Ғылыми конференциясының материалдары



бет39/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   131
Байланысты:
treatise40297

Әдебиеттер



  1. «Ақиқаттан аттауға болмайды» Д. Қонаев. (Естелік-эссе), аударған Ғұмыр-дария. Ж.Аупбаев. Алматы.

  2. Ел тұтқа. М.Жолдасбекұлы, Қ.Салғарұлы, А.Сейдімбек. Астана 2001 ж.

  3. Қыдыр ғұмыр. Р.Ниязбек. Алматы. Жалын. 2002 ж.

  4. Тарихи тұлғалар. Танымдық көпшілік басылым. Құрастырған Б.Тоғысбаев, А.Сужикова.

  5. Тұғыры биік тұлға. Х.Ерғалиев. Егемен Қазақстан.

  6. Жаны таза Димекең еді. С.Аққұлұлы. Қазақстан – Заман.

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕГІ


Жұмабек Жайнар (Қазақстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі:оқытушы Ибрагимова М.Н.

Ою-өрнек, орнамент (лат. ornamentum – әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды (үй-іші мүліктері, тоқыма бұйымдар, еңбек құралдары, қару-жарақ), архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған, жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын әрі үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар.


Қазақ халқының ою-өрнегінің тарихы. Қазақстан аумағында ою-өрнектің ең қарапайым элементтері Андронов дәуірінен жеткен көне әшекейлерінен байқалады. Мұндай әшекейлер жал, нүкте, ирек тәріздес болып келеді. Ою-өрнек түрлі геометриялық пішіндерден құралып, зерлеу, дәнекерлеу, оймалау, кестелеу, құйма-жапсыру әдістері арқылы жасалады. Ұлттық ою-өрнек көбіне өзіне тән белгілерінің жүйелерін қазақ халқының қалыптасуымен әрі республиканың қазіргі аумағын мекендеген Азияның басқа да халықтары мәдениетімен тығыз байланыста дамыды. Бұл орта ғасырлық архитектуралық ғимараттардағы көкөніс және геометриялық ою-өрнектерден (Бабажы қатын күмбезі 10-11 ғасырлар, Айша бибі кесенесі 11-12 ғасырлар, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі 13-14 ғасырлар т.б.) айқын көрінеді. Ою-өрнек дәстүрлі тоқыма өнері үлгісінде (гобелен, текемет, алаша, сырмақ), кестеде (киім-кешек, тұрмыстық заттар), ағаш, мүйіз, сүйек, ғаныш, металл мен теріге өрнек салу мейлінше жетілдіріле түсті.
Түрлері: «Мүйіз» қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мүйіз» ою-өрнек кейде ұсақ кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданады. Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «өркешмүйіз», «қошқармүйіз» т.б. түрлерге бөлінеді. «Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши) мен тұрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, ожау, жүкаяқ, торсық, сандық т.б.), сондай-ақ қару-жарақтарда (қынап, оқшантай, садақ), киім-кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады.
«Қосмүйіз»ою-өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді. Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды, киім-кешек, қару-жарақтарды безендіру үшін пайдаланатын қой, ешкі, сиыр, бұғы, марал сияқты жануарлардың қос мүйізін бейнелейтін ою-өрнек. Қазіргі кезде «қосмүйіз» ою-өрнегін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, камзолдың алдыңғы жағына, етіктің қонышына салады.
«Тоғызтөбе»ою-өрнегі ең көне оюлардың бірі болып саналады. Бұл өрнек қимақтар мен қарлұқтардың қолөнерінде сақталған және кезінде «тоғыз-төбе» ою-өрнегі Айша-бибі күмбезін кірпіштерін өрнектеу үшін қолданған. Ал қазіргі кезде қазақ, қырғыз, түрікмен, қарақалпақ қолөнерінде кездеседі.
«Арқармүйіз»деп аталатын ою-өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі. Бұл элемент «қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді. (Кілем, түскиіз, сырмақ, кесте, киім-кешек пен үй жиһаздарында кездеседі).
«Сыңармүйіз» «қосмүйіз», «қошқармүйіз»деп аталатын оюдың тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейтін өрнек түрі. Шебер орналастырылған «сыңармүйіз» өрнек композициясында дараланып тұрмай, жымдасып келеді, үй-жиһаздары мен тұрмыстық заттарға, сондай-ақ киім-кешек, қару-жарақ т.б. бетіне салынатын ою-өрнектің бәрінде кездеседі және текемет, сырмақты әшекейлейтін, жиегіне жүргізілетін өрнектің бір түрі.
«Қошқармүйіз»ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады.Текемет, сырмақ, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде де тігіледі.
«Қырықмүйіз»ою-өрнегі біріне-бірі жалғаса, тармақтала қосылған, көп мүйізден құралған ою-өрнектің бір түрі. Ол көбінесе дөңгелек не төрт-бұрыш ішінде бейнеленеді, кейде бұтақтың ағашы тәрізді тармақталып, жайылып бейнеленеді. Бір-бірімен қосылған бірнеше тармақты көп мүйізді оюлардан құралады. (Түскиіз, тон, кежім, сырмақ, текемет, архитектура сәулет өнерінде молырақ кездеседі).
«Сынықмүйіз»морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі. Бұл ою-өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай-ақ әртүрлі қалталарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісі малдың сынған мүйізіне ұқсайды.
«Төртқұлақ»ою-өрнегінің төрт тармағы зооморфты немесе көгеніс оюларынан құралған, ортасы крест бейнесін жасайды. Төрт тармақтан дөңгелек, «төртбұрыш», «төртжапырақ» құрайтын ою-өрнектер жасалады. Бұл оюлар, кебеже, жүк-аяқ, аяққап, батырлардың шапанының жауырынына, қалқанға, шалбардың тізе тұсына, дөдегенің ортасына немесе шет бұрыштарына салынады.
«Үшқұлақ», «Үшжапырақ»ою-өрнектері барлық қолөнерге тән үш мүйізді, үш жапырақты, үш тармақты болып бейнеленеді. Х-ХІ ғасырда Тараз қаласындағы моншаның қабырғалары үш жапырақты ою-өрнекпен бейнеленген.
«Түйемойын» ою-өрнегі түйенің мойнына ұқсап иіле көтеріліп барып тармақталатын мүйіз оюы. Мұндай өрнек мәнері көбінесе күрделі бір мүйіз оюларымен түтас келеді де «түйемойын» өрнегі сол топта өз алдына оқшауланып өзге денелерден озып тұратын түйенің ұзын мойнына ұқсайды.
«Өркеш»ою-өрнегі түйенің қос өркешін бейнелейді. Сырмақ, текемет, түскиіздерге салынатын ою-өрнек композициясында көбірек кездесетін элемент. Қазақ оюында мал мен аңның қос мүйізін, түйенің қос өркешін, биенің қос емшегін бейнелеу тек симметриялық тепе-теңдік үшін ғана емес, сонымен қатар береке-бірліктің, көбеюдің символын білдіреді.
«Айыр»ою-өрнегі «ашатұяқ», «айыртұяқ» өрнегі кейде «айыр» өрнегі деп те аталады. Пішен ашалайтын айыр құралға ұқсас болып келеді.
«Ботакөз»ою-өрнегі әшекейлі композицияның ортасына салынатын немесе бірнеше қайталанып келіп, шетін көмкеретін жиектеме түзейтін ою. Сырт пішіні ботаның көзіндей дөңгеленген ромбқа ұқсайтын геометриялық ою-өрнек. Бұл орамалдың шетін көмкеретін жиектеме түзейді.
«Қаңқа»ою-өрнегі тоқыма бұйымдарында қолданылады. Малдың құрап қалған сүйегін тұспалдайды. Алаша, басқұр бау т.б. тоқыма бұйымдар негізінде өрнек ретінде салынды.
«Қаpтa»ою-өрнегі төрт түлік малдың дене мүшелеріне еліктеуден шыққан, және сол мүшелердің атымен аталып кеткен. Бұл өрнек түрі ағаш оюда, зергерлік бұйымдарда, кесте тігуде кездеседі. «Қарта» өрнегі жүрекке ұқсаңқырап келеді.
«Қабырға»бұл өрнекте қарама-қайшы түстер қатар алынады. Ақ немесе сары фонда қара өрнек жүргізіледі. Бұл өрнек ағаш бетіне бедер түсіруде, кесте тігуде кездеседі және басқұрға да осы өрнектер жиі бейнеленеді.
«Омыртқа»ою-өрнегін кестелерден, өрме шилерден, сүйек пен ағаштан жасалған бұйымдардан жиі көреміз. Бұл өрнек түрі омыртқаның түрін тұспалдайды, ол әртүрлі үйлесімде түрленіп ою композициясының ортасына және жиегінде қолданады.
«Қайнар»ою-өрнегі малды өлкеде өмірге келген, оюдың түстері салқын түстер гаммасынан кұралады. Бұл ою-өрнек жайылымдар мен суаттардан тапшылық көрген елде пайда болған өрнек мал таңбасына ұқсайды немесе судың бір тамшысынан тұспалдайды. Қазақ ою-өрнегінің негізгі композияциялық құрылымы: жиектік өрнектер – ою-өрнекті жолақ (фриздер, жиектер т.б.). Өсімдік тектес ою-өрнектергүлді өрнектер (шеңбер түріндегі ою-өрнектер, розетка, күн белгісі, т.б.);торлы ою-өрнектер (заттың бетін тұтас жауып тұрады);геометриялық (әр түрлі геометриялық денелерден құралады);зооморфтық ою-өрнектер (жануарлар, яғни аң-құс, балық, әр түрлі жәндіктер т.б.) көкөніс (өсімдіктердің гүлі, жапырағы, сабағы, жәні т.б. элементтері) қиял-ғажайып өрнектер (бойтұмарлар, аспан әлемінің белгісі).Олардың аса маңызды элементтері: қошқар мүйіз, құс таңдай, түйе табан, үш жапырақты, бес жапырақты, т.б. Ою-өрнектің геометриялық элементтері шаршы, ромбы, жұлдызша түрінде), сондай-ақ, көкөніс өрнектері (гүл, жапырақ, бұтақ түрінде) ағаш ұқсатуда, әсіресе үй жиһазы мен ыдыс-аяқтарда, музыка аспаптары мен аңшылық қару-құралдарында сақталып қалды.Бұл мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық қоңыр ою-өрнектерімізді, кәзіргі жаһандық заманда аман сақтап, жастарымыздың бойына ұялата білу біздің парызымыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет