанов еді. Әбу Наср әл-Фарабидің 1100 жылдығына орай шығарылған ЮНЕСКО шешімі бойынша 1975 жылы Алматыда халықаралық конференция өткізілді .
Әбу Насыр Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді. Өйткені жақсы істер істеп, мұның төлеуін күтсе, адам бұл істерін жамандыққа айналдырады. Фараби адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет