Ғылыми конференциясының материалдары



бет42/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   131
Байланысты:
treatise40297

Соғыстан кейінгі жылдар: 1946-1948 жылдары Ворошилов атындағы әскери академиясының тыңдаушысы болады. 1948-1950 жылдары 49-атқыштар бригадасының командирінің орынбасары қызметін атқарады. 1952 жылы Кеңес Армиясы Бас Штабының жанындағы Жоғары әскери академиясын тәмәмдайды. 1953 жылы академик Ван-Чон-Худың басқаруымен келген Қытай делегациясымен кездеседі. Соғыстан кейін 1950-1955 жылдары Совет Армиясының әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан соң, елге оралады. Елде біраз уақыт жұмыс табылмайды. Өмірбек Жолдасбеков Қаз ҰУ-дың әскери кафедрасына жұмысқа алмақшы болады, бірақ оғанда қарсылық болған көрінеді. Батыр енді толықтай шығармашылықпен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өміріндегі көрген білгендерін шығармаларына арқау етеді.
Бауыржан Момышұлы соғыс кезінде «Серігім», «Жазушыға», «Қалыбек аға», «Біреулерге», «Жардың мұңы», «Ана тілін ардақта», «Досыма», «Толғау» атты өлеңдерін жазды.
Москва үшін шайқаста. Москва түбіндегі шайқаста Бауыржан Момышұлының өміріндегі ерекше кезең болды. Жас сардар, 1073 атқыштар полкінің батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы сарбаздармен қақаған қыста Мәскеу түбінің омбы қарына малтыға жүріп, бес рет қоршауды жарып шығып, жалпы саны 27 рет қол бастап ұрысқа кіріп, соғыс тарихында болмаған тактикалық маневрлер жасап, әскери өнерге жаңалық енгізген. Командир Момышұлы жетік стратег, асқан тактик, психолог еді. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері аралығында Вермахтағы Мәскеуге екінші рет шабуылы кезінде Б.Момышұлы басқарған батальон өз дивизиясынан қашықтықта Мотронино селосының маңында Волоколам тас жолында аса ерлікпен соғысты. Комбаттың дарынды басшылығының арқасында неміс әскері бұл маңда 3 күнге іркіліп қалды. Бұл ерлігінен соң жас комбат өз сарбаздарын қоршаудан соғысқа қабілетті жағдайда алып шықты. Алайда аласапыран шақта қысылтаяң жағдайдаға ұшыраған кейбір полктердің батальон, роталарымен байланысы үзіліп, жауынгерлердің қай жерде, қандай халде екенін білу қиынға соқты. Сондай жағдайға ұшырағандардың бірі – Бауыржан басқарған батальон еді. Бауыржан енді шегінудің нақты жоспарын құрды. Батальонның жүретін он бес адамнан құралған барлаушы қойып, взвод-взводпен бөлек-бөлек болып, бірінің ізімен бірін жүргізе жылжуды ұйғарды. Батальон алдындағы барлаушыларды аға лейтенант Рахимов пен саяси жетекші Мұхаметқұл Сләмқұлов басқарды.
Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлеріне түнделетіп жүруді бұйырады. Күндіз қалың тоғайда тыныстап, түнде барлаушылар арқылы белгіленген бағытпен сақтана жүріп отырған жауынгерлер табандылық пен төзімділік көрсетіп, қалың қарағайлы тоғай ішінің қалың қарын омбылай жүре отырып, екі күннен кейін Новлянск пен Ивановск деревниясында панфиловшылардың 1075-полкінің бірінші батальоны тұрады екен. Бұлар әлі шайқасқа қатыспағандықтан тың тұрады.
Әдісқой, тәжірибелі комдив И.В.Панфилов бұл полкті уақытша әдейі резервте ұстап тұр екен. «Б.Момышұлы басқарған батальон түгелдей жау қолынан қаза тауып, жойылып кетті» деген лақапты естіген олар түгелдей аман оралған жауынгерлерді көргенде И.В.Панфилов қуанғаннан көзіне жас алады. Иван Васильевич көптен көрмеген бауырын кездестіргендей Бауыржанды қаусыра құшақтай алып: «Жарайсың сұңқарым!» деп арқасынан қағады.
19 гвардиялық атқыштар полкінің командирі ретінде 1941 жылдың 26-30 қараша күндері гвардия капитаны Момышұлы Мәскеу облысының Соколова деревнясының маңында неміс әскерінің шабуылын 4 тәулік бойы қайтарып, сәтті ұрыс жүргізеді. 1941 жылдың 5 желтоқсанында омыртқаға оқ тиіп, жарақат алады. Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен Аңыз» кітабында Бауыржан өзін санбатқа жеткізгенде дәрігерлер дереу госпитапльға апару керек деп шешкендігін, бірақ ол тапаншамен дәрігерді қорқытып, оқты сол жерде шығаруын бұйырғанын айтады. Оқты алып, жараны таңғаннан кейін ұрыс алаңына қайта оралғандығын жазған. Кеңес әскерлерінің 1942 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы ұрыстарында 8-гвардиялық дивизияның Бауыржан Момышұлы басқарған полк жауынгерлері ерекше көзге түсті. Дивизия екі ай ішінде батысқа қарай 500-600 шақырым алға басып, фашистердің мыңдаған солдаты мен офицерлерін саптан шығарады, жаудың көптеген техникасын жойып жіберді. 1944 жылы Командир болып жүрген кезінде Дубровка деревнясының маңында болған ұрыс кезінде тағы қатты жараланады. Өз айтуынша құймышақпен жерден шығып тұрған темірге құлаған екен. Біраз уақыт атқа отыра алмай және шалқасынан жата алмай жүрді, бірақ госпитальге бармады.
Сол уақыттан 1944 жылдың наурызына дейін госпитальде жатады. Сол жылы Бас Штабының Әскери Академиясының жанындағы офицерлердің біліктілігін арттыру курстарын бітіріп шығады. Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында адуынды да қатал әскери басшы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлерге ақылгөй жетекші, зерделі де білгір, байыпты да мейірман тәрбиеші бола білді. Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының 1990 жылдың 12 желтоқсанында туғанына 80 жыл толуына орай Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ беріледі. Бауыржан Момышұлы 1962 жылы Фидель Кастроның шақыруымен Куба еліне барады. Сапар барысында Куба басшысы Фидель Кастромен кездесудің реті келмей, ол кісіге бірақ інісі Рауль Кастромен кездесіп, ол кісіге үлкен әсер қалдырады. Куба әскерлерінің алдында дәріс оқиды. «Куба әскерлері» туралы кітап жазады. 1982 жылы 10 маусымда 71 жасына қараған шағында Алматыда дүние салады. «Кеңсай» зиратына қойылды.
Шығармалары:
Ұшқан ұя
Москва үшін шайқас
Жауынгерлердің тұлғасы
Майдан
Майдандағы кездесулер
Генерал Панфилов
Төлеген Тоқтаров
Куба әскері
Ел басына күн туса
Адам қайраты (1981 жыл )
Наградалары:
1942 жылы 6 маусымда «Қызыл ту» орденімен;
1944 жылы 6 маусымда «Москваны қорғағаны үшін» медалімен;
1945 жылы шілдеде 1 дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» орденімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен екі рет марапатталады;
КСРО Президентінің 1990 жылдың 11 желтоқсанындағы жарлығымен Б.Момышұлына 1941-1945 жылдары соғыста неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін «Кеңес Одағының Батыры атағы» беріледі (медаль № 11637).
Қорыта келе айтарымыз Бауыржан Момышұлы қазақ тарихынан өз орнын ойып тұрып алған ерекше тұлғалардың бірі. Қазақ жастарының батыр атамыздан алар тәлім-тәрбиесі өте көп.
«Отан үшін отқа түс күймейсің
Арың үшін алыссаң өлмейсің» деген Отанға арналған Бауыржан Момышұлының қанатты сөзі ел есінде мәңгілікке қалмақ. Бауыржан атамыздай ел қорғайтын, намысты ерлеріміз көп болсын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет