Ғылыми конференциясының материалдары



бет41/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   131
Байланысты:
treatise40297

Әдебиеттер

1. Нұрпейіс К. Нұрбапа Өмірзақов-73 // Егемен Қазақстан, 2007. 27 шілде.


2. Елбасы жолдады – елі қолдады. – Астана, 2008. - 1т. – 110 б.
3.Мажитов С.Ф. Алаш қозғалысы: үміт және ұлттық мүдде // Отан тарихы. Ш.Ш. Уалиханов атындағы тарих және этнология институты. – Алматы, 2008. - № 1814-6961. – Б.5-15
4. Нұрпейіс К.Н. Алаш һәм Алашорда. – Алматы: Ататек, 1995. – 256 б.
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ ЖӘНЕ МӘСКЕУ ҮШІН ШАЙҚАСТАҒЫ ЕРЛІГІ

Жұмақадыр Надия (Қазақстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Нусупбаева.С.А.

Бауыржан Момышұлы – Кеңес Одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардиялық полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-мойор И.В.Панфилов басқарған әйгілі дивизияның құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысады. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықтықта, Матронино деревниясының жанында Волоколамск тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізеді. Білікті қолбасшының арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады.


Балалық шағы: Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданында Мыңбұлақ ауылында туылған. Имаш бабасы 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен. Әкесі Момыш өз бетімен ескіше сауат ашқан, кирилица алфавитімен оқуды меңгерген сол кездегі көзі ашық адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болған. Имаш атасы қартайған кезінде барлық шаруашылықты Момыш ұлына табыстаған. Әжесінің есімі – Қызтумас, қартайған шағында ағайын – туыс «сары кемпір» деп атаған. Анасы Рәзия дүниеден ерте өтіп, Бауыржан 3 жасынан бастап Қызтумас әжесінің қолында өседі.
1921 жылы бастауыш мектепті Аса интернатына түседі. 1924 жылдан бастап жеті жылдық мектепті Шымкент қаласында оқиды. Бұл сол өңірдегі 1924 жылы ашылған жеті жылдық мектеп болатын. Бауыржанмен бір сыныпта Әбділда Тәжібаев және Құрманбек Сағындықов оқиды. 1928 жылы мектепті үздік бітіріп, Орынбор қаласындағы Қазақ Педагогикалық институтына оқуға түседі. Институт директоры Тоқтыбаев деген кісі болатын. Жас баланың қатты суықта жұқа киіммен жүргендігін көріп, өзінің кабинетіне шақыртып алады. Баланың қолына бухгалтерияға қағаз жазып беріп, осы қағаз бойынша ақша алатындығын және сол ақша арқылы аулына қайтатынын айтады. Осындай тұрмыс жағдайына байланысты оқудан кетеді.
Отбасы:Бірінші әйелі – Бибіжамал Мұқанқызы Момыш келіні – Бауыржаннан екі жас кіші, ақсары, сұлу кісі болған. Бибіжамал Мұқанқызынан тұңғыш баласы – Бақытжан Момышұлы дүниеге келеді.
Екінші әйелі – Строева Вера Павловна – өнер саласында еңбек сіңірген кісі. Ерінің әдебиетке келуіне себепші болған адам.
Үшінші әйелі – Коркина Клавдия Григорьевна – опера театрының әртісі, цыған қызы. Бұл кісіден Елена Бауыржанқызы дүниеге келді.
Төртінші әйелі – Бахытжамал Калибековна – шет тілдер институтының аспиранты, 13 жыл бірге болған.
Зейнеп Ахметова – келіні, Бақытжан Момышұлының жұбайы, жазушы, қазақы дәстүрлерді насихаттаушы.
Соғыс алдында: 1928-1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық етеді. Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы ретінде қызмет атқарады. Аудандық милицияда 6 айдай жұмыс істейді. 1932-1934 жылдар аралығына Қызыл армия қатарында қызмет етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді. Атқару комитетінде қызметімен көзге түскен Бауыржан Момышұлы Тимофей Дубовиктің қолдауымен Шымкент өнеркәсіп банкінің экономисті болады. Осы қызметте жүрген уақытта 1936 жылы Республика банкінің меңгерушісі Б.М.Барханның жолдамасымен Ленинградтағы Финанс академиясының жанындағы бір жылдық курсты бітіріп шығады. Біліктілігін бағалаған басшылық оны КСРО өнеркәсіп банкінің республикалық басқармасына аға консультант ретінде тағайындайды. 1936 жылы жаңадан құрылған бөлімге взвод командирлігіне шақырылады. Бұл кезде рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі болады. 1939 жылы әкесі Момыш қайтыс болады. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары: 1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы қызметін атқарады. Ұлы Отан соғысында 1941 жылдың қыркүйегінен бастап қатысты. 316 атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене араласып, сол дивизия құрамында майданға атттанады. 1941 жылдың 26 қарашасында маршал Рокоссовский полк командирі етіп тағайындалады.
1941-1945 жылдары Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі, соғыстың соңғы жылдары аталған дивизияның командирі болады. 1942 жылдың 6 маусымында «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталады. 1944 жылы денсаулығына байланысты Алматы госпиталіне жіберіледі. Кезінде жеке басының қаһармандық ерлігімен жеке ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлелді аман-есен алып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет